12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Жамбастың артқы аймағының топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет6/37
Дата12.09.2022
өлшемі3,62 Mb.
#149296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы

17. Жамбастың артқы аймағының топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Шекаралары: жоғарғыдан — бөксе қыртысы (plica natium ), төменнен —тізе сүйегінен екі елі жоғары жүргізетін сызық, ішкі жағынан — symphisis pubicum -ды санның медиалды айдаршығымен қосатын тік сызық (m. gracilis) бойымен, сырт жағынан — spina iliaca anterior superior-ді латералды айдаршықпен қосатын сызық.
Қ абаттары . Терісі жұқа, аз қозғалм лы , түкті болып келеді. Тері асты май қабаты жақсы дамыған. Толық адамдарда шел қабаты көлемді, төмен қарай қалыңдайды . Оның сырт жағында n. cutaneus femoris lateralis-тің тармақтары , артқы және іш жағында n. cutaneus femoris posterior, кейде төменгі-ішкі жағында n. obturatorius-тъң терілік тармақтары орналасады. Беткей шандыр тері асты шел май қабатында орналасқан. Ғ. lata — бір қабатты, тығыз. Оның медиалды бөлігінен septum inter musculare posterior басталып, ол әкелетін бұлшықеттер құндағын бүккіш бүлшықеттер ңүндағынан бөліп түрады. Бұлшықеттер екі топ болып орналасады: іш жағында — m. semitendinosus, m. semimembranosus; сырт жағында— m. biceps femoris. Санның жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде аталған бүлшықеттер бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Төменгі бөлігінде осы бүлшықеттердің сіңірлері бір-бірінен алшақтайды : m . semitendinosus, m. semimebranosus сіңірлері ішке қарай, ал m. biceps femoris-тің сіңірі сыртқа қарай бағытталады. Барл қ бүккіш бұлш ықеттердің бастары жоғары жағынан қиғаш өтетін m. gluteus maximus-пен жабылады . Санның бүккіш терінің арасында болбыр, майлы шел болады, ол төменгі жағында тақым ойығының шелді май кеңістігіне қосылады, ал m. adductor magnus-тағы тесік арқылы санның алдыңғы бетінің майлы шел кеңістіктерімен байланысады. Шонданай нерві (n. ischiadicus) санның артқы бетінің жоғарғы бөлігінде m. biceps-тің үзын басының сырт жағында орналасады. Бөксенің үлкен бұлшықетінің (т m. gluteus maximus) астынан шықңаннан кейін нерв жалпақ шандырдың астында, болбыр үлпада жатады, оны осы жерден оңай табуға болады. Содан кейін шонданай нерві m. biceps femoris-тің ұзын басының астынан өтіп, m. semitendinosus, m. semimembranosus пен m. biceps femoris арасындағы жүлгеге өтеді. Тізе асты шүңқырының жоғарғы бұрышында шонданай нерві (n. ischiadicus), үлкен жіліншік нерві (n. tibialis) мен жалпы кіші жіліншік нервіне (n . perineus communis) бөлінеді. Кейде нерв өте жоғары да for. infrapiriforme-де бөлінеді. Санның артқы құндағындағы бұлшықеттер қанмен санның тереңдегі артериясының (a.profunda femoris) тармақтары мен қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет