13 – дәріс. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы ағымдар Мақсаты



бет1/2
Дата11.05.2022
өлшемі34,92 Kb.
#142207
  1   2
Байланысты:
13-дәріс


13 – дәріс. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы ағымдар


Мақсаты: Әдебиеттану ғылымының тарихындағы ағымдар мен бағытар, олардың әдебиет тарихын дәуірлеудегі қызметін айқындау.


Негізгі терминдер мен ұғымдар: ағым, бағыт, эстетикалық догматизм, биографизм, компаративизм, психологиялық мектеп, фрейдизм, формализм, социологиялық мектеп, мифологиялық мектеп, структурализм


Қарастырлатын мәселелер:

  1. Эстетикалық догматизм мектебі, биографизм мектебі өкілдері.

  2. Әлемдік өнердегі ағымдар мен бағыттар: компаративизм, психологиялық мектеп, фрейдизм, формализм, социологиялық мектеп, мифологиялық мектеп, структурализм т.б

  3. Қазақ әдебитіндегі ағымдар мен бағыттар

Филологиялық мектеп зерттеушілерінің көркем туындының мәтінімен ғана шұғылдануы. Бұл мектептің әдебиеттаудың тарихнама, әдеиеттер көрсеткіші салаларының дамуына игі әсері.


Эстетикалық догматизм мектебі. Көрнекті өкілі француз ақыны және ғалымы Никола Буало. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар, рыцарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бұл мектептің жалғандығын, айтылмыш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеп берді.
Биографизм мектебі өкілдері әдебиет тарихындағы суреткерлердің рухын танытуды мақсат етеді. Биографизм мектебі зерттеушілерінің әдебиеттің тарихын, теориялық тұжырымдарды емес, жазушының өзіндік тұрмыстық, іс-әрекеттерін тәптіштеп қарастыратыны.
Мәдени-тарихы мектеп биология ғылымындағы Дарвин теориясын әдебиеттануға қолданады. Көрнекті өкілі Ипполит Теннің «Ағылшын әдебиетінің тарихы» еңбегі, онда шығармашылықты тану ұсынылған үш буын: нәсіл, орта, сәт.
Салыстырмалы-тарихи әдебиеттану немесе компаративизм. Өкілдері: А.Н. Веселовский, В.М. Жирмунский, Н.И. Конрад (Ресей), Ф.Бальдансперже және Пван Тигем (Франция), В.Фредерих және Р.Уэллек (АҚШ), К.Ваис (Германия), М.Х. Маданова, Н.Жуанышбеков (Қазақстан), т.б.
Психологиялық мектеп (ХІХ ғ. 1870 ж. және ХХ ғ. басы) Әдебиеттанудағы (эстетикадағы) мынадай мәселелерді қарастырды: 1) көркем шығарманың негізгі келбетін және деректілігін айқындайтын суреткердің рухани болмысын, зейінге қабылдайтын шығармашылық психологиясын; 2) қабылданатын субъектіден шығарма мазмұнының тәуелділігін назарға алатын көркемдік қабылдау психологиясы.
Психоаналитикалық мектеп немесе фрейдизм. (ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ. Басында негізін салған Австрия ғалымы, психиатр, философ, Зигмунд Фрейд) Бұл бағыт бойынша суреткердің жан жүйесінің психологиялық, беймәлім сырлары, түйсінуі, сезінудің тылсым құпиялары, жұмбақ сипаты.
Формализм мектебінің көзқарастары: өнердегі түрді басты нәрсе ретінде бағалау, өлең құрылысын, әуезділік заңдылықтарын, ұйқас, ырғақ, сюжет бөліктерін ерекше зерделеу.
Социологиялық мектеп. Әдебиеттануда өнертануда туындылардың мазмұны мен пішіні ондағы сословиелердің, таптардың, партиялардың мүдделері бейнеленуі тұрғысынан қарастыратын бағыт. Көркемдік мағыналықты танымдық (гносеологиялық), эстетикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың тұтастығы тұрғысында қарастырады, өзіндік мәні бар принциптерді өнерді талдауға қолдануда тұрпайы социолизмге («вульгарный социологизм») айналған.
Мифологиялық мектеп (XIX ғ. Алғашқы отыз жылында неміс ронактиктері қалыптастырған) – фольклортану мен әдебиеттану зерттеулерінде фольклор мен әдебиеттің пайда болуы мен дамуындағы мифологияның негіз болғандығын қарастырды. Көрнекті өкілдері өнердің халықтығын, мифологияны, фольклорды және әдебиетті салыстырмалы-тарихи тұрғыда оқып-үйренудің мәселелерін ғылыми тұрғыда бағалауды ұсынды.
Структурализм бағыты. (Ғылыми-философиялық ағым). ХХ ғ. 20-жылдарында қалыптасқан. Структуралық әдісті, модельдерді семиотика элементтерін, формалануды және математикаландыруды лингвистикада, әдебиеттануда, этнографияда, тарих, т.б. қолдануда ұстануда. Структурализм зерттеулерінің нысаны – мәдениетті таңбалық жүйенің (тіл, ғылым, өнер, мифология, сән, жарнама) жиынтығы тұрғысында қарастыру, өкілдері.
Бұдан басқа да (интуитивизм, формализм, т.б) ағымдардың, мектептердің әдебиет тарихындағы ықпалы туралы ғылыми-теориялық пайымдаулар.
Әдебиеттің тарихын жасау – оның жүріп өткен жолдарын, әдеби құбылыстарын сол кездердің әлеуметтік-тарихи жағдайы аясында, қоғамдық оқиғаларымен тығыз байланыста қарастыру деген сөз. Өйткені, әдебиет дегеніміз – белгілі бір қоғамдық өмірдің, дәуірдің тұтастай алғандағы көркем бейнесі. Әлеуметтік өмірдің зәру проблемалары сол дәуірдің әдебиетінде қаншалықты көрініс тапқандығын, уақыт талабына, ұлттық, халықтық мүдделерге қаншалықты жауап беріп, қызмет ете алғандығын анықтау әдебиет тарихшысының алдында тұрады. Мұның өзі зерттеушіден бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен, оның ішінде зерттеу әдістерімен де толық қарулануды қажет етеді. Етіп қана қоймайды, талап етеді.
Әдебиет жекелеген қаламгерлерден тұрады. Шын мәніндегі әрбір талантты қаламгер – өзгеге ұқсамайтын қайталанбас өнер иесі ретінде әдеби құбылыс. Сонымен бірге әдебиеттің ірі өкілдерін, белгілі бір дәуірдің, ұлттың әдебиетін басқалармен іштей байланыстырып тұратын, сырт көзге онша байқала бермейтін ұқсастықтар да болады. Барлық әдебиеттерде кездесетін ортақ ұқсастықтар олардың өзгеге ұқсамайтын өнерпаздық қолтаңбасы мен ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Мұндай жағдай екі түрлі себептерден болуы мүмкін. Оның біріншісі әдебиет өмір сүріп отырған қоғамдық-мәдени ортаның ұсастығынан болса, екіншісі – әдеби байланыстардың әсері. Әдеби ортақ қасиеттер бір ағымдағы қаламгерлерді, ұлттық әдебиет, одан қалды ұлттық әдебиеттерден тұратын әлемдік әдебиет өкілдерін жұмыр жердегі бүкіл адамзаттың бақытты өмір сүруі үшін күресінде бір-бірімен жақындастырып, ізгілікті істерге жұмылдыра түседі. Міне, осындағы қоғамдық дамудың бірдейлігінен пайда болған әдебиеттегі ұқсастықтарды типологиялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындайды.
Көркем әдебиетің бірнеше құрылымдық қатпарлары бар. Оның ең сыртында әлеуметтік, ең ішкі жақтарында көркемдік қатпарлары орналасқан. Бірінсіз бірі жоқ. Бұлар бір-біріне алғышарттар жасап, біртұтас өмір сүруді қамтамасыз етеді. Әдеби шығарманың көркемдік қасиеттерін бағалау алдымен, оның «сыртындағы» әлеуметтік қырларын анықтаудан бастау алады. Сондықтан да белгілі бір туындыны, қаламгерді, әдеби дәуірді бағалау сол дәуірдің қоғамдық-саяси өміріне экскурстан басталады. Өйткені, қаламгер де – қоғам мүшесі. Суреткер де қоғамда болып жатқан оқиғалардан тыс қала алмайтыны сияқты бұлардың да оның шығармашылығына әсері болмай қоймайды.
Жалпы, әдебиеттің дамуы қоғамдағы саяси-әлеуметтік ахуалға тікелей байланысты. Өмірге келген әрбір шығарманы қоғамда жүріп жатқан түрлі әлеуметтік процестердің тікелей салдары десе де болғандай. Сондықтан да әдебиетті зерттеу осы әдебиетті өмірге әкелген, оның осындай болуына әсер еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға алдымен назар аударады. Әдебиеттің әлеуметтік қырларын ашуға типологиялық зерттеулер көмектеседі. Әдебиетті типологялық тұрғыдан зерттеу көркемдік дамудағы ортақ ағымдарды, ұқсастықтарды анықтауды мақсат тұтады. Нақтылай түссек, ұлттық әдебиеттердегі, одан қалды әлемдік әдебиеттегі қоғамдық дамудың салдарынан туындаған ортақ сарындарды, олардың көркем туындыдағы көріністерін зерттейді. Жеке қаламгерге келгенде, оның шығармашылығына өз дәуірінің әсерін, өзіне дейінгі және басқа да әдебиеттермен ұқсас болу себептерін ашады.
Зерттеуші әдебиеттің көркемдік қыр-сырларын аша түсу үшін оның осылай болу себептеріне үңіледі. Әдеби шығарма туылмастан бұрын оның жазылуына, жазылғанда да дәл осылай шығуына тікелей әсер еткен саяси-әлеуметтік, тұрмыстық факторларды анықтау көркемдік әлемінің ішіне кіргізер кілт іспеттес. Себепсіз салдар болмайды. Әдебиетті әдебиет қылған да, қудалап құлдыратқан да –заманы, сол қоғамда жүріп жататын түрлі саяси жағдайлар. Осындай мағлұматтардың барлығы да – зерттеліп отырған әдебиеттің, әдеби дәуірдің қыр-сырларын аша түсуде әдебиет тарихшысы үшін аса құнды деректер.
Әдебиетті, әдебиеттің тарихын типологиялық зерттеуге қарсылар да бар. Неміс ғалымы В. Кайзер «Сөз өнері» атты кітабында әдебиет ғылымы көркем шығарманы зерттеуі керек, ал «әдебиеттің ішінен» тысқарының барлығы да, атап айтқанда, жазушының өмірбаяны, тұлғасы, жасы, араласқан адамдары, өмір сүрген ортасы сияқтылар әдебиеттанудан тыс мәселелер деп біледі. Сол сияқты әдебиеттің таза көркемдік құрылысын анықтауды басты міндет санайтын «структурализм», көркем шығарманы жаңа түр санап, оны формалық жағынан ғана қарастыратын «формализм», жазу атаулының барлығын «таңба» ғана деп білетін «семиотика» секілді әдебиеттанудағы ғылыми ағымдар типологиялық тұрғыдан зерттеуді онша мойындай бермейді.
Мұндай пікірлердің дұрыс жағы да, дұрыс емесі де бар. Дұрыс емесі – типологияны жоққа шығарып, әдебиетті тек қана көркемдік тұрғыдан, онда да менің ғана тәсіліммен зертте деп, көркем әдебиеттің әлеуметтік сыпатын елемеуі. Дұрысы – әдебиет зерттеушілерін типологиялық зерттеулермен тым әуестене бермей, басқа да әдістердің бар екендігіне назар аудару.
Біздіңше, қоғамдық өмір аса күрделі болса, сол өмір шындығының көркем бейнесі саналатын көркем әдебиет те соншалықты күрделі. Оны бір ғана зерттеу тәсілімен зерттеп, көркем шығарма ретіндегі қасиеттерін ашып беру мүмкін емес. Қоғамдық өмірдің түрлі жақтарын сандаған ғылым салалары зерттейді. Сондықтан да әдебиетте көрініс тапқан әлеуметтік өмірдің түрлі жақтарының қалайша бейнеленгенін анықтауға типологиялық зерттеу көмекке келеді.
Типологиялық зерттеулердің аясы өте кең. Ол жекелеген қалам иелерінің шығармашылықтарындағы ұқсастықтардан бастап әлемдік әдебиеттегі ортақ сарындарға дейін қамтиды. Әдебиеттер арасындағы ұқсастықтардың тарихи дамудың бірдейлілігінен, не әдеби-мәдени қарым-қатынастардың әсерінен екендігін анықтап, осылай болудың жалпыға ортақ заңдылықтарын аша түсуге талпыныс жасайды.
Сонымен типологиялық тұрғыдан зерттеу әдебиеттердің арасындағы ұқсастықтарды көркем шығарманың құрылысы, идеясы, образ, сюжет, стиль, әдеби жанр, әдеби ағым, әдеби бағыт, әдеби дәуір, әдеби процесс, ұлттық әдебиет деңгейлерінде қарастырып, олардың ортақ заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Яғни, қоғамдық ортаның әдебиетке тікелей әсерлерін, көркемдіктің қыр-сырларын әлеуметтік жағынан келіп ашуға ұмтылады.
Типологиялық зерттеулердің дұрыс бағытта жүруіне дүниетанымдық көзқарас ерекше рөл атқарады. Зерттеушінің білім деңгейінің, өмірлік тәжірибесінің мол болуы, зерттеу әдістерін меңгеріп, оларды орынды қолдана білуі типологиялық ізденістердің жемісті болуының бірден бір шарты.
Әдебиет тарихын зерттегенде, негізгі міндет – стиль, ағым, бағыт, әдеби мектептерге назар аударып, сол дәуірдің әдеби өміріндегі басты тенденцияларды анықтау болса, мұны жалаң күйінде емес, тарихи тұрғыдан, сол кездің саяси-әлеметтік өмірі аясында танып білуге көмектесетін әдістер бар. Әдебиет тарихын зерттеуде қолданылып жүрген зерттеу әдістері төмендегідей:
1). Биографиялық. Бұл әдіс бойынша, әдеби туынды оның авторының өмірбаянымен байланыста, өмір жолының тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады.
2). Мәдени-тарихи әдіс әдебиетті зерттеп отырған дәуірдің мәдени-тарихи жағдайымен тығыз байланыста, сол дәуірдің жемісі, бір көрінісі тұрғысынан қарастыруды талап етеді.
3). Салыстырмалы-тарихи метод әдебиетті өзіне дейінгі, сол дәуірдегі басқа да қаламгерлермен, әдебиеттермен салыстыра отырып, зерттейді. Бұл әдісті қолданғанда, салыстыруға болатын, болмайтын жағдайларды айыра білу қажет.
4). Әлеуметтік (социологиялық) әдіс әдебиеттің қоғамдық қырларына, идеялық жақтарына көбірек мән береді. Мұнда көркем әдебиеттің басты мақсаты қоғамдық өмірдің толыққанды бейнесін жасау, өмірді жақсартуға көмектесе алатын идея ұсыну санап, соларды анықтауға күш салады.
5). Формальдық тәсіл көркем шығарманы белгілі бір формадағы өнер туындысы деп қарап, әдебиеттану ғылымының басты мақсаты көркемдік дамудағы формалық жаңалықтарды анықтау деп біледі. Формальдық метод кейіннен структурализмге, ол өз кезегінде жүйелі (системно)- структурализмге ұласты.
6). Тарихи-функциональды метод. Әдебиетті қоғамда атқаратын үгіт-насихатшылық, тәрбиешілік, эстетикалық, ұйымдастырушылық секілді қызметтеріне қарай қарастырады.
7). Тарихи-генетика көркем шығарманың туу негіздерін, себептерін зерттейді.
8). Тарихи-теориялық тәсіл әдебиетке теориялық жағынан келіп, сол дәуірде тарихи қалыптасқан көркем формалардың тарихи санада көрініс табуы, дамуы зерделенеді.
9). Мифология әдебиетті бір елден екінші елге ауысқан аңыздардың, ортақ сюжеттердің жаңа ортада басқа ұлттық формада көрінісі санайды.
Әдебиетті, оның тарихын зерттеу әдістері мұнымен шектеліп қалмайды. Көркем әдебиетті қоғамдық өмір туғызған тұтас бір өнер туындысы ретінде емес, оны бір жақты ғана зерттейтін семиотика, структурализм, математикалық, т. б. әдістер толып жатыр. Әрине, бұлардың барлығын да жоққа шығаруға болмайды. Орынды пайдалана білсе, көркем әдебиеттің сан қырларын аша түсуге септігін тигізері анық. Бірақ та негізгі зерттеу әдісі ретінде қолдануға келгенде, мүмкіндіктері шектеулі.
Өмір қаншалықты күрделі болса, оның көркем бейнесін жасайтын әдебиет те сан қырлы. Қоғамды, табиғатты қаншама ғылым салалары зерттесе, солар көрініс табатын бір ғана әдебиетті танып білудің, талдаудың да соншалықты талдау амалдарын қажет еткен қиындықты алдан шығады. Демек, көркем әдебиетті бір ғана амалмен, тіпті әдебиеттану ғылымының тәсілдерімен зерттеумен шектеліп қалуға болмайды екен.
Ғалым ғылыми ізденістер барысында өзіне оңтайлы, өзі көркем шығарманың маңызды жағы санап отырған тұстарын ашып көрсетуге көмектесетін әдістерді ғана қолданады. Ол жеткіліксіз болса, қашан алға қойған мақсатына жеткенше, қажетіне қарай, келесісіне көшіп, қатарынан бірнеше тәсілдерді қолдануы мүмкін. Бұлардың ішінде біреуі негізгі де қалғандары көмекші. Тіпті, тұтас бір дәуір бейнеленген көркем туындының көркемдік қасиеттерін ашып көрсету үшін бір ғана әдебиеттану ғылымының әдіс-амалдары жеткіліксіздік танытып, ондай кездерде басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктері мен зерттеу тәсілдерін пайдалану да – жиі кездесетін жәйт. Сондықтан да соңғы кездердің әдеби зерттеулерінде кешенді талдауды көбірек қолдануға ұмтылыс бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет