111. Ксро ұлттар Лигасына мүше болған жыл: a 1934 ж



Дата24.02.2023
өлшемі26,83 Kb.
#170021

111. КСРО Ұлттар Лигасына мүше болған жыл:
A) 1934 ж.
B) 1936 ж.
C) 1949 ж.
D) 1939 ж.
E) 1924 ж.
F) 1941 ж.
G) 1929 ж.
H) 1944 ж.
Жауабы: А

112. Хеопс пирамидасының шамамен салынған уақыты:


А) Б.з.б. 260 жылы
В) Б.з.б. 60 жылы
С) Б.з. 2600 жылы
Д) Б.з.б. 600 жылы
Е) Б.з.б. 2600 жылы
Жауабы: Е

113. Буддизмді қабылдаған үнді патшасы:


А) Чандрагупта
В) Ашок
С) Маурия
Д) Ракша
Е) Хануман
Жауабы: В (бұл сұрақ бірнеше жауапты тапсырмалардың арасында да бар)

114. Феодалдық қоғамға көшу жылы деп саналады:


A) 500 жыл
B) 476 жыл
C) 51 жыл
D) 1640 жыл
E) 800 жыл
Жауабы: В

115. Египетті ең алғаш біріктіруші патша:


А) Тутмос
В) Рамзес
С) Аменхотеп
D) Менес
Е) Тутанхамон
Жауабы: D

116. 1920 жылы Сан-Ремо келісіміне сәйкес Англия протектораттығын орнатқан елдері:


A) Палестина, Ирак
B) Қытай, Солтүстік Корея
C) Лаос, Сингапур
D) Египет, Алжир
E) Сирия, Алжир
Жауабы: А

117. 1920 ж. Франция өз протектораттығын орнатқан ел (-дер):


A) Пәкстан
B) Эфиопия
C) Палестина
D) Сирия
E) Ливан
F) Ирак
G) Түркия
H) Египет
Жауабы: D, E
1920 жылғы сәуірде Сан-Ремо келісіміне сәйкес, Франция Сирия мен Ливанға, Англия Палестина мен Иракқа өз протектораттығын (қамқоршылық) орнатты.

118. Ортағасырлық Африка мемлекеттері:


A) Гана
B) Кордова
C) Эфталит
D) Аксум
E) Сонгай
F) Гупта
G) Харши
H) Цейлон
Жауабы: A, D, E
(Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттiң бiрi АКСУМ болды. Ол қазiргi Эфиопия мемлекетiнiң солтүстiгiнде III ғасырға қарай құрылған болатын.
VIII ғасырға қарай Африка құрлығының батысында ГАНА мемлекетi күшейе бастады. IX ғасырда ол көршiлерi – көшпелi берберлер мен жиi соғысып отырды.
Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттердiң бiрi МАЛИ болды. Оның қалыптасуы VIII ғасырға жатады. XI ғасырда билiк құрып тұрған әулет ислам дiнiн қабылдады. XVI ғасырда Малидың саясиэкономикалық құлдырауы бас талды. Оған көршi Сонгай, Текрур патшалықтары шабуыл жасап тұрды. XVII ғасырдың екiншi жартысына қарай Мали қатты әлсiреп, шағын кiнәздiкке айналды. Мали мемлекетi әлсiрей бастағанда оның шығысындағы СОНГАЙ мемлекетi күшейiп келе жатты. Ол тәуелсiздiгiн XV ғасырдың басында жеңiп алды).

119. Гладиаторлар шайқасы ойын - сауық түріне айналды:


А) Б.з.б. I ғ.
В) Б.з.б. IV ғ.
С) Б.з.б. IІІ ғ.
D) Б.з.б. ІІ ғ.
Е) Б.з.б. V ғ.
Жауабы: А

120. Ежелгі Египет мектебі даярлаған маман (-дар):


A) Егіншілер
B) Емшілер
C) Мұғалімдер
D) Абыздар
E) Перғауындар
F) Хатшылар
G) Жауынгерлер
H) Қолөнершілер
Жауабы: D, F

121. Қытайдағы Цин империясының өмір сүрген жылдары:


A) 1661-1901 жж
B) 1684-1913 жж
C) 1683-1912 жж
D) 1685-1911 жж
E) 1683-1911 жж
F) 1662-1910 жж
G) 1681-1912 жж
H) 1661-1983 жж
Жауабы: С
(XVII ғасырдың 40-жылдары маньчжурлар Қытайға бiрнеше рет басқыншылық жорықтар жасаған болатын. 1644 жылы көктемде маньчжурлар мен У Саньгуйдiң әскерi бiрiгiп, Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Қытайды азат етуге кiрiседi. Пекиндi басып алған маньчжурлар Қытай императорының тағына Абахайдың кәмелеттiк жасқа толмаған баласын отырғызады. Бұл император (аты Шунчжи) Қытайды 1661 жылға дейiн биледi. Қытай халқы маньчжурлардың билiгiне қарсылық көрсетiп бақты. Маньчжурлар бұл қарсылықтарды күшпен жаныштап, бүкiл Қытай жерiн бағындыруды 1683 жылы ғана аяқтайды. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билiгi орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейiн Цин империясы деп аталады. Қытай жатжерлiк маньчжурлардың үстемдiгiнде өмiр сүрдi).

122. ХVІІ ғасырда араб елдері бағынышты болды:


A) Францияға
B) Ресей империясына
C) Осман империясына
D) Испанияға
E) Англияға
Жауабы: С

123. Гректерде діни наным-сенім пайда болған мерзім:


A) Б.з.б.ІІ-І ғасырлар
B) Б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлар
C) Б.з.б. V-ІV ғасырлар
D) Б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырлар
E) Б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлар
Жауабы: Е

124. Балқан түбегінің Оңтүстік Пелопоннес аймағында орналасқан мемлекет:


A) Спарта
B) Рим
C) Грекия
D) Македония
E) Афины
Жауабы: А

125. Қытайда бірінші және екінші апиын соғыстары болған жылдар:


A) 1836-1846 жылдары
B) 1850-1860 жылдары
C) 1856-1860 жылдары
D) 1840-1842 жылдары
E) 1846-1860 жылдары
F) 1856-1870 жылдары
G) 1844-1846 жылдары
H) 1858-1868 жылдары
Жауабы: С, D
(1840-1842 жылдары болған бiрiншi апиын соғысында ағылшындар жеңiске жетiп, Цин империясын тiзе бүктiрдi. Қытай жеңiлгенiн мойындап, еуропалықтармен әдiлетсiз Нанкин келiсiмшартына қол қойды. Бұл келiсiмшарт бойынша Қытай ағылшындар үшiн тағы да бес портты ашық деп жариялауға, орасан зор мөлшерде Қытай үйлерiнiң құрылысы өтемақы (контрибуция) төлеуге мәжбүр болды. Отаршылдардың қысымымен “Гунхан” сауда монополиясы жойылды. Нанкин келiсiмiнен кейiн Цин империясы жартылай отар елге айналып, шетелдiктерге тәуелдiлiкке түстi. Осыдан кейiн Англия мен Франция бiрлесiп, Қытайды отарлауды кеңейту үшiн екiншi апиын соғысын бастады. 1856-1860 жылдары болған екiншi апиын соғысы кезiнде Қытайдың iшкi жағдайы да өте ауыр халде болатын).

126. Қосөзен бойын алғаш мекендеген халық (-тар):


А) Египеттіктер
В) Финикиялықтар
С) Шумерліктер
D) Аккадтар
E) Хеттер
F) Вавилондықтар
G) Иудейлер
H) Гутеиліктер
Жауабы: С, D
481. Ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін құрған тұлға(-лар):
A) Э. Хит
B) К. Этли
C) Т. Блэр
D) С. Болдуин
E) А. Иден
F) У. Черчилль
G) Р. Макдональд
H) Г. Макмиллан
Жауабы: G

482. 1970-1980 жылдары КСРО ел ішіндегі азамат соғысына араласып, әскери кеңесшілерін жіберген мемлекет:


A) Ангола
B) Пәкстан
C) Қытай
D) Үндістан
E) Моңғолия
Жауабы: А
1970-1980 жылдары КСРО Африкадағы оқиғаларға килігіп, Сомали-Эфиопия соғысына араласты. Анголадағы азамат соғысына әскери кеңесшілерін жіберді.

483. 1986 жылы ядролық қаруды таратпай туралы келісімге қосылмаған ел(-дер):


A) Малайзия
B) Пәкстан
C) Венгрия
D) Израиль
E) Англия
F) Үндістан
G) Франция
H) Қытай
Жауабы: B, D, F,
(1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы үкім шығарды. Бұдан кейін Ресей, АҚШ, Англия, ал 1996 жылы Франция және Қытай сынақтарын тоқтатты. Ядролық қаруды таратпау туралы келісім 1986 жылы жасалды. Бірақ оған қосылмай жүрген Израиль, Үндістан, Пәкстан елдері ядролық қаруға ие болды.)

484. XVIII ғ. Қытайдағы ірі тоқыма орталығы (-тары):


А) Құлжа
В) Ханьян
С) Үрімші
D) Нанкин
Е) Чунцин
F) Сучжоу
G) Пекин
Н) Шанхай
Жауабы: D, F, Н
(XVII-XVIII ғасырларда Қытайдағы ең iрi тоқыма орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханчжоу, Шанхай және т.б. қалалар жатты. Бұл қалаларда шығарылған Қытайдың жiбек, мақта мата бұйымдары дүниежүзiне белгiлi болды.)

485. Атеистер-


A) ымыраға келмеушілер
B) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар
C) Материяны, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух соңғы деп танушылар
D) Сананы, рухты, ойды алғашқы деп танушылар
E) Католик дінін ұстанушылар
Жауабы: В

486. 2003 ж. Иракқа қарсы соғыс ашқан ел:


A) АҚШ
B) Иран
C) Үндістан
D) Германия
E) Ресей
Жауабы: А
АҚШ -тың саясаты халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталуда. 2003 жылы наурызда Иракқа қарсы соғыс ашып, С. Хусейн режімін жойды.

487. 1861-1865 жылдардағы АҚШ-тағы Азамат соғысының маңызды салдарының бірі:


A) президенттік биліктің күшеюі
B) республикалық партия құрылды
C) демократиялық партия құрылды
D) скветерлік саясаттың күшеюі
E) «Монро» доктринасы қабылданды
Жауабы: А

488. Құдайды жоққа шығарушы құдайсыздар:


A) Атеистер
B) Саудагерлер
C) Ақсүйектер
D) Идеалистер
E) Ағартушылар
Жауабы: А

489. 1889 жылы Германия Конституциясының үлгісін қабылдаған ел:


A) Англия
B) Франция
C) Ресей
D) Жапония
E) Қытай
Жауабы: D
(1889 жылы Жапония үшiн неғұрлым тиiмдi Германия конституциясының үлгiсiндегi конституция қабылданды. Конституция бойынша императорға кең құқықтар берiлдi. Оның жекебасы “қасиеттi және кепiлдi” деп жарияланды.)

490. 1999-2000 жж тағдыры дүние жүзін назар аудартқан Косоводағы ұлт:


A) түрік
B) хорват
C) албан
D) серб
E) словак
Жауабы: С
1999-2000 жылдары Косоводағы албандар тағдыры дүниежүзі назарын аударды. Осы мәселеге НАТО араласып, мұсылмандарды қудалау тоқтатылды.

491. Франциядағы 1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі:


A) азамат соғысын тоқтату
B) шіркеуді мемлекеттен бөлу
C) әскери билікті құлату
D) құлдықты жою
E) шаруаларға жер беру
F) абсолюттік монархияны құлату
G) билікпен ымыраға келу
H) отар иелену
Жауабы: F
(1789 жылғы революцияның басты саяси жетiстiгi буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттiк билiктi құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып Құрылтай жиналысы танылды, оған мүше болғандар, негiзiнен, буржуазия өкiлдерi едi. Жергiлiктi билiк те буржуазияның қолына көштi. Осылайша Францияда аса маңызды тарихи оқиға- мемлекеттiк билiктiң буржуазияның қолына өтуi жүзеге асты.)

492. 1920 ж. сәуірде Сан-Ремо келісіміне сәйкес Францияның протектораттығы орнатылған мемлекеттердің бірі


A) Ирак
B) Кувейт
C) Түркия
D) Палестина
E) Сирия
Жауабы: Е

493. 1709ж. 27 маусымда І Петр армиясы шведтерді жеңген шайқас:


А) Куликово
B) Бородино
C) Нева
D) Полтава
E) Пуатье
Жауабы: D

494. 1872 жылы Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі:


A) Армстронг
B) М.Дэвид
C) С.Роус
D) Виккерс
E) Ю.Рейтер
Жауабы: Е

495.1815ж. 18 маусымында Наполеон Бонопарттың соңғы шайқасы болған жер:


A) Ватерлоо түбінде
B) Лейпциг түбінде
C) Бородино даласында
D) Аустерлиц қаласында
E) Трафальгар мүйісінде
Жауабы: А

496. 1939 жылы фашистік Германия басып алған ел:


A) Ресей
B) Ұлыбритания
C) Польша
D) Бельгия
E) Франция
Жауабы: С

497. 1919 жылы Ватиканның қолдауымен Италияда құрылған партия (-лар):


A) Республикалық
B) Федералдық
C) Христиандық
D) Демократиялық
E) Фашистік
F) Хартиялық
G) Халықтық
H) Коммунистік
Жауабы: G
(Соғысқа дейінгі Италия парламентіндегі буржуазиялық саяси ағымдар әртүрлі топтардан (либералдар, республикашылдар, радикалдар және т.б.) тұрды. Олар өздері сайланған аудандармен байланысы нашарлаған соң басшылық маңына топтасты. Осы топтардың ішінде Италияның Социалистік партиясы нағыз саяси партия болды. 1919 жылы Ватиканның қолдауымен католиктік топтарды жақтаушы тұңғыш буржуазиялық Халықтық партия құрылды.)

499. Абтракционизмнің негізін салушы (-лар):


A) А.Чехов
B) П. Мондриан
C) У.Фолкнер
D) Б.Брехт
E) В.Кандинский
F) Г.Ибсен
G) Ф.Мориак
H) Л.Арагон
Жауабы: В, Е
(Абстракционизм — модернизмнің ерекше формасы, қоғамға қарсы шығу және дүниені қарапайым құралдар- мен бейнелейтін шынайы бейнені дәйекті қирату ретінде пайда болды. Абстракционизмнің негізін салушылар, негізінен, Германиядағы орыс суретшісі В.Кандинский (“Көпір тобы” мен “Көгілдір салтанатты”), голландтық П. Мондриан мен супрематизмді жасаушы К. Малевич болып есептеледі.)

500. Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстардың себебі:


A) Арарат таулары үшін
B) Каспий теңізі үшін
C) Таулы Қарабақ үшін
D) Апшерон түбегі үшін
E) Севан көлі үшін
Жауабы: С
(Кавказ, Орта Азия, Днестр маңы аймақтары ірі қарулы қақтығыстар ошағына айналды. Сондай-ақ олардың қатарына Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан мен Армения араларындағы соғыс, Грузиядағы Абхазия, Оңтүстік Осетия және Аджария мәселесі, Молдавиядағы Шығыс Днестр маңы тартысы, т.б. жанжалдар халықаралық жағдайды шиеленістіре түсті.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет