Субъектілердің даму факторы ретінде бастауыш сынып сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолданудын маңызы



бет1/6
Дата24.04.2020
өлшемі146,5 Kb.
#64585
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дамыта оқыту және модульдік оқыту технологиясы


Субъектілердің даму факторы ретінде бастауыш сынып сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолданудын маңызы

Хасенова Д. А.

ММ "№15 орта мектеп"

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП САБАҚТАРЫНДА ЖҰМЫСТЫҢ БЕЛСЕНДІ ФОРМАЛАРЫ


Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбіе ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде.

Елбасының Қазақстан халықына жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және коғамдық қажеттіліктеріне сай келетін, осы заманғы білім беру жүйесі қажет»-деп атап көрсетілгендей, білім беру саласында елеулі өзгірістер жүріп жатыр. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Қазір Республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Осы бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, технологиялар көп. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкен емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық кұндылықтар ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект-субъекті қарым- қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда.
Осыған орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде.Солардың бірі дамыта оқыту технологиясы. 2001 жылдан бастап №15 орта мектебінде дамыта оқыту технологиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр.

Оқыту үрдісінің нәтижелілігін жоғарлату мақсатымен, жаңа білім беру парадигмасын көздей отырып, өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясын пайдаланамын. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау. Ерекшеліктері: мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әректті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.

Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіндегі белсінделігін арттыру, ойлауға үйрету, мұғалімнің сөзіне және әрекетіне деген назарын жоғарлату сияқты жұмыстарды қалай жүзеге асыруға болады? Бұл оңай іс емес екені анық.

Дамыта оқыту баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Бұл жүйенің мақсаттарды төмендегідей:

- баланы оқыта отырып жалпы дамыту

- оның еркіндігін қалыптастыру

- өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру

- жеке касиеттерін ескеріп, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Баланың тұлғалық дамуына бағытталған дамыта оқыту технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мынандай міндеттерді шешуді көздедім:

- дамыта оқыту технологиясының тиімділігіне көз жеткізу - пән бойынша оқытудың дамыту технологиясына сәйкес жұмысты ұйымдастырудың құрылымын әзірлеу

- Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу

- Технологияның тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау

- Оқушылардың пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру

Дамыта оқыту технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей проблемаларын шеше аламыз:

- бала өз бетінше ойланып қортынды жасай білуі

- сыртқы ортамен қарым-қатынас жасуды үйренуге машықтануы

- теориялық мәселелерді практикада қолдана білуі

- шығармашылық жазбаша ізденіс әдістерін игеруі

- оқушылардын жазбаша және ауызша тілдерінің дамуы

- оқушылардың үлгерімі, білім сапасының жоғарлауы

Дамыта оқыту технологиясының тиімді жақтары:

- оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады соған дағдыланады

- оқушының жеке қабілеті анықталады

- бір-бірінен қалып қалмауға талпынады

- тапсырманың күрделену дәңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады

- өзін- өзі тексеруге дағдыланады

- оқушылар білімі мен қабілетіне қарай бағаланады

Дамыта оқыту дегеніміз- бұл оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту.

Дамыта оқыту мақсаты- аз, қыска уақыт ішінде дамудын жоғарғы нәтижесіне жету болып табылады. Ол тектік және жас ерекшеліктік алғышарттарды жоғары дәрежеде пайдалана отырып, дамудын алдында жүруі тиіс. Бұл тек дамыта оқытудың нәтижесінде ғана болмақ. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашылыққа қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп ойлаймын. Былтырғы бірінші сыныптардың оқулықтары, жұмыс дәптерлері дамыта оқыту жүйесі арқылы жасалынған оқулықтар. Осы оқулықтардағы балаға берген тапсырмалары баланың ойлау қабілетін дамыта отырып атқарылатын жұмыстар. Ойлауға үйрететін сабақтарды- дамыта оқыту сабақтары деп білемін. Жоғарыда айтылып кеткен мақсаттарды басшылыққа ала отырып, мен өз сабақтарымда дамыта оқыту тахнологиясының әр түрлі формаларын (түрлерін) тиімді қолданудамын. Мысалы: интерактивті тақтамен электронды оқулықтар арқылы жұмыстар жүргіземін. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткеліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып балада білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.Сабақ үш бөліктерден тұраты болады:

1. оқу мақсатының қойылуы

2. оны шешудің жолын бірлесе қарастыру

3. шешімінің дұрыстығын дәлелдеу

Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіру, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Мұғалім осы міндеттерін дұрыс орындаса баланың сабақты игеруі жеңілдей түседі. Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жүргізу оқыту барысында қарапайым бақылаулар,зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп, қортынды жасуға дағдыландыру. Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшілігі сынып оқушыларын "жақсы", "жаман" оқушылар деп бөлмей барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұту. Нашар оқушының да өз шамасы келгеніше, қабілеті жеткен жерге дейін тапсырма беру. Сол арқылы ол да өз ойын мүмкіндік дәрежеге дейін дамыта алады. Тек мұғалім тарапынан көрсетілетін көмек, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып алға жетектейді деп ойлаймын. Мысалы: қазақ тілінен сын есім тақырыбын өткенде, сабақ мазмұнын жақсылап түсіндіріп, айтып шығамын. Содан соң оны толығырақ меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Оны былай жүзеге асыруға болады: алманың суретін іліп қойып, оның не екенін, дәмі, түрі,пішіні қандай деп сұрағаннан гөрі, алма туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланың ойын дамыту үшін тиімділігі зор. Бала өзінің қарапайым бақылау, зерттеу жасауы арқылы көп нәрсеге өз беттерімен түсінік бере алады. Мұғалім бұл жерде тек бақылаушы, бағаттаушы, тындаушы болады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасында жаңа қарым-қатынас қалыптасады, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңыз береді.Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады. Жоғарыда аталған әдістердің, жұмыс түрлерінің барлығы оқушылардың білім-білік дағдаларын игеруде таптырмайтын көмек. Мұғалім осы технология бойынша сабақтын құрылымын, әдісін толық меңгерген болса, өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдануға мол мүмкіндік бар деп ойлаймын.

2009-2010 оқу жылында 1 сыныпқа балаларды қабылдаған кезде оқушылардың барлығы даярлық тобынын немесе бала-бақшадан келген болып шықпады. Үйден келген балалар да болды. Бес саусақ бірдей емес дегендей әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері де әр түрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әр түрлі деңгейде талап қоюға тура келді. Жаңа буын оқулықтары дамыта оқыту негізінде құрылғандықтан, мен осы технологияны өз іс-тәжірібеме енгізуді ұйғардым. Біртіндеп технологияны зерттеп, сабақтарымда кеңінен қолдана бастадым. Оқушылардың білім денгейін, 1-сыныпта және 2-сыныпта, салыстыратын болсақ көптеген өзгірісті байқауға болады. Қазірге кезеңде (2 сынып) оқушыларға қандай да бір шығармашылық тапсырма берілген болса, олар қызығушылықпен, өз бетінше ойланып, қандай да бір шешімге қол жеткізе біледі. Қорыта айтқанда дамыта оқыту технологиясы бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселдіреді дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, өз жолдастарының пікірімен санасуға, тиісті қортынды жасай білуге машықтанады. Мен өз ойымды Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзімен аяқтағым келеді:" Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы."


Әдебиеттер

1) Қ. М. Нағымжанова, Н.М. Нұрғазиева «Бастауыш білім берудегі жаңа технолгиялары» Медия-Альянс 2005ж.

2) «Бастауыш мектеп» 2006ж. №3

3) «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс» Алматы 2003ж

4 ) «Бастауыш сынып» 2010ж. №2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет