000a19fe-af9e7d84



Дата29.09.2021
өлшемі98,5 Kb.
#118283
Байланысты:
000a19fe-af9e7d84
Музыка пәнінен сыныптан тыс іс-шара "Ән жұмбақ", 5 сынып жаһ.құз ҚМЖ

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Ленин негізгі мектебі
«Физика әлемінде»
7-сыныпқа арналған
факультативтік курс бағдарламасы

Әбжан ауылы – 2017
УДК 55:37:091(075)


Құрастырған: физика пәнінің мұғалімі Косыбаева Асемгуль Калтаевна
Пікір жазған: С.Торайғыров атындағы ПМУ «Физика және аспап жасау» кафедрасының аға оқытушысы, физика магистрі Искакова А.Б.

Түсінік хат
«Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.
Физика – оқушыға білім беретін жəне өзіндік тəрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын жəне логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тəрбиелейтін өзіндік мазмұны жəне зерттеудің ғылыми əдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.
Бүгін мектептегі «Физика» оқу пəнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық жəне практикалық ойлауын, сыни ойлау жəне талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Берілген факультативтік сабақ - сабақта өтілген материалға пайдалы толықтауышы болып табылады. Физика ең алдымен эксперименетті, есептеуді талап ететін ғылым, бірақ сабақ барысында әр оқушымен жеке (индивидуалды) жұмыс жасауға уақыт жеткіліксіз, сол себепті пәнге деген қызығушылығын жоғалтады.
«Физика әлемінде» курсын оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік жəне шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі жəне білігін техникада жəне күнделiктi өмiрде пайдалана білу.
Курстың міндеттері:

  • физикалық құбылыстар, заңдылықтар, теориялар мағынасын түсінуін және өмірде көрген құбылыстарды физикалық тұрғыдан түсіндіре білуін қалыптастыру;

  • физикалық құралдармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойларын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын әдістер мен технологиялар:

  1. эксперименталды сабақтар;

  2. жеке және топтық жұмыстар;

  3. баяндама әзірлеу.

Берілген курс бағдарламасына мына тақырыптар енгізілген:

  1. «Физика – табиғат туралы ғылым»

  2. «Физикалық шамалар мен өлшеулер»

  3. «Механикалық қозғалыс»

  4. «Тығыздық»

  5. «Денелердің өзара әрекеттесуі»

  6. «Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым»

  7. «Жұмыс және қуат»

  8. «Энергия»

  9. «Жай механизмдер»

  10. «Жер және Ғарыш»

Оқыту нәтижелеріне қойлатын талаптар:

  • Жаратылыстану ғылымы жүйесіндегі және ғылыми-техникалық дамудағы физиканың орны мен рөлі туралы әр оқушы түсіну керек;

  • Физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін ғылыми ақпараттардың негізгі түсініктері мен ұғымдарын жинақтастыруды, талдауды және жүйелеуді білу керек;

Эксперименталды, фронталды жұмыстарды жасау және бақылау, мәнді сапалы есептерді шығара білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет