арналған патологиялық материалдан бір мезгілде, қосымша зат шынысының
бетінде жағынды жасап, бекітіп жібереді.
Патологиялық материалдар салынған шыны түтіктер
мен флакон сыртында
материалдың атауы, қандай малдан алынғандығы туралы мәліметтер көрсетілген
заттаңбасы (этикетка) болуы керек. Зерттеуге арналған сынамалар салынған
термостарға картоннан немесе жұқа тақтайдан жасалған бирка іледі. Онда
шаруашылық атауы, мал түрі, материалдың түрі мен алынған күні көрсетіледі.
Алынған патологиялық материалдар жануарлар
туралы толық мәліметтер,
шаруашылықтың эпизоотологиялық көрсеткіштері, жорамалданған диагнозы мен
ауруды жоюда қолданылған шаралары (емдеу, вакцина егу, т.б.), сонымен қатар
сынамаларды алған мал дәрігердің аты-жөні мен күні
көрсетілген жолдама
құжатпен бірге жөнелтіледі. Зертханаға жеткізілген сынамалардан вирустарды
бөліп алу жұмыстары тез арада жүргізілуі керек. Егер әлде бір себептерден
зерттеу жұмыстары
кейінге шегерілетін болса, онда материалдарды минус 40-
70ºС температурада сақтау қажет. Қан, жұлын сұйықтығы, зәр, қырынды мен
жұтқыншақ шайындыларындағы вирустардың
көпшілігі мұздатуға шыдамай, тез
арада белсенділігін жоғалтады.
Достарыңызбен бөлісу: