12 дәріс
Жиынтық бағалаудың (модерациялау) нәтижелерін түзету
Модерация
Бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.
Модерация : бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.
Модерация: бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді;
олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалауды талқылайды.
Білу маңызды:
Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін.
Модерациялау бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез келген пән мұғалімі болуы мүмкін.
Білім алушылардың ілгерілеуін қадағалау мақсатында мұғалімдер
оқытудың белгілі бір кезеңінде орындалған жұмыстарды сақтауы қажет.
Білім алушылардың портфолиосы бағалау нәтижелерінің анықтығы мен дәлдігін арттыруға бағытталған.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта оқу
бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны туралы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралы
ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік
нұсқауында төмендегілер ұсынылады:
- пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер/ортақ
тақырыптар атаулары;
- бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлау
дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;
- бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауға
арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;
- бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
үлгілері мен дескрипторлары;
- тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тест
спецификациясы;
- жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қою
кестелері.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелерін талдау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне
мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің
деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды.
Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта
қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына
сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы
қажет.
Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның
ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде
қойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта,
төмен) анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарғы деңгейге сәйкес нәтиже көрсеткен оқушылар:
пәндік терминдер мен ұғымдарды тереңірек біледі және түсінеді;
күрделі тапсырмалар мен есептерді орындап, оларды кең ауқымды
жағдайларда қолдана біледі;
- түрлі дереккөздерден алынған ақпаратарды жүйелеп, толық негіздеме
беріп қорытындылайды, көрсеткен нәтижелерін нақты дәлелдемелер келтіре
отырып, ретімен нақтылап орналастыра біледі;
- күрделі тапсырмаларды шешу үлгілерін анықтайды, оларды ерекше
жолмен шешу баламаларын тауып, қолдана біледі;
- ауқымды есептер жиынтығын оқу бағдарламасының басқа
салаларынан алған білім, білік және дағдыларды біріктіріп шеше біледі,
әртүрлі стратегияларды қолданып, алынған нәтижелердің маңыздылығына
негіздеме бере алады.
Орта деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:
- пәндік терминдер мен ұғымдарды жеткілікті деңгейде біледі;
- қарапайым тапсырмаларды орындап, оларды таныс және кейбір
бейтаныс жағдайларда ұтымды қолдана біледі;
- ақпаратты жүйелеп, кейбіреуіне негіздеме бере отыра, алынған
нәтижелерге дәлелдемелер келтіріп, қорытындылар жасайды;
- күнделікті қолданыстағы тапсырмалардың үлгілерін анықтап, оларды
шешудің үйреншікті жолдарын анықтайды;
- мөлшерленіп берілген есептер жиынтығын шешуде оқу
бағдарламасының басқа салаларынан алған білім, білік және дағдыларын
біріктіре отыра қолданады.
Төмен деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:
- пәндік терминдер мен ұғымдарды қарапайым деңгейде біледі;
- тиісті нұсқаулар төңірегінде күрделі емес тапсырма түрлерін
орындайды;
- түрлі ақпараттарды (кестелер, сызбалар және диаграммалар) беруде
қарапайым қорытындылар жасайды.
- Жеңіл тапсырмалардың үлгілерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |