Үшінші және төртінші бүлшықет қабаттарының арасында, төмендеу орналасқан Н. И. Пироговтың шелді кеңістігінің маңызы зор. Бұл кеңістікті артынан т. pronator quadratus, алдынан саусақтардың терең бүккіші, артқы қабырғасын пронатордан жоғары жерде сүйекаралық жарғақтың төменгі бөлімі құрайды.
Хирургиялық маңызы: шыбық және шынтақтың іріңді тендовагинитінде осы кеңістікке ірің жиналады. Пирогов кеңістігінің ең кең бөлімі білезіктен 5 см жоғары жерде орналасқан.
Төртінші қабатты шаршы пранотор (m. pronator quadratus) түзеді. Ол шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, шыбық сүйегінің алдыңғы бетіне бекиді. Оның талшықтары әр уақытта көлденең бағытта орналасқан.
Сүйекаралық перденің алдыңғы бетімен аймақтың ең тереңдегі тамыр-нервтік шоғыры өтеді. Бүл шоғырды а. interosseae, вена және аттас нерв құрайды. A. interosseae anterior шаршы пронатордың жоғарғы қыры деңгейіне жеткенде сүйекаралық жарғақты тесіп өтіп, білектің артқы бетіне өтеді. Білезікке жақындағанда rete capri dorsale түзеуге қатысады.
Білектің артқы аймағы
Шекарасы - reg.antebrachii anterior-мен бірдей.
Қабаттары. Терісі алдыңғы бетімен салыстырғанда қалың, түк өскен.
Тері асты шел қабатында беткей тамырлар мен нервтер орналасқан (n. cutaneus antebrachii dorsalis).
Беткей шандыр нашар дамыған. Білектің меншкті шандыры жазғыш бұлшықеттерге қынап құрайды.
Бұлшықеттер екі қабат орналасқан: беткей және терең.
Беткей қабатында (сыртынан ішке қарай): қол басын шыбыққа қарай жазушы үзын бұлшықет (m. extensor carpi radialis longus), қол басын шыбыққа қарай жазушы қысқа бұлшықет (m. extensor carpi radialis brevis), саусақтарды жалпы жазушы бүлшықет (т. extensor digitorum communis), бесінші саусақты жазушы бүлшықет (m.extensor digiti minimi), қол басын шынтақтық жазушы бүлшықет (т.extensor carpi ulnaris) жатады.
Тереңде m. supinator, m. abductor pollicis longus, m. extensor pollieis brevis, m. extensor pollicis longus, m. extensor indicis proprius жатады.
Бірінші қабаттың бұлшықеттері иық сүйегінен (оның сыртқы
айдаршығынан), ал қалған бүлшықеттер білек сүйектерінен басталады.
Айырмашылығы: m. supinator-дың көп бөлігі шынтақ сүйегінің crista m. supinatoris-інен басталады, ал аз бөлігі – иық сүйегінің сыртқы айдаршығынан басталады.
M. extensor carpi radialis longus II алақан сүйегінің негізіне бекиді, m. extensorcarpi radialis brevis Шалақан сүйегіне, т. Extensor carpi radialis ulnaris V алақан сүйегінің негізіне, m. Abductorpollicis longus I алақан сүйегінің негізіне бекиді, т. supinator шыбық сүйегіне бекиді. Қалған бұлшықеттер саусақтарға бекиді.
Беткей және тереңдегі бүлшықет қабаттары арасында аймақтың негізгі қантамыр-нервтік шоғыры: r. profundus n. radialis, a. interossea posterior аттас екі венасымен бірге жатыр. Нерв өзінен шығатын үзын тармағымен білектің артқы бетіндегі барлық бұлшық еттерді нервтендіреді. Сондықтан шыбық нервінің тереңдегі тармағы зақымданса «салбыраған қол басы», ит балық қолы симптомы көрінеді. Шыбық сүйегі типтік бөлігінде сынғанда, сүйектер аралық нервтері (n. interosseus antebrachi) зақымданып, қол басының бүгілу контрактурасы, Бонне контрактура, Турнер синдромы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |