13 Апта: Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел. Дәрістің жоспары



бет27/92
Дата22.04.2022
өлшемі95,99 Kb.
#140488
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
13 апта лек. ҚАЗАҚСТАН - ЗАМАНАУИ ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЕЛ.

2. Біз қайда бара жатырмыз?
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

  • Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

  • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

  • Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

  • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

  • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

  • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.

  • Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

Бүгін, сонымен қатар, мен 2050 жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттерді атағалы отырмын.
Осы міндеттерге сәйкес Үкімет шұғыл түрде 2013 жылғы жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.
Осынау аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс. Президент Әкімшілігі оны дайындау және кейіннен іске асыру барысын ерекше бақылауға алуға тиіс.
Енді мен "Қазақстан 2050" Стратегиясының негізгі бағыттары туралы өз пайымдауымды алға тартқым келеді.
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет