!1-ТС Алгебра каз 8 класс каз



Дата30.01.2022
өлшемі411,69 Kb.
#130213
Байланысты:
!1-ТС Алгебра каз 8 класс каз
!1-СОР Алгебра 8 классс каз 060418-конвертирован, алг ҚГБ Бжб, 10SYNYPBJB 1178 1200 1178 Y 1178 NEGIZDERI ZhMB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB, эссе жазуға көмекКІТАП, 33 ересек, Ғарышкер ашық сабақ (3), сілтеме есеп



«Алгебра» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы


8-сынып

МАЗМҰНЫ


1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 3
4. «Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері 4
5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандар бойынша бөлу 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7. Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23


1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.


3. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер




Білу:
- қарапайым математиканың, статистиканың негізгі ұғымдарын білу;
- қарапайым математиканың негізгі формулаларын білу;
- статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін білу;
- сандар жіктемесін білу;
- нақты сандармен есептеу амалдарын білу;
- алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін білу.


Түсіну:
- математиканың академиялық тілін түсіну;
- сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін түсіну;
- квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты түсіну;
- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын түсіну;
- таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын түсіну.


Қолдану:
- практикалық есептерді шешуде математикалық білімін қолдану;
- мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны қолдану;
- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді қолдану;
- математикалық есептерді шешу алгоритмдерін қолдану;
- нақты сандарды есептеу амалдарын қолдану.


Талдау:
- математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын қасиеттерін;
- теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді қасиеттерін;
- график, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін қасиеттерін;
- статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді қасиеттерін;
- рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді қасиеттерін;
- функциялардың қасиеттерін. 


Жинақтау:
- математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін жинақтау;
- статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жинақтау.
Бағалау:
- берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын бағалау;
- есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет