12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Тізеасты шұңқырының топографиялық анатомиясы. Тізеасты шұңқырының қабатты құрылымы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет9/37
Дата12.09.2022
өлшемі3,62 Mb.
#149296
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы
Идрисов Ә.А. КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯ, O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au, Patofiziologiya (1)
19. Тізеасты шұңқырының топографиялық анатомиясы. Тізеасты шұңқырының қабатты құрылымы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Тізеасты шұңқыры немесе тақым шұңқыры fossa poplitea- тізе аймағының артқы аймағында орналасқан сыртқы пішіні ромбтәрізді болып келген.
Тізеасты шұңқырының 4 қабырғасын ажыратады:
Жоғарғы латеральды
• Жоғарғы медиальды
• Төменгі латеральды
Төменгі медиальды
Жоғарғы латеральды қабырғасы санның екібасты бұлшықетінен (m.biceps femoris)тұрады.Ал жоғарғы медиальды қабырғасы жартылай жарғақты (m.semimembranosus), жартылай сіңірлі бұлшықеттерден тұрады(m.semitendinosus).Ал төменгі медиальды,латеральды қабырғасы балтыр бұлшықетінен (m.gastrocnemius) тұрады немесе шектеліп жатады.Бұларды шекаралары десек те болады.

Тізеасты шұңқыры қабаттарына келетін болсақ,терісі аз қозғалады,терісі жұқа,тегіс болып келеді.Және тері асты шел майы қабаты орналасқан.Тері асты шел май қабаты беткей шандырдың жапырағы арқылы 2 қабатқа бөлінеді.



Қанмен қамтамасыз етілуі мен иннервациясына келетін болсам,тақым шұңқырын майлы ұлпа толтырып тұрады және ол осы жерде өтетін тамыр-нерв шоғырын қоршайды.
Осы тақым шұңқыры арқылы қантамырлар мен нервтер,лимфа тамырлары олардың түйіндері май клетчаткалары орналасады.
Тамырлары мен нервтері. Тақым артериясы (a. poplitea) — сан артериясының (a. femoralis) жалғасы, балтырға тізе-тақым өзегі(canalis cruropopliteus) арқылы өтеді. Тақым шұңқырында артериядан
бұлшықетке және буынға бұтақтар шығады:
1) тізенің жоғарғы медиалды артериясы (a. genus superior medialis)—m. adductorius сіңірінің астымен жүреді;
2) тізенің жоғарғы латералды артериясы (a. genus superior lateralis)—екі басты бүлшықет сіңірінің астымен жүреді;
3) тізенің ортаңғы артериясы (a. genus media) — тізе бүгілісі тұсында шығып, буынға кіріп, айқасқан байламға (lig. сгисіаtum) тармақталады;
4) тізенің төменгі медиалды артериясы (a. genus inferior medialis)—epicondulys medialis tibia және үлкен жіліншіктің кол-латералды байламы (lig. collaterale tibiale) бойымен жүреді;
5) тізенің төменгі латералды артериясы (a. genus inferior lateralis)—т. gastrocnemius-тщ латералды басының, екі басты бұлшықет сіңірінің және кіші жіліншік коллатералды байламының (lig. collaterale fibulare) астымен жүреді.
Бұл артериялардың барлығы тізе буынының қантамырлар торын ( rete articulare genu) құруға қатысады. Бұлар, тақым артериясын байлағанда, айналма қан жолын құрайды. Осы артериялардан бөлек, rete articulare genu-ді құруға — a. genu dessendens (сан артериясының тармағы) ж әне a. reccurens tibialis anterior (a. tibialis
anterior-дан) келеді. Шонданай нерв тізе астылың шүңңырдың жоғарғы бүрышында екі бұтаққа бөлінеді: п. tibialis және п. Peroneus communis. N. tibialis a.tibialis posterior-мен бірге балтырдағы canalis cruropopliteus-кe өтеді. Тақым шұңқырында одан бұлшықеттерге баратын бұтақтары шығады. Сонымен бірге балтырдың медиалды терілік нерві (п. cutaneus surae medialis) тармағын береді. N. peroneus communis т. bicipitis femoris-тің ішкі қырында орналасқан.
Тақым шұңқырында одан п. cutaneus surae lateralis шығады.Тақым венасы жэне артериясы үлкен жіліншік — нервтің алдында, өзінің фасциалды ңүндағының ішінде, сан сүйегінің алаңшығында {planum popliteum) орналасқан. Тақым артериясы мен венасы бір-біріне жабысып жатады (артерия венадан терең
жэне медиалды орналасады). Қантамырлардың осы лай орналасуы, оң тиіп жарақаттанғанда, артерия мен венаның арасын қосатын аневризма пайда болуына жағдай туғызады. Үлкен жіліншіктің медиалды айдаршығының тұсында артерия тізе буыны қабына жанасып жатады. Сондықтан тізе буыны резекциясында тақым артериясын заңымдау қауіпі бар. Тақым шұңқырының төменгі бөлігінде қантамыр нерв шоғырының топографо-анатомиялық құрылысы жоғарғы бөліктегіден өзгеше болады:
—үлкен жіліншік нерві және таңым венасы мен артериясы фасциямен бөлінбей, балтыр бұлшықетінің тереңдегі жалпы жапырағының астында жатады;
—үлкен жіліншік нерві меншікті шандырдың астында, тақым шұңқыры ортасында орналасады;
— нервтің алдында жэне медиалды тақым венасы орналасқан;
— венаның алдында жэне медиалды — таңым артериясы жатады.
Тақымдағы қантамыр, нерв орналасуын үмытпау үшін, мнемоникалық схема қолданады. Артынан алға және тереңге қарай есептегенде — НеВА деген түсінік шығады. Осылай беткейлеу нерв(п. tibialis), астында —вена ( v. poplitea), олардың астында — тақым артериясы ( a. poplitea) орналасқан. Шұңқырдағы артерияға осы элементтер арқылы тікелей ену көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан Жобер өзегі арқылы тақым артериясына шұңқырдың медиалды беті арқылы ыңғайлы жетуге болады. Бұл өзек тізені бүккен кезде пайда болады. Шекарасы: алдынан — т.adductor magnus-тің сіңірі, артынан —жартылай сіңірлі бүлшықет, жартылай жарғақты және сіңірлі бүлшықет (т. semitendionus,т. semimembranosus et gracilis), үстінен — т. sartorius-тын, қыры,төменнен — m. gastrocnemius-тің медиалды басы мен ішкі айдаршық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет