№12 Қазақ өлкесіндегі партиялар мен ұлттық автономиялар



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,63 Kb.
#96984
1   2   3   4
Байланысты:
№12

Алаш партиясының құрамы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар қалыптасты. “Қазақ” газеті жанынан құрылған ұйымдастыру алқасы күн тәртібіне “Қазақ саяси партиясын құру мәселесін” ұсынып, 1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдады: “Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съез “Шора-и исламға” сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық, федеративтік, парламенттік республикаға құрылмақ...”. Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа - тұс келеді. “Қазақ” газеті (1917, N 244) өзінің бас мақаласында партияның атын “Алаш” деп қойды. Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Бір мезгілде “Қазақ” басқармасынан барлық облыстарда Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын “Алаш” қою туралы хабарламалар таратылды. Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан бастап өз жұмысын бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12-20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, Омбыда, Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Орталық Комитет құрылымы, 1-ші жалпықазақ съезі бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқаруына себепшісі болды. “Қазақ” газетінде партияның жарғысы жөнінде былай деп жазды: “Алаш” партиясының толық жарнамасы Орынборда жасалатын болды, дайын болғанда жұртқа жария етілетіндігін айтты. Негізгі шарты - комитеттің айтқанын орындайтын, бұйырғанын орындайтын, “Алаш” партиясының мүддесін қорғайтын іске асыруға үлес қосатын кісі кіреді. “Алаш” бағдарламасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шыншыл, туыстыққа жол бермейтін әділ, тура кісі осы партияға кіреді және “Алаш” партиясының мүшелік жарнасы 1 сом деп көрсетті. Алаш партиясының бағдарламасы. Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамында болмақ. Әлеуметтік қатынаста жалпыұлттық мүдде, ұлттық тұтастық бағытында тұрды. Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. “Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға — байша, кедейге — кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң аясында болады” деп қаарстырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет