№12 Қазақ өлкесіндегі партиялар мен ұлттық автономиялар



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,63 Kb.
#96984
1   2   3   4
Байланысты:
№12

2

Үш жүз
париясы

«Үш жүз» партиясы 1917 жылы күзде құрылды. Жетекшілері: Мұқан Айтпенов пен Көлбай Тоғысов. Негізгі мақсаты: большевиктік бағыт ұстану. Бағыты: Кеңес өкіметін нығайту.

3

Кадет ұйымы

Кадеттер (Конституцияшыл демократтар) Кадеттер ұйымы. 1917 жылы құрылды. Мақсаты: Бөлінбе біртұтас Ресей. Конституциялық монархия құру. Қоныстандыру саясатын қолдау.

4

Эссерлер
ұйымы

Эссерлер (Социал - революциянерлер)
Эсерлер ұйымы 1917 жылы көктемде құрылды Мақсаты: «Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі» ұранын көтеру. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.




Мұсылман
Бағытындағы
партиялар

Түркістан федералистер партиясы 1917 жылғы қыркүйекте құрылды. - «Шура-ислами» саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда құрылды. - «Иттифок –и - муслимин» партиясы 1917 жылғы қыркүйекте құрылды.






Ұйымдар

  • Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы»

  • Сергиопольде – «Солдаттардың орыс- мұсылман ұйымы»

  • Петропавлда «Жас арбакештер одағы», «Талап» ұйымы

  • Әулиеата мен Меркеде – «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»

  • Спаск зауытында – «Жас жүрек» ұйымы

* Омбыда – «Бірлік» ұйымы




Съездер

1917 жылғы сәуір: Қазақтардың Жетісудағы облыстық съезі - Өзін-өзі басқару; -Білім беру және ағарту ісі; - Аграрлық мәселе; -Босқындарды Қытайдан қайтару;

1917 жыл 27 сәуір – 7 мамыр Қазақтардың Семей облыстық съезі - Автономия құру; - Ресейдегі ұлыстарға қайта құру мүмкіндігін беру; - Дала генерал – губернаторлығы және приставтар, урядниктерді тарту;

1917 жыл 21-26 шілде Орынбор жалпықазақ съезі -«Алаш» саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау; - Автономия құру; - Жер мәселесі; - Білім беру; -Жетісудағы ашыққан халықтарға көмек ұйымдастыру; -Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы;

1917 жылғы мамыр -Соғысты тоқтату туралы бітім жасау; - Ұлттық аймақтық – федерациялық негізгі демократиялық республика құру; - 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу; - Міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру; - Мұсылман әйелдерінің ерлермен тең құқылы болуы

1917 жыл 5-13 желтоқсан Орынбор жалпықазақ съезі - Территориялық ұлттық автономия құру; - Алашорда уақытша Халық Кеңесін құрып, оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау; - Кеңестің төрағасы етіп Ә.Бөкейхановты тағайындау; - Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын бекіту.

1918 жылғы 21наурыз – 3 сәуір
Орынбордағы Кеңестердің Торғай облыстық І съезі

  • Қызыл армия бөлімдерін құру;

  • Жер және азық-тұлік мәселесі;

1918 жылы наурызда Торғай облыстық Кеңестердің қаулысымен Алашорданың «Қазақ» газеті жабылды.

1918 жылғы наурыз Кеңестердің Ақмола облыстық съезі
– Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылданды.

1918 жылғы 20 сәуір – 1 мамыр Ташкенттергі Түркістан өлкесі кеңесінің төтенше Ү съезі. - Түркістан Автономиялы Кеңестік социалистік республикасын құру; - Республика құрамына Сырдария, Жетісу облыстары енгізілді.

Бағдарламаның антифеодалдық сипаты “негізгі құқық”, “ғылым-білім үйрету” сияқты тарауларынан байқалады. “Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, ашық сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік”, заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды деп ашық айтылды.


Қазақ мемлекеттерінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей ұйымдастырылады деп айтылды.Халықтық мүддені сақтау басты мәселе болды. Атап айтар болсақ қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш сыныптарда сабақ ана тілінде жүреді. Оқу ісі өз алдына автономия түрінде жүргізіледі, үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады деп уәде берді. Бағдарламада ең негізгі мәселе — жер мәселесі болды. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ұрықсатынсыз Ресейден қоныс аудару тоқтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылдап, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, ата мекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпыұлттық мәселелерді талқылауға ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлерге қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізеді. Алашорда — ұлттық кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды деп айтылды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен бүкілресейлік құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау кезінде барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Алаш партиясының саяси күреске белсене араласқан саяси күшке айналуына мүмкіндік берді. Азамат соғысы тұсында ондай міндетті Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді. Алашорда үкіметі. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелер еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығы негізгі айғағы болды. Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады. Съез Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.
Түркістан федералистер партиясы 1917 жылы қыркүйекте Түркістан федералистер партиясы құрылды (тұңғыш мұсылман партиясы). 1917 жылы 17-20 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезі. Қаралған мәселелер: - «Иттифок-и-муслимин» («Мұсылмандар одағы») партиясы құрылды. - Түркістан Федерациялық республикасы парламенттік республка негізінде құрылуға тиіс болды. - 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу. - Салық мәселесі Үш жүз партиясы? 1917 жылы күзде «Үш жүз» партиясы («Қырғыз социалистік партиясы») құрылды. Жетекшісі-Көлбай Тоғысов. Мақсаты: большевиктік бағыт ұстау. Бұл партияның іс-әрекеті 1917 жылғы күз-1918жылдың басы аралығында елеулі түрде өзгерді: - Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. -1918 жылдың қаңтарынан Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты. -1918 жыл басынан большевиктердің Алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды. Кадеттер партиясы 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда. Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) партиясы құрылды. Мақсаты: - Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру. - Қоныстандыру саясатын қолдау. Кадет партиясына мүше болған Ә.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты. -Семейде кадет ұйымы «Свободная речь» газетін шығарып тұрды. Эсерлер ұйымы 1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер (социал-революционерлер) ұйымы құрылды. Мақсаты: - «Жерді шаруаларға беру, жер-бүлік халықтың меншігі» ұранын көтеру. - Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау. 1917 жылдың жазынақарай Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды. - Казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде құрылды. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе қалыптасты. Билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарламаларын ұсынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет