130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте



бет60/115
Дата08.06.2023
өлшемі5,68 Mb.
#178440
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Байланысты:
130 ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ҚМЖ 1

Сабақтың ортасы

(Т) 1-аялдама: «Ақпараттар» аялдамасында шағын топтар
суретте берілген жазушылар туралы білімдерін ортаға салады.
Дескрипторы:
1. Тарау бойынша оқылған материалдарды еске түсіреді.
2. Ақпараттарды тірек сөздер арқылы жазады.
ҚБ: Бағалау парақтарына дескрипторды негізге алып, өзін-өзі
бағалап, белгі қояды.
Келесі аялдамаға бару үшін шағын топтар сағат тілі бағыты
бойынша орын ауыстырады.
2-аялдама: «Сұрақтар» аялдамасында әр шағын топ жеңіл
сұрақтар қояды: ≪Ақдауыл хан≫ ертегісіндегі оқиғаның басталуына не себеп болды? Ертегінің басты кейіпкері кім?
Күрделі сұрақ: Ертегінің негізгі ойы не деп ойлайсың?
Ертегідегі оқиға қалай шиеленісіп, дамыды?
Берілген сұрақтарды топта талқылап, ойларын ортаға салады.
Дескрипторы:
1. Тірек сөздер негізінде 1 жеңіл, 1 күрделі сұраққа жауап
тауып айтады;
2. Ханның жүрген жолын сызба арқылы бейнелеп, сол
бойынша мазмұнын әңгімелейді.
ҚБ: Бағалау парақтарына дескрипторды негізге алып өзін-өзі бағалап, белгі қояды.
Сағат тілінің бағытымен қозғалып, келесі топқа барады.
3-аялдама: «Жауаптар» аялдамасында сөздікті қажетті
сөздермен толықтырады. Өз жауаптарын деректермен негіздейді.
Дескрипторы:
1. Сұрақтың ықтимал жауаптарын ұсынады;
2. Жауаптарды деректермен негіздейді.
ҚБ: Бағалау парақтарына дескрипторды негізге алып өзін-өзі
бағалап, белгі қояды.
Сағат тілінің бағытымен қозғалып, келесі топқа барады.
4-аялдама: «Терминдер» аялдамасында өлеңнен аллитерация,
ассонанс дыбыстарды атайды
Әр ауылы – ән атау,
Жетісу – жер жаннаты.
Асқаралы Алатау,
Құшағында – Алматы.(А. Сейтақ)
Дескрипторы:
1. Термин сөздерді еске түсіреді.
2. Әдеби көркемдегіш құралдарды қолданады.
Ұжымға жариялайды.
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
Сағат тілінің бағытымен қозғалып, келесі топқа барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет