2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығыстары және оның сыныпталуы.
3. Амортизациялық саясат. Өнімдер, жұмыстар және қызмет көрсетудің өзіндік құны туралы түсінік.
1.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, оның мәні, маңызы және түрлері.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстары нақты субъектінің иелігіндегі ақшалай ресурстарды құрап, оның кірістерін құру, бөлу және пайдалану процесін сипаттайды.
Өндіріске инвестицияланған алғашқы капитал өткізілген өнім бағасында көрініс табатын құнды құрайды. Өнімді өткізгеннен кейін ол ақшалай формаға – түсім формасына ие болады.
Алайда түсім – бұлөндіріске жұмсалған қаражаттарды өтеу және кәсіпорынның қаржылық резервтерін қалыптастыру көзі болып табылса да, әлі де табыс болып саналмайды. Пайдалану процесінде түсім сапалы әртүрлі құраушы бөліктерге жіктеледі.
Кірістер мен шығыстарды нақты жіктеу белгілі кезеңдегі таза іс-әрекет нәтижесін анықтау базасы болып табылады.