Когеренттілік деп - бірнеше тербелмелі немесе толқындық процесстердің кеңістік пен уақыт бойынша үйлесімді өтуін айтады. Яғни, кеңістіктің бір нүктесінде екі тербелістің фазалар айырымы уақыт бойынша өзгермесе, Δφ = const онда ол когеренттілік болады. Ал бастапқы фаза кездейсоқ өзгерістер әсерінен бастапқы мәнінен өзгеше мән қабылдайтын уақыт когеренттілік уақыты деп аталады.
Фазалар айырымының π шамасына жететін ара қашықтық когеренттілік ұзақтығы деп аталады.
Сонымен, толқын жиіліктері бірдей, фаза айырымы уақыт бойынша тұрақты болса, онда жарық толқындарының интерференция құбылыс байқауға болады.
Гюйгенс - Френель принципіне сәйкес, қандай да бір S жарық көзімен қоздырылатын жарық толқыны жалған «сәуле шығаратын» когерентті екінші толқындардың суперпозицияларының нәтижесі ретінде көрінуі мүмкін.
S жарық көзін қамтитын кез келген тұйық беттің шексіз шағын элементтері осындай көздер болуы мүмкін. Әдетте, толқындық беттердің бірі осы бет ретінде таңдалынады, сондықтан бүкіл когерентті екінші реттік толқындар интерференциялардың нәтижесі болып саналады.
Огюст Жан Френель
(1788 - 1827)
Гюйгенс – Френель принципі толқындық теориялар шеңберінде жарықтың түзу сызықты таралуы туралы сұраққа жауап беруі тиіс болатын.
Френель бұл міндетті екінші реттік толқындардың өзара интерференциясын қарастырып және Френель аймағы әдісі деп аталған тәсілді қолдана отырып шешті
Сонымен, екі немесе одан да көп көгерентті жарық толқындарының өзара тоғысу кезінде пайда болатын жарықтың күшею (max) және әлсіреу (min) құбылысын интерференция деп атайды.
Көгерентті жарық толқындары дегеніміз жиіліктері бірдей фазалар айырымы тұрақты жарық толқындары.
Қорытқы кернеулігі:
Интенсивтілігі:
I = E 2 Қорытқы интенсивтілік
Интерференция құбылысының пайда болуы
S1 және S2 жарық көздері мен экран орналасқан ортаның сыну көрсеткіші n болса, онда жарық толқындарының оптикалық жол айырымы мынадай болады:
Δ оптикалық жол айырымы σ геометриялық жол айырымы мен n сыну көрсеткішіне.
Δ = σ*n Р нүктесіндегі жарықталудың максимум шарты:
мұндағы m = 1, 2, 3, … ( жарты толқынның жұп сан еселігі )
Р нүктесіндегі жарықталудың минимум шарты:
мұндағы m = 0,1, 2, 3, … ( жарты толқынның тақ сан еселігі )