14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша 2014-2015 оқу жылында істелінген жұмыстарына жылдық қорытынды талдау



бет13/18
Дата10.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#11223
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

10-күн

Онкүндіктің соңғы күні мектептің мәжіліс залында «Қайырымдылық жылы жүректен» қамқорлық акциясы мен өнер фестивалі өтті. Өтілген іс-шараға мектеп ата-аналары спонсорлық көмек көрсетіп жағдайы төмен отбасы оқушыларына 5б сыныбынан қамқорлықтағы оқушы Семей Толғанайға спорттық киім берілсе,8г сынып оқушысы Моисеенко Каринаға мектеп формасы берілді. Бірнеше төменгі сынып оқушыларына мектеп оқу құралдары таратылды. Қамқорлық акциясы мектеп ұстаздары мен оқушылары, ата-аналары қатысуымен өнер фестивальімен аяқталды.






Мектеп дәлізінде мектепалды сыныптары және 1-7 сыныптар аралығында «Өзін-өзі тану біздің әлеміміз» атты сурет көрмесі және «Өнерлі бала сүйкімді» қол өнері көрмелері ұйымдастырылды.


Дене шынықтыру пәні мұғалімдері 2-3-ші сыныптар арасында «Денсаулық-өмір негізі» атты спорттық жарыстар өткізді.
Онкүндік материалдары Білім шапағаты газетінде, «Жетісу» телеарнасында көрініс тапты.
Дайындаған К.Алмашева.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет