Жамбыл облысының Луговой ауданы – Тұрар Рысқұлов ауданы болып қайта
аталсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, 1999 жылғы наурыздың 11-і.
Міне, осылай жұртшылықтың көптен күткен тілегі жүзеге асып ауданға халқымыздың
аяулы перзенті Тұрар Рысқұловтың есімі берілді. Аудан әкімінің бастамасымен көп болып қолға алып аудан орталығына Тұрар Рысқұловтың тұғыры биік ,еңселі ескерткіші, Луговой стансасының вокзал алаңына бюсті орнатылды.
Сонымен қатар біздің мектебіміздің де атауы осы Ұлы Тұранның Ұлы перзенті Т.Рысқұловтың есімімен аталған. Қазір Тұрардың заманы туды. Ол армандағандай еліміз
өз Тәуелсіздігін иемденіп, ұлы бабалар салған ұлы жолмен болашаққа бет алды. Тұрар бабамыздың өмірі мен қызметі әрбіріміз үшін өшпес өнеге, мәңгілік мұра. Әрбір қазақ баласы білімді болып, Тұрардай 25 жасында президент болуға тырысып, талпынуы қажет.
Тек сонда ғана біз жер бетіндегі теңдесі жоқ, қанатын көкке кере жая қалықтаған қырандай, аспан төріндегі айдай, додада қарсыластарына бәйгені бермейтін жүйрік
сәйгүліктей ғажайып мемлекет боламыз.
10
Пікір.
Бұл пікір Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Өмірзақ Әлішер Қанатұлының «ғылыми жоба»жұмысына жазылды.
Тақырыбы Тұрар-тарихи тұлға.Бұл ғылыми жоба жоспары талапқа сай жасалған.
Бұл ғылыми жобада Т. Рысқұловтың Жамбыл облысындағы қызметі жайлы және кейбір тың деректер баяндалған.Бұл жобаның мақсаты,міндеті дұрыс орындалған
- зерттеу бөлімінде Тұрардың шешесі жайлы тың дерек айтылған және осы бөлімде Тұрардың мемлекет қайраткері қызметі Меркі аулынан басталатындығы жайлы айтылған:
- Тұрардың Әулиеатадағы қызметінің бағыттарын көрсете білген:
-Түрксіб құрылысындағы еңбегі,жергілікті жер халқының жұмысымен байланыстыра білген:
-Тұрар ағамыздың тарих жайлы еңбегін баяндаған:
-Тұрар аға туралы толғаулар жинақтаған:
-«Халқым,сен аман бол,өзің барда ,менің де, атым өшпес»деген Тұрардың сөзімен жобаны қорытындылауы жас буынның бойындағы патриотизм сезімін байқатады.
-Кемшілігі: Тақырып кең ауқымды,саяси,патриоттық мәні терең.Сондықтан жас буын көп ізденуі қажет.Тұрар-тылсым дүние.Тұрардың өмірі мен қызметі әлі толық ашылып бітпеген құпия жан,оның еңбегін Әлішер секілді жас тарихшыларымыз зерттеуі керек және бұл алдағы уақыттағы барлық ұлтжанды азаматтардың борышы болуы тиіс.
Осы кезеңге дейін, қазақ халқының біртуар перзенті, қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Тұрар Рысқұлов еңбектері жайлы көптеген көркем шығармалардан таныс болғанымен, Тұрар Рысқұлов ауданының, Тұрар Рысқұлов орта мектебінің I санаттағы тарих пәнінің мұғалімі Г.Ж.Жумахмедова жетекшілік еткен ізденімпаз оқушы Өмірзақ Әлішер Қанатұлының ғылыми жобасындағы ізденісі қуантарлық жайт. Себебі: «Т.Рысқұловтың туғанына-120жыл» қарсаңындағы еңбегін, ерекше отансүйгіштігі, алғырлығы, ізденімпаздығы бүгінгі таңның талабы деп түсінемін.Бұл тақырыптың көлемі
кең ,ізденуді көп талап ететін,саяси мәні жоғары. «Тамшыдан-теңіз» дегендей жас буын,бұл еңбегін ықылас-пейілінің арқасында жасаған.
Тұрар-тарихи тұлға.Қоғам қайраткерінің еліне сіңірген еңбегі әлі де болса талай Отанын сүйетін«Тарихи-тұлға» келбеті,жас ұрпаққа үлгі болатыны даусыз. Оның ішінде ауыл-аймақтардан тың деректер іздестіруі де ғылыми жобаның көркін қыздыратыны анық және Шерхан ағаның ізбасарлары бар екеніне сенемін.
Осы тұрғыда мен бұл жас буынның ізденісіне, ұлтжандылығына, Т. Рысқұловтың Жамбыл облысындағы еңбек жолындағы жұмыстарын ашудағы еңбегіне жоғары баға беремін.Бұл ғылыми жоба жұмысын Тұрар рухының тәберігі деп біліңіздер.
Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |