Эмбриондық хондрогенез. Шеміршек тіні эмбриогенезе мезенхимадан үш кезең арқылы дамиды:
1-кезең хондрогенді аралшықтар қалыптасу стадиясы-мезенхимоциттер дөңгелектеніп , өзіндік өсінділерінен айырылып ж/е бөлінуге ұшырайды.
Бұл кезеңде I-типті коллаген, гиалурон қышқылы ж/е фибронектин өндіреле бастайды.Фибронектин-жасушалардың бір-бірене жабысуын қамтамасыз етіп хондрогенді аралшықтарға біріктіреді. Бұл кезең- дің ж/е жартылай дің(прехондробластар) жасушаларына сәйкес.Бұл жасушалар хондробласттарға айналу қабілетіне ие
2-кезең -біріншілік шеміршек тіннің қалыптасу стадиясы-прехондробласттар хондробласттар қызметі мен функцияларын иегеріп, маманданады.Бірінші кезеңдегі жабыстырушы фибронектин жойылып,хондоргенез басталады. Синтезді органоидтар дамуы есебінен-грЭПТ, Гольджи кешені,митохондрия сияқты ЖАЗ дың негізгі құрамдас бөлігі II-типті коллаген , гликозо аминогликандарды секрециялап,өндіре бастайды..Нәтижесінде біріншілік шеміршек тіні қалыптасады.
3-кезең –шеміршек тінінің мамандану стадиясы- Хондробласттар қызметі- ЖАЗ дың метахромазиясын анықтайтын, сульфатталған гликозоаминогликандарды ж/е өзіндік арнайы қасиеті бар ақуыздарыды дифференциялық,байланыстырушы қабілетіне ие өндіреді.Бұл кезеңде байланыстуршы ақуыздар мен гиалурон қышқылының қатысуымен,протеогликандар түйіршіктерге бірігеді.
Шеміршек тінінің жасқа байланысты өзгерістері Шеміршек тінінде өзгерістер негізінен-гиалиндік шеміршек тінінде өтеді.Бұған шеміршек матриксі де ж/е шеміршек жасушалары қатысады.
Жалпы шеміршек тінінде жасқа байланысты өзгерістер-
1-ден пролиферациялық процесс әлсірегендіктен,жасушааралықзаттағы жасушалар саны азаяды.
2-ден I-типті, II-типті хондроциттер III-типті хондроциттерге айналады.Ал III-типті хондроциттреде синтездік аппататтың төмендеуімен сипатталады. Гольди кешені, митохондрия, грЭПТ мөлшері азаяды .Сонымен,инволюциялық процесспен морфологиялық ж/е физиологиялық қасиетттердің қарапайымдануымен сипаттталады.
Қартаю кезінде коллагенді фибрилдердің ұзындығы ұлғаяды,коллагенді талшықтардың будалары талшықсызданады ж/е олардың кеңістікте орналасу көлемі ұлғаяды.