№11 зертханалық сабақ. Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материалдарды алу және олардан вириондар мен вирус денешіктерін анықтау


Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материалдарды алу



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі396,71 Kb.
#118389
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1)
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материалдарды алу.
Зертхана 
жағдайында вирустық ауруларға дұрыс диагноз қою жұмыстары патологиялық 
материалдардың дұрыс алынуына, олардың дұрыс тасымалдануына, құрамында 
вирусы бар материалдарды дайындау сапасы мен зерттеу техникасына 
байланысты болып келеді. 
Ауруға шалдыққан, өлімге ұшыраған немесе амалсыздан сойылған малдардан 
сынамаларды клиникалық белгілері анық байқалғаннан кейін тез арада, өлімге 
ұшыраған немесе амалсыздан сойылғаннан кейін 2-3 сағат аралығында алу керек. 
Себебі ауруға шалдыққан сәтте немесе аурудың 1-2 тәулігінде ішектің барьерлік 
қызметі едәуір төмендеп, қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылап, ішек 
флорасының диссиминациясы (организмге жайылуы) байқалады. Одан кейін 
организмнің қорғаныс механизмдерінің іске қосылуы салдарынан вирустардың 
мөлшері азаяды. Вирустарды бөліп алуға арналған материалдарды алу кезінде 
аурудың ағымын (денеге ену, вирустың организмде таралу, олардың тропикалық 
орны мен бөлінетін жолдарын) ескерген жөн.
Респираторлық инфекция кезінде вирустарды бөліп алуға арналған материал 
ретінде тыныс жолдарының шайындысын, мұрын қуысы мен жұтқыншақ 
жағындыларын, өлімге ұшыраған малдардың трахеясынан қырындылар мен өкпе 
кесіндісін алса; энтеровирустық инфекцияға шалдыққан малдардың нәжісі
нейротроптық инфекцияға ұшырағандарының бас миы мен жұлыны; 
дерматроптық инфекцияға шалдыққан жануарлар терісінің жаңадан зақымдалған 
жерін және т.б., яғни вирустардың көп мөлшері жиналатын жерлерінің 
материалдарын алады. Сонымен қатар вирустарды бөліп алуға арналған 
материалдар болып малдардың экскреттері мен секреттері, органдардың 
кесінділері, қан, лимфа және т.б. табылады.
Қанды жиі жағдайда малдың күре тамырынан, ал шошқалардың құйрық ұшы 
мен құлағынан алады. Вирустарды бөліп алу үшін дефибринделген қан, не оның 
дистилденген сумен 1:1 қатынасындағы қоспасы, немесе қанның жеке 
элементтері 
(эритроциттері, 
лейкоциттері, 
плазмасы, 
қан 
сарысуы) 
пайдаланылады. Вирустарға қарсы түзілген антиденелерді анықтау үшін бір 


малдан, араға 2-3 апта салып, 2 рет қан алады (қан сарысуларының әрқайсысының 
мөлшері 5 мл-ден кем болмауы керек).
Шайындыны малдың мұрын, көз, жұтқыншақ қабырғасының, тік ішек және 
құстар клоакасының кілегейлі қабықшаларынан стерильді тампонмен алып, 
оларды 3-5 мл антибиотик пен белокты стабилизаторлары бар жасуша өсінділерін 
өсіруге арналған қоректік орта немесе Хенкс ерітінділері құйылған флакондарға 
немесе шыны түтіктерге салады.
Ауыз қуысы немесе сілекей бездері зақымдалған малдардың сілекейлерін 
шыны түтіктерге тікелей жинап алады немесе таяқша ұшына бекітілген тампонға 
сіңдіріп алады да, физиологиялық ерітінді құйылған ыдысқа салып, аузын бекітіп 
қояды.
Зәрді катетр көмегімен стерильді ыдысқа жинап алса, нәжісті тік ішектен 
шпательдің немесе таяқша көмегімен алып, стерильді ыдысқа салады.
Везикула сұйықтығын шприц немесе Пастер түтікшесінің көмегімен 
стерильді шыны түтіктерге жинайды. 
Афталарды, тері бетіндегі қабыршықтарды пинцетпен қырып алады. 
Жұлын сұйықтығын асептикалық жағдайда пункциялау арқылы алады. 
Аурудан өлген малдар органдарының кесінділері тез арада алынуы керек. 
Себебі көптеген вирустық инфекция кезінде организм аутостерилизациялану 
феномені байқалып, нәтижесінде олардан вирустарды бөліп алу қиынға түседі 
және өлекселердің бактериялармен ластануы салдарынан сынамалардың 
стерильділігі бұзылады. 
Экспериментальды жолмен жұқтырылған жануарлардан инфекциялық 
материалдарды аурудың агональды кезеңінде сойып, стерильді жағдайда алады. 
Бактериялармен ластанған немесе бүлінген патологиялық материалдармен 
зертханалық жануарлар организмінде, тауық эмбриондары мен жасуша 
өсінділерінде зерттеу жүргізуге пайдалануға болмайды.
Зерттеуге патологиялық материалды пішіні, көлемі, түсі, консистенциясы 
өзгеріске ұшыраған органдардың кесінділерін (мөлшері бірнеше см
3
және 
салмағы 10-20 г болатындай етіп) алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет