№11 зертханалық сабақ. Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материалдарды алу және олардан вириондар мен вирус денешіктерін анықтау


Патологиялық материалдардан вириондар мен вирус денешіктерін



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі396,71 Kb.
#118389
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1)

 
Патологиялық материалдардан вириондар мен вирус денешіктерін 
анықтау. 
Вирустар бір немесе көп жасушалы организм жасушаларының ішінде 
болады. Жасуша ішінде вирустар бір-бірімен байланыспаған РНҚ немесе ДНҚ 
молекулалары (молекула бөлшектері) түрінде кездеседі. Онда вирус белоктары 
туралы генетикалық ақпараттары болады. Генетикалық ақпараттардың іске 
асырылуынан жасуша ішінде вирус белоктарының молекулалары синтезделіп, 
сонда жиналады. Жасуша ішінде вирустың барлық молекулалары (ДНҚ, РНҚ, 
белоктар) сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен (ферменттер, қышқылдар, 
температура, сәулелену, т.б.) қорғанған болса, ал жасуша сыртындағы 
вирустардың құрылымы тез бұзылады.
Молекула аралық күштердің әсерінен көптеген вирустардың құрылымдық 
белоктары өздігінен бір жерге жиналатын, яғни агрегат құратын қасиетті 
иеленген. Әрбір осындай агрегатқа вирустық ДНҚ немесе РНҚ-ның бір ғана 
молекуласы енеді. Кей жағдайда оларға жасуша липидінің қосылуы мүмкін. 
Осындай жолмен пайда болған бөлшектер вирион деп аталады. Вирионның белок 
молекулаларына протеолиттік ферменттер әсер ете алмайды, ал вирустың ДНҚ 
немесе РНҚ молекулалары нуклеаза ферменттерінен және ортаның физикалық 
әсерлерінен қорғанған. Әрбір вирустың вириондары белгілі бір жасуша ішінде 
пайда болады. Вирион түріндегі вирустар белгілі бір уақыт бойы жасушадан тыс 
жағдайда өздерінің биологиялық қасиеттерін жоймайды. Вириондар жасушадан 
жасушаға және бір организмнен екіншісіне миграцияланады. Әртүрлі 
вирустардың вирионы бір-бірінен пішіні, мөлшері, құрылымы мен қасиеттері 
жағынан өзгешеленеді. Бірақ барлық вирустар вириондарының ортақ қасиеттері 
де болады. Әр вирионның құрамы бір ғана ДНҚ немесе РНҚ молекуласынан және 
морфологиялық бірлігі түрлі пішіндегі бір немесе бірнеше белок молекуласынан – 
капсомерден тұрады. Белгілі бір тәртіпте орналасқан капсомерлердің барлықтары 
капсидті құраса, ал олар нуклеин қышқылдарымен бірге – нуклеокапсидті 
(нуклеопротеидті) 
құрайды. 
Кейбір 
вирустардың 
вириондарында 
нуклеокапсидтен басқа сыртқы немесе суперкапсидті қабықшасы болады. 
Вириондар суперкапсидті жасушадан шығу кезінде жасуша қабықшасының бір 
бөлігін өзіне алады. Кейбір вирустар (тұмау вирусы) вириондарының қосымша 
липидтер мен белоктардан тұратын аралық қабықшасы (М-қабықша) болады.
Нуклеин қышқылы молекуласының айналасында капсомерлер спираль және 
куб тәрізді орналасады. Бірінші жағдайда капсомерлер нуклеин қышқылының 
айналасында шиыршықтала орналасып, бірыңғай нуклеопротеидті құрайды. 
Мұндай вириондар таяқша (тіпті жіпше) тәрізді пішінді құрайды. Бұлардың 
суперкапсидті қабықшалары болмайды (көбіне өсімдіктердің вирустары жатады). 
Спираль тәрізді вириондарға жануарлардың ортомиксовирустары да жатады. 
Олардың шиыршықтанған нуклеопротеидтері шумақталып оралған, сыртында 
қабықшасы бар, пішіні дөңгеленген, сопақша, кейде оқ тәрізді болып келеді.


Жануарлардың көптеген вирустары вириондарының капсомерлері кубтық 
типті симметрияны және көп жақты, жиі жағдайда икосаэдр тәрізді пішінді 
құрайды.
Вириондар таяқша немесе квазисферикалық (икосаэдрлық) пішінді болып 
келеді. Олардың мөлшерлері 10 мен 350 нм аралығында, яғни көзге көрінетін 
жарық сәулесінің жартысынан аз болғандықтан, вириондар жарықтық 
микроскоппен көрінбейді.
Әдетте вириондар мен олардың құрылымдарын тек электрондық 
микроскоптың көмегімен анықтап қарауға болады. Тек шешек вирусының 
вириондарын ғана жарықтық микроскоппен қарауға болады. Себебі олардың 
мөлшері 300-390 нм аралығында болады. Жарықтық микроскоп арқылы шешек 
вирусының вирионын анықтау әдісі вирусоскопия деп аталады.
Көптеген вирустардың репродукциялануынан жасушаның ішінде вирус 
денешіктері пайда болады. Вирус денешіктері цитоплазмалық және ядро ішілік 
болып бөлінеді. Табиғатта бұлар жасушада қалып қойған бірнеше мыңдаған 
вириондардың жиынтығы немесе вириондардың репродукциялануының әсерінен 
өзгеріске ұшыраған жасуша материалы, не болмаса вириондардың құрамына 
енбей, жиналып қалған вирус белоктарының қалдықтары, не сол элементтердің 
комбинациялары. Вирус денешіктерінің көлемі әрең көрінетіннен жасуша 
ядросының көлемімен бірдей, ал олардың бір жасуша ішіндегі саны 1 мен 10-12 
аралығында болады. Құтырық вирусының әсерінен жүйке жасушаларының 
цитоплазмасында түзілетін денешіктер Бабеш-Негри деп аталады. Құс шешегінің 
вирусы эпителиальды жасуша цитоплазмасында – Боллингер денешігін, 
сүтқоректілер шешегінің вирусы – Гварниери денешігін, етқоректілер вирусы – 
Лентц денешігін, ал тауықтардың жұқпалы ларинготрахеиті – Зейфред денешігін 
түзеді.
РНҚ-ды вирустар цитоплазмалық вирус денешіктерін, ал ДНҚ-ды вирустар 
ядро ішілік вирус денешіктерін құрайды. Вирустардың кейбір түрлері 
цитоплазмалық және ядро ішілік денешіктерді түзеді.
Әртүрлі вирустардың жасуша ішінде түзілетін вирус денешіктерінің өзіне тән 
қасиеттері, бояғыштармен боялуы, көлемі, пішіні, құрылымы мен денешіктердің 
орналасқан жерлері түрліше болып келеді. Сондықтан ауруға шалдыққан 
малдардан алынған материалдардан дайындалған препараттарды зерттей отыра 
вирус денешіктерінің қандай вирустардың (құтырық) әсерінен пайда болғанын 
анықтауға мүмкіндік береді. Көп жағдайда вирус денешіктерін анықтау тек 
қосымша диагностикалық әдіс ретінде пайдаланылады. 
Вирус денешіктерін анықтау үшін зерттеуге арналған материалдардан 
жағынды немесе таңба жасап, арнайы әдістермен бояйды да, микроскопиялық 
зерттеу жүргізеді. Түрлі вирустардың түзген вирус денешіктері әртүрлі арнайы 
әдістермен боялады. Қазіргі уақытта жағынды препараттарды бояудың түрлі 
рецепттері бар. Олардың ішінен әмбебап тәсілдің бірі болып, гемотоксилин-
эозинмен бояу саналады.
 
Бақылау сұрақтары:
1 Ауру малдардан вирусологиялық зерттеуге материалдарды алудың 
жалпы ережесі. 2 Патологиялық материалдар қалай консервацияланады және тасымалданады? 3 
Патологиялық материалдарды зерттеуге дайындау тәсілдері. 4 Вириондар дегеніміз не, оны 
анықтау жолдары? 5 Түрлі вириондардың құрылысы мен пішіндері. 6 Вирус денешіктері 
туралы түсінік, оларды қалай анықтайды? 7 Вирус денешіктері мен вириондарды анықтаудың 
диагностикадағы маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет