Еленова Ақмарал Киікбайқызы,
№ 121 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
Бағдарламаның тақырыбы: «Әбділдатану» қолданбалы курсы
Бағдарламаға түсінік хат: Аса көрнекті ақын , драматург, ғалым , қазақ әдебиеті тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Әбділда Тәжібаев ақын өмірі мен шығармашылығын Әбілдатану курсы бойынша оқыту
Бағдарламаның мақсаты: Әбділда Тәжібаев шығармашылығын тереңдете оқыту. Ақын Әбділданың ақындық тұлғасын , жан дүниесін , арман – мұратын поэзиясы арқылы таныту, ақын туындысын таңдап, сөз құдіретін танытудағы өзіндік шеберлік өнерін ашу , сөз саптауы , ті көркемдігі туралы түсінік беру, әңгімелеу. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін оқушы бойына сіңіру, оқыта отырып ауызша , жазбаша ойын еркін жеткізе білуді меңгерту.
Міндеті:
Сыр сұңқарының өмірі мен шығармаларынан мәлімет бере отырып, суреткердің айтар ойын ,шығармадағы мазмұн мен идеяны шәкірт санасына жеткізу;
ақынның әдебиет сахнасынан алар орнын айшықтау;
арқалы ақынның шығармаларын әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып, пәндік білімдерін кеңейту;
туындыны оқи отырып ,кейіпкерлер әлеміне көз жіберу, оқушының алған әсері , сезімін анықтауға көмек беру;
оқушыларды өз бетінше белсенді жұмыс жасай білуге үйрету;
оқушының білім ,білік , дағдысын берік қалыптастыра отырып, ақын өмір жолын өмірмен тығыз байланыста балаға түсіндіру.
Білім , икем дағдыларына қойылатын талаптар:
лириканың ерекшелігіне қарай поэтикалық талдау жасауға бейімдеуде лирикалық қаһарман, тіл бедері, көркемдегіш құралдар, ақын жаңашылдығы, өлең құрылысы, өлең құрылысын дамытудағы жетістіктер;
оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.
Күтілетін нәтиже:
асқақ арманды ақынның өмір жолын , кісілік тұлғасын оқушыларға насихаттау арқылы саналы білім беру;
ақын шығармашылығын оқи отырып елжандылыққа, ұлтжандылыққа , жауапкершілікке тәрбиеленеді;
төл әдебиетіміздің жанашырын қалыптастыра отырып, шығарма авторына деген құрмет сезімі нығаяды;
өз пікірін еркін жеткізіп, талдауға , пікір алмасуға қатыса отырып, сыни ойлай білетін белсенді, білікті, өзін-өзі тани білетін ілім-білімге жауапкершілігімен қарайтын тұлға қалыптасады;
Бағдарлама бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізе отырып, әдебиетке , ақындық өнерге деген сүйіспеншілігі оянады;
өлеңнің теориясы, құрылысы, техникасы жайында толық мәлімет алады.
Ұйымдастыру формасы: дәстүрлі сабақ, талдау, мәнерлеп оқу, салыстыру, зерттеу , ізденіс сабақ, пікір алмасу, сыр-толғау, лекция сабақ, поэзиялық семинар.
Курстың аяқталу формасы: поэзиялық семинар, «Әбділда оқулары» байқауы, конференция сабақ , реферат қорғау, тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: тарих , әдебиет, қазақ тілі, сурет, музыка.
Көрнекілігі: суретті альбомдар, буклет, дәйек сөздер, сөзтізбектер, баспасөз деректері, шығармалар жинағы, кеспе қағаздар.
Оқушыға қойылатын талап:
Білу:
-ақынның әдебиет тарихында алар орнын айшықтау.
Сипаттау:
-шығармаларының мазмұн мен идеясын тану.
Айыра білу:
-әдеби теориялық ұғымдарды шығармадан таба білу.
Қолдана білу:
-курстан алған білім , білік, дағдыларын практикада, өмір лік тәжірибеде қолдана білу.
Уақыт өлшемі: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Нормативтік бөлім: «Әбділдатану» курсына арналған бағдарлама 8-сынып оқушыларының білім деңгейіне лайықталып жасалған. Бағдарламада ақынның мектеп бағдарламасында өтілмейтін шығармалары қамтылған. Бағдарлама 5 бөлімнен тұрады:
1 Ақындық мектептің алғашқы баспалдағы (прозалық шығармалары)
2 Туған жер ақын көзімен (туған жер тақырыбындағы лирикалары)
3 Арқалы ақын (ақынның поэзиялары)
4 Ақын поэмалары
5 Сан қырлы талант (драмалық шығармалары)
1 «Ақындық мектептің алғашқы баспалдағы» бөлімінде Әбділда ақынның прозалық шығармалары енгізілген. Ақынның өмірі, ақындық жолға түсуіндегі бел-белестер, анасы жайлы, өмір туралы үздік туындыларын оқытуды көздейді.
2 «Туған жер ақын көзімен» бөлімінде ақынның туған жерге арнаған лирикалары оқытылады. Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыласы мен ерекше ілтипатқа ие туындылары мектеп бағдарламасында өтетін шығармаларымен байланыстырыла жүргізу көзделген.
3 «Арқалы ақын (ақынның поэзиялары)» бөлімінде сан қырлы поэзияларын оқыту көзделген. Шығармаларын оқыту барысында адамгершілікке, ұлтандылыққа, парасаттылыққа, достық қарым – қатынасты берік ұстауға баулу көзделген.
4 «Ақын поэмалары» бөлімінде ақынның ең үздік сыршыл туындылары оқытылады. Пөэма жазудағы шеберлігі, өлең құрылысы мен техникасы жайында мәлімет беріледі.
5 «Сан қырлы талант (драмалық шығармалары)» бөлімінде театр сахнасынан әлі күнге түспеген төл туындылары оқытылады. Әдебиет теориясынан білім бере отырып, ақын шығармашылығын жан-жақты талдауға қалыптастыру көзделген.
Пайдаланатын әдебиеттер: 1) Әбділда Тәжібаев 5 томдық шығармалар жинағы.
2) Ш.Елеукенов «Ғасырмен сырласу» , 3)
«Әбділдатану» қолданбалы курсы бойынша авторлық бағдарлама
І тоқсан , 9 сағат
Р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Өту формасы
|
1, 2
|
Сыр елінің саңлақ ұлы - Әбділда (Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру)
|
2
|
Дәріс сабақ
|
Ақындық мектептің алғашқы баспалдағы
|
3
|
«Алғашқы асулар» (оқу , талдау)
|
1
|
Шығармашылық
|
4
|
«Апам туралы әңгіме» (оқу , талдау)
|
1
|
Ізденушілік
|
5
|
«Палуан аға» (оқу , талдау)
|
1
|
Салыстыру
|
6
|
«Есею жолында» (оқу ,талдау)
|
1
|
Пікір алмасу
|
|
«Мен сендердің біріңнен кем емеспін» ( оқу , талдау)
|
1
|
Ізденіс сабақ
|
Туған жер ақын көзімен
|
7
|
«Сыр жырлары» (мәнерлеп оқу )
|
1
|
Талдау , түсіндіру
|
8
|
«Сыр туралы сыр» (мәнерлеп оқу )
|
1
|
Салыстыру
|
9
|
«Атамекен» (жаттау)
|
1
|
Талдау
|
ІІ тоқсан , 7 сағат Арқалы ақын
|
1
|
«Қазақстан»
|
1
|
Ізденушілік
|
2
|
«Жас қазақ»
|
1
|
Талдау
|
3
|
«Арыс құмы»
|
1
|
Мәнерлеп оқу
|
4
|
«Ана»
|
1
|
Шығармашылық
|
5
|
«Әке жыры»
|
1
|
Талдау , түсіндіру
|
6
|
«Ана мен бала»
|
1
|
Мәнерлеп оқу
|
7
|
«Әбділда – сыр сұңқары» (поэзиялық семинар)
|
1
|
Қорытынды
|
ІІІ тоқсан , 10 сағат
|
1
|
«Жұлдыз - қыз»
|
1
|
Ізденіс сабақ
|
2
|
«Айтыс»
|
1
|
Рөлдік оқу
|
3
|
«Айна бұлақ»
|
1
|
Мәнерлеп оқу
|
4
|
«Сырласу»
|
1
|
Талдау
|
5
|
«Әбділда оқулары» байқауы
|
1
|
Шығармашылық сайыс
|
6
|
«Жұлдыз - қыз»
|
1
|
Талдау
|
7
|
«Ой үстінде»
|
1
|
Түсіндіру , талдау
|
8
|
«Ақ тілек»
|
1
|
Мәнерлеп оқу
|
9
|
«Досыма» , «Дос туралы»
|
1
|
Шығармашылық
|
10
|
«Бір ақын туралы әңгіме»
|
1
|
Талдау
|
ІV тоқсан , 8 сағат Ақын поэмалары
|
1
|
«Қазақстан – алтын сандық»
|
|
Зерттеу сабағы
|
2
|
«Нартай»
|
|
Шығармашылық
|
3,4
|
«Ақын», «Сүйінбайдың домбырасы»
|
2
|
Оқу талдау
|
Сан қырлы талант
|
5
|
«Көтерілген күмбез» драма
|
1
|
Инстинировка
|
6
|
«Монологтар» драмалық поэма
|
1
|
Ізденіс сабақ
|
7
|
Сырда туған сыршыл ақын
|
1
|
Конференция сабақ
|
8
|
Жылдық қайталау
|
1
|
Тест жұмысы
|
Достарыңызбен бөлісу: |