пстх



Дата17.05.2021
өлшемі31,22 Kb.
#113151
Байланысты:
пстх
опорный конспект (1), Осож 4

Мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Күні: 17.05.2021
Тобы: МДБ-Н-19к
Пәні: КМ 05 Психология
Оқытушы: Сактапбергенова М
Студент: Баратқызы Жансая


Үй тапсырмасы
1.Патопсихология пәні, мақсаты және міндеттері.
Патопсихология гр. тілінен аударғанда - бұзылу, ауытқу деген мағынаны білдіреді. Патопсихология - психикалық процестердің бұзылуын зерттейтін негізгі
ғылым.
Патопсихология психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын, психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра отырып зерттейді, психикалық сараптама жүргізу мақсатымен эксперименталды-психикалық зерттеу әдістерін үйретеді. Патопсихология
бойынша жүйелі түрде теориялық және әдістемелік негіздері ашылуы керек, соның ішінде нейропсихологияның негіздері, бала дизонтогенезі мәселелері әлеуметтік патология, соматикалық медицинаның психологиялық мәселелері, тұлғаның құбылыс жағдайының,
мамандық деонтологиясының психологиялық аспектілері және т.б. Бұл отандық клиникада қолданылмаған патопсихологияның мүмкіншіліктерінің ішінде психикалық, денсаулық мәселелерін талқылау, норма және патология мәселелерінің кросс-мәдениеттік аспектілерін, ғылым жүйесіндегі патопсихологияның орны, оның әлеуметтанумен, философиямен, әлеуметтік саясаттанумен және т.б. әлеуметтік тәжірибе салаларымен өзара байланысты.
Патопсихология сараптамаларының нәтижелері бойынша диагноз қойылады, әскерге жарайтындығын не, жарамайтындығын, сот алдында кінәлі ме, әлде кінәлі емес екендігі шешіледі. Сондықтан, патопсихология ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қоса, психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.


2.Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы реферат
Патопсихология тарихы психиатрия неврология және тәжірибелік психологияның дамуымен байланысты.
ХIХ ғасырдың соңында психология оймен даму сипатын бірте- бірте жоғалта бастады, оны зерттеуге жаратылыстану әдістері енгізілді. В. Вунд және оның шәкірттерінің тәжірибелік әдістері психияторлық емхана – Крепшин Э (1879) емханасына , францияның Сальпетриер (1890) қаласындағы ірі психиаторлық емханаға енгізілді, онда лабароториялар Ресейдің психиаторлық емханаларында да ашылды Қазан қаласындағы В.М. Бехтерев лабораториясы (1885), Мәскеудегі С.С. Корсаков (1886), сосын Юрьевтегі В.Ф Ччжа лабороториясы, Киев қаласындағы И.А Сикорский лабораториясы және т.б.
Біздің ғасыр қарсаңында кейбір ғалымдар психология ғылымының жаңа саласының пайда болатындығы туралы айтқан болатын. В.М. Бехтерев былай деп жазады: Ауру төсегінің жанында психикалық бұзылулардың айтарлықтай дәрежеде клиникалық зерттеуге міндетті, психиатрияның жаңа табыстары патологиялық психология деген атпен танымал білімнің ерекше бөліміне қызмет етті, ол өте көптеген психологиялық мәселелерді шешуге алып келді, және бұған қатысты болашақта бұдан да көп мәселелерді шешетініне еш күмәнсіз сенуге болады.
Психиканың бұзылуы табиғат тәжірибесі ретінде қарастырлады, оның үстіне көп бөлікті қамтитын күрделі психологиялық құбылыстардың, тәжірибелік психологның тәсілі болған жоқ . « Ауру талдаудың жіңішке қаруына айналады , - деп жазды Р.Рибо – ол біз үшін, ешқандай жолмен жүзеге асыруға болмайтын тәжірибелер жасайды(жинайды).
Алғашқылардың бірі болып, патопсихология бойынша қорытындыланған жұмыстарының бірін « Психопотологияны психологияға қолдануда» атты еңбекте – швейцар психиатры Г. Штерринг былай деп жазды, шынайы өмірдің сол немесе басқа құрама элементінің ауру нәтижесінде өзгеруі, оның қандай құбылыстарға қатысатынын және құрамына кіретін құбылыс үшін қандай мәні бар екендігін бөлуге мүмкіндік береді. Патологиялық материя жалпы психологиядағы жаңа мәселелерді белгілеуге септігін тигізеді, оның дамуына әсер еткенше. Одан басқа, патологиялық құбылыстар психологиялық теорияларды бағалаудың өлшемі болып табылады.
Біздің ғасырымыздың 20 – жылдарында медициналық психология бойынша танымал шет ел психиаторларының еңбектері пайда болды. Э. Кречиердің «медициналық психологиясы» және П. Жаненің «Медициналық психологиясы» онда автор психотерапия мәселелеріне тоқталды. Отандық патопсихологияның дамуы мықты табиғи – ғылыми дәстүрлердің болуымен ерекшеленеді. И.М Сеченов психология мен психиатрияның бір – біріне жақындауына үлкен мән берді. М. А. Волковаға 1876 жылы жазған хатында өзінің «Аққу әні» деп аталған медициналық психологияны жасауға кіріскенін атап өтті. Ол психология туралы былай деп жазды « Ғылым бұл психология негізі болуы мүмкін , бәрібір физиология ретінде дене патология негізінде жатыр.
Бірақ И. М. Сеченов психологияның жаңа саласын дамыта ашады. Ресейдегі патопсихологиялық бағыттың негізін қалаушы психикалық қызметтің бұзылуын кеңінен тәжірибелік психологиялық зерттеуді ұйымдастырушы В. М. Бехтерев болды.
Рефлекторлық концепция өкілі В. М. Бехтерев интроспекцияны ғылым саласынан оны жалғыз ғылыми әдіс обоьективтік деп жариялай отырып қуды. Бірақ белгігі болғандай интроспакті психология мен күрес логикасы диалектикалық материализімді меңгермеген В. М. Бехтеревті психиканың сыртқы көрінулерін абсалюттегі тек психологиялық атауларды қолданудан бас тартуға ғана емес, сонымен бірге субьективтік әлемге енуге әрекет етуденде бас тартуға, рефлексалогияны құруға алып келеді. Және бұл оның шәкірттері мен қызметткерлерінің патопсихологиялық зерттеулерінде байқамай қоймады. Рефлекстік принцип психиканың обьективтік көрінулерін өзінің психологиялық талдауды зерттеуді жоққа шығарды.
Одан басқа патопсихологиялық зерттеулердің басым көпшілігі В. М. Бехтерев шығармашылығының рефлекторлыққа дейінгі кезеңінде, Петербургтегі әскери медициналық академияның жүйке және психикалық аурулар емханасымен лабароториясында жүзеге асырылды.
Патопсихологиялық зерттеулердің диапозоны туралы В. М, Бехтеревтың жетекшілік етуімен орындалған мынадай докторлық дисертациялар бойынша жорамалдауға болады. Ақыл есінен қимылсыздығы үдеген ауруларды тәжірибелік психологиялық зерттеулер. Л. С. Павлов (1907) М. И. Аствацатуровтың « Клиникалық және тәжірибелік зерттеу » еңбегі (1908) « Созылмалы алғаш есі ауысқан аурулардағы ассоциациялар сипаты » В. В Абрамовтың (1911) есі ауысқандар шығармашылығын және басқада (интелектуалдық) танымдық қызметтерін обьективтік психолгиялық зерттеу және т.б.
В. М. Бехтерев мектебінің жұмыстарынан әртүрлі категорияны құрулардың ассоцациялық қызметі, ойлауы , сөйлеуі ақыл ой мен жұмыс істеу қабілеттілігінің сәйкес жастағы жынысы және білімі сәйкес дені сау адамдармен салыстырсалы ерекшеліктері туралы нақты бай материал алынды. Өзінің психологиялық талдауынан кету іс жүзінде В. М. Бехтерев ұсынған жеке тұлға принципіне қарама - қайшы келді. Ауру адамның жеке тұлғасы және оның экспериментке қатынасын экспериментатор еш қараусыз қалдырмайды. Ауруда обьективтік бақылау бере алатынның бәрін мимикадан бастап және аурудың өтініші мен мінез – құлқы назарға алынуы тиіс. Бұл қарама – қайшылық рефлексология принциптеріне қарамастан В. М. Бехтерев мектебі өкілдерінің нақты зерттеулеріне психологиялық талдаудың өтуіне алып келді. Оған 1907ж шыққан М. И. Аствацатуровтың «сөйлеудегі негативизімнің пайда болуы» атты еңбегі мысал бола алады. Аурудың сөзі бұл зерттеуде біртұтас мінез – құлық жүйесінде талданады, аурудың басқа жағдайлардағы сөйлеуімен эксперименттік әңгімелесудегі сөйлеу ерекшеліктері салыстырылады, ұқсас сөйлеу реакцияларының әр түрлі табиғаты болуы мүмкін екендігі ескеріледі.
В. М. Бехтерев мектебінде қабылданған психологиялық қызметтің бұзылуын сапалы түрде талдау принципі отандық психоглогияның дәстүрі болды. В. М. Бехтерев , С. Д. Владычко, В. Я. Анфимов және мектептің т.б. өкілдері ақыл есі ауысқандарды тәжірибелік психологиялық зерттеуден көптеген әдістемелерін жасады.Олардың кейбіреулері кеңестік патопсихологияда көбірек қолданылатындардың қатарына кіреді.
В. М. Бехтеревтің, С. Д. Владычко тұжырымдаған, қазіргі заманғы ғылымға арналған әдістемелерге қойылатын талаптар өз мәнін сақтап қалды.
1) Қарапайымдылық (эксперименттік міндеттерді шешу үшін зерттеушілер ерекше білім дағдыларды менгеруі міндетті емес.)
2) Ауруды лабароториялық жағдайдан тыс тікелей төсегінде зерттеу мүмкіндігі.
3) Жасы, жынысы, білімі, сәйкес келетін дені сау адамдарға көптеп алдын ала сынақ жүргізу әдістемесі.
Отандық тәжірибелік психологияның бағытын анықтауға В. М. Бехтеревтың шәкірті негізін салған психоневрологиялық иституттағы психологиялық лаборатория меңгерушісі, А. Ф. Лазурский негізгі роль атқарды.
А. Ф. Лазурскийдің « жалпы және тәжірибелік психология атты кітабының алғы сөзінде Л. С. Выготский былайдеп жазды – ( яғни А. Ф. Лазурскийдің эмперикалық психологияны ғылыми психологияға айналдыру жолында болған зерттеушілерге жататындығын жазды.
Жеке және педагогикалық психологияның мәселелерін талдай отырып, А. Ф. Лазурский патопсихологияға үлкен мән берді. Жан патологисының тапқан мәліметтер қайта қарауға мәжбүр етті. Ол көптеген жағдайларды қалыпты психологияның көптеген маңызды бөлімдерін негізі қайта өңдеуге мәжбүр етті. Патология адамның жан дүниесінің қасиеттерін қарастыруына мүмкіндігін береді.
А. Ф. Лазурский тәжірибелік әдістемелік салада жаңалық табушы болды. Ол экспериментті күнделікті өмірдің дағдылы жағдайларныда қолдана отырып, оның психологиядағы шекараларын жылжытты және іс - әрекеттің нақты формаларын тәжірибелік зерттеудің құралы етті. А. Ф. Лазурский жасаған табиғи тәжірибе алғашында педагогикалық – психологияға арналған емхана енгізді. Әрине мұндай экспериментті емхана жағдайында жүзеге асыру әдеттегі оқу қызметі барысында белгілі бір образбен сабақ бағдарламасында құруға болатын тәжірибелік тапсырмалар беруге болатын мектептегіге қарағанда неғұрлым күрделірек болды. Емханада табиғи эксперимент аурулардың бос уақытын оның көңіл – күйін көтерулерін ұйымдастыру барысында қолданылды. Арнай мақсатта есептеу тапсырмалары, регустар, жұмбақтар мәтініндегі бос әріптермен буындардың орнын толтыру және т.б. тапсырмалар берілді.
Клиникалық психологияда екінші орталық С. С. Корсатовтың Мәскеудегі психиаторлық клиникасы болды. Бұл емханада 1886ж бері Ресейдегі ешінші А. А. Токарский басқарған психологиялық лобароторияны ұйымдастырды. Психиатрияның прогресивті бағыттарының барлық өкілдері сияқты С. С. Корсаков психология ғылым негіздерін білу есі ауысқан адамнаң психикалық қызметінің құлдырауын дұрыс түсіну мүмкіндігін береді деген пікірді ұстанды. Оның психология негіздерін баяндаудан психиатрия курсын оқуды бастауы кездейсоқ емес.
Осыған ұқсас дәстүрлерді С. С. Корсаковтың ізбасарлары В. П. Сербский, А. Н. Бернштейн және т.б ұстанды.
С. С. Корсаковтың емханасынан шыққан жұмыстарда психологиялық ғылым теориясына құнды үлес қосатын ережелер бар. Қызметкерлер Корсаковтың, Токарскийдің «ақымақтық туралы» атты мақаласынла ақыл – есі кемдіктің құрлымына қызықты талдау жасалған. Ол аурудың танымдық қызметінің бұзылуы жекеленген қабілеттіліктерінің құлдырауына алып келеді. Ал әңгіме ойлау қызметінің бұзылуы күрделі формалары туралы болады.
Тәжірибелік психологияға қызығушылық Мәскеу қоғамдық психиаторларының бір қатар мәжілісі психологиялық зерттеу әдістерін таныстыруға арналғандығынан байқалады.
1911 ж Бернштейннің эксперименттік психологиялық зерттеу әдістемесін сипаттауға арналған кітабы шықты. Сол жылы Рибаков өзінің « Жеке тұлғаны психологиялық зерттеу» атыласын шығарды. Сөйтіп Ұлы Қазан социалистік ревалюция қарсаңында Ресейде білімнің психология саласында эксперименттік патопсихология қалыптаса бастады. Сол кезеңдегі басты психиаторлармен невропатологтардың психологтармен үлкен бірлестігін атап өту қажет. Олардың көпшілігі мысалы: Бехтерев, Корсаков, Сербский және Бернштейн өз кезеңінің алдыңғы қатарлы психологиялық идеяларын жасаушылыр болды. Психологияның дамуына ғылыми ұйымдастыру бағытында да әсер етті. Ол өз лексияларын психология ғылым негізінен психолгиялық ғылыми қоғамның мүшелері психологиялық журнал редакторлары және т.б болып табылды.
Патопсихологияның білімнің белгілі бір саласы ретінде қалыптасуында көрнекті кеңес психологы Выготскийдің пәндік қызметі туралы идеясының маңызы болды, оны ары қарай жалпы психологияда оның шәкірттері мен қызметтестері Леонтьев, Лурия, Гальперин т.б дамытты.
Қарқынды эксперименттік психологиялық зерттеулер Бехтерев атындағы Ленинграттық институтында бірнеше ондаған жылдар бойы өткізілді. Бехтеревтің дәстүрлерін негізге ала отырып Мясищев психологиямен психиатрияны үйлестіруге және ауруларды психиаторлық емханада зерттеулердің обьективтік әдістерін енгізуге ұмтылды.
Осы жылдары әлемде КСРО-да алғаш рет құрылған еңбекке қабілеттілікке сараптама жасайтын орталық ғылыми зерттеу институтының психологиялық лабораториясында бір қатар ірі зерттеулер жасалды.
Осы лабораториядан миына зақым келген аурулардың танымдық қызмет ерекшкліктерінде эплепциямен, шезофрениямен ауратындардың психикалық қызметімен еңбекке қабілеттілігінің ерекшеліктеріне арналған жұмыстар шықты.
Ұлы отан соғысы жылдарында патопсихологтар нейропсихологиялық госпитальдарда қалпына келтіру жұмысынан қосылды. Патопсихологиялық зерттеулер пәні мидың жарақат алуынан туындаған психикалық қызметтің бұзылуына және оларды қалпына келтіру болып табылады.
Патопсихология саласындағы негізгі мәселелердің бірі танымдық қызметтің құлдырау мәселесі болып табылады. Бұл саладағы жұмыс әртүрлі бағытта жүреді. Танымдық процестердің бұзылуы құрылымдағы жеке компонентерінің өзгеруі зерттеледі. Зерттеудің басты бағыты психиаторлық емханада жеке тұлғаның бұзылуында байқалатын психологиялық талдауды зерттеуге бағытталған.
Адамның психикалық қызметін өзгерте отырып ауру жеке тұлғаның ерекшеліктер потологиясының әртүрлі формаларына алып келеді.
Қазіргі уақытта мативацияның ирерхиялық құрылымдарының, олардың мағынасын құрайтын қызметін зерттеу кеңінен өткізілуде. Сол сияқты әртүрлі психикалық аурулардың ішкі бейнесі зерттеледі. ММУ психолгия факультетінің патопсихология лабораториясы, Мәскеу психиатрия институтының патопсихологиялық лабораториясы Д. Н. Узнадзенің мақсат теориясын қолдана отырып, Грузияның бір қатар психологтарымен психиаторлары жүйке ауруларының әртүрлі формаларындағы мақсаттың бұзылуын зерттейді.
Осы зерттеулердің бәрі өз уақытында Выготский қойған психиканың дамуымен төмендеуі сәйкестігі туралы яғни методолгиялық мәні бар мәселені зерттеуге алып келуге мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта патопсихологиялық зерттеулер эксперимненттік тәжірибеде айтарлықтай кеңейді. Әлеуметтік психиатор және еңбек.
Еңбек және әлеуметтік реабилитация мәселесі бүгінде әр түрлі мамандық өкілдерінің зейінін аударады. Ауру адамдардың функцияларының жекелеген бұзылулары сияқты, еңбекке қабілеттілігінде қалпына келтіретін лабораториялар кеңейеді. Психологтардың қатысуы бүгінде тек қажет қана емес сонымен бірге қалпына келтіру жұмысы сияқты, жүйке ауруларының алдын алу саласында да жиі негізгі фактор болып табылады.
Патопсихолгиялық зерттеулер балалардың психоневролгиялық мекемелерінде ерекше дамыды. Ақыл – есі кемдігін ерте анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалды.
Эксперменттік патопсихология саласындағы зерттеу және тәжірибелік жұмыстың өсуі патопсихология саласындағы зерттеулерді біріктіретін және үйлестіретін секциялардың бар екндігін көрсетеді.
Соңғы уақытта ғылыми сияқты тәжірибелік мекемелерде де жұмыс істейтін жас маман – психологтардың саны ерекше артқаны байқалуда. Бұған патопсихология бойынша психология факультетінің студенттерінің бір бөлігін мамандандыру әсер етті. Сөйтіп бүгінде бізде өз пәні, өз әдістері өзінің теориялық және тәжірибелік міндеттері бар, білімнің психологиялық саласы – эксперименттік патопсихология дамып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет