14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша 2014-2015 оқу жылында істелінген жұмыстарына жылдық қорытынды талдау



бет10/18
Дата10.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#11223
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
10 желтоқсан күні 3-сынып оқушылары арасында мектепішілік пән олимпиадасы өтті. Олимпиада математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндері бойынша қамтылды. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысып, жұлделі орындар белгіленіп, оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды. 2-сынып оқушыларының арасында пән аралық жарыс интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылықтары артты. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

12 желтоқсан күні апталықтың жабылуы болып, әр сыныптан «ең үздік дәптер», «ең үздік күнделік», «ең үздік оқу жылдамдығы» номинациясы бойынша оқушылар марапатталды.

Қорытынды.

1.Мұғалімдердің сабақ беру барысында ұйымдастыру іскерліктері байқалды. 2.Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды. 3.Жоспарланған сабақтар №32-34 кабинеттерде өткізілді. Сабақтың мазмұны: *Сабақтардың мазмұны бағдарламаға және сабақ мақсаттарына сәйкес жүргізілді. * Сабақ мазмұны оқуға қызығушылықтарын арттырды. Мұғалімнің жұмыс жүйесі: * Оқу жұмысының ұтымды түрлерін көрсетті. * Оқушылардың оқу жұмыстарын басқара білді. * Оқу мәліметтерінің мөлшерін анықтай білді. * Мұғалімдердің жүріс-тұрысы, сырт пішіндері, мінез-құлқы, әдебі, сөйлеу екпіндері талапқа сай. Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыра білуі. * Әр сабақта оқу мақсатын қоя білді. * Сабақ топтық, сыныптық түрінде байланыстырылды. * Оқушылардың білім, білік дағдылары дұрыс бағаланды. * Оқушылардың дамуына логикалық, сыни ойлау,салыстыру, қорытынды, тәжірибе арқылы және интербелсенді тақтаның қолдануымен жүзеге асты.

* Мұғалімдер интербелсенді тақтаны, көрнекі құралдарды жүйелі қолдана білді.


Мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес 13.04.15- 23.04.15 күндер арлығында «1,4 сыныптар аралығында әдістемелік онкүндігін өткізу» туралы бұйрығына сәйкес онкүндік өткізілді. Онкүндік жоспарында:


  • 11 ашық сабақ

  • 6 сыныптан тыс іс- шара өткізілді.

Пәндер бойынша әдебиеттік оқу пәнінен – 2-еу, ана тілі пәнінен – 2-еу, математика пәнінен- 3-еу, қазақ тілі пәнінен- 1-еу, дүниетану пәнінен-2 сабақ өткізілді . Жүргізілген сабақтар «Үйренгенім көп менің» тақырыбына сәйкес бағытталып өткізілді.

Мақсаты: «Сабақта қазіргі білім талаптарына сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының білім-білік дағдыларын арттыру, мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасу » Әр сабаққа қысқаша тоқталып өтсек:



Джамбаева Б.А. пәні ана тілі, тақырыбы: «Абылайхан», сыныбы 1ә. Сабаққа қысқаша талдау: Заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? ұғымы туралы білімдерін толықтырылды. Абылай хан шығармашылығының тарихи негіздері, оның мәні туралы оқушылардың білімін бір жүйеге келтіру барысына тығыз жұмыстар жүргізілді. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысын қалыптастырды.

Топтық жұмыс арқылы оқушыларға су тақырыбына берілген негізгі ойды түсінуде қызығушылықтарын арттырды. Оқытудың жаңа әдістері АКТ,СТО қолдана отырып, «Диалогтық оқыту» әдіс- тәсілдері арқылы оқушылардың сөздік қорымен жұмыс жүргізді. Абылай ханның суретіне қарап тұлғаға сипаттама беру: жауынгер, қолбасшы, қатал, батыр екендігін оқушылар айта алады.

-Хан бойында қанда қасиет болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Деген сұраққа жауап айта алады.

Кинодан үзінді:«Абылай хан» көрсетілді.



Иманкулова А.С. пәні әдебиеттік оқу, тақырыбы: «Бала Мәншүк» , сыныбы 4Б. Сабаққа қысқаша талдау: сабақ М.Хакімжанов шығармашылығымен таныстыра отырып, әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйрету барысында көркем мәтінмен жұмыс істей отырып,оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Оқып түйгендері туралы ой қорытындысын жасай білуге баулып, автор өмірімен таныстырды . Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға жағдай жасау.Іс-әрекетке сын көзбен қарап,өзіндік пікір айтуға үйретті. Мұғалім оқушылардың таным белсенділігін және әдеби тілмен сөйлеуіне аса көңіл бөлді. Бимолданова Г.М пәні математика, тақырыбы: «Теңдеу және оны шешу», сыныбы 1В. Сабаққа қысқаша талдау: сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың топпен жұмыс жасап, сұрақ- тапсырмалардың жауабын іздену барысында орындауға бағытталған. Теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін үйренген, өз ойларымен бөліседі,топтық бағалау жүргізе алады. Адам өміріндегі қажеттілігін ұғынады. Сабақты Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жылдығымен байланыстырды. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн екенін ашып айтып, түсіндірді.

Ахметбекова А.Е пәні дүниетану, тақырыбы: «Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы», сыныбы 1А. Сабақ барысында сынып оқушылары топқа бөлініп отырғызылды. Әр топ берілген тапсырмаларды талапқа сай орындады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болды, белсенділік таныта алды. Мұғалім сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды. Өсімдіктер тіршілігі туралы алған білімдерін жүйелеп табиғатты қорғауға қажетті білім біліктерін бекіп тереңдеді. Өсімдік тіршілік иелерінің денсаулығын қорғаушысы екенін ұғынды. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілеттерін дамытып, сөздік қоры молая түсті. Табиғатты сүюге тәрбиеледі. Торғаева А.Е пәні қазақ тілі, тақырыбы: «Одағай сөздер», сыныбы 4В. Сабаққа қысқаша талдау: Мұғалім сабақ беру барысында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып,сұрақ- жауап, әңгімелеу, салыстыру әдіс- тәсілдері арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп, мұғалімнің талабын орындады. Оқушыларға одағай және оның түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі туралы мағлұмат берді. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін сөздік қорларын дамыды. Ахметкалиева Ш.Е пәні ана тілі, тақырыбы «Құлын мінген бала», сыныбы 1Б. Сабаққа қысқаша талдау: Сабақ кең ауқымды қамтылған. Қазақстан туралы талай деректер келтірілді. Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлы туралы мәлімет берді. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы ойды анықтап, оқушылардың ой-өрісін кеңейтті. Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, тапсырмалар арқылы баланың есте сақтау қабілетін,топпен жұмыс істеу дағдысын дамытты. Оқушыларға Отанын,туған жерін мақтан етуге,ерлікті паш етуге тәрбиелеу барысында түсініктеме жүргізілді.

Джилкибаева Г.Х пәні дүниетану, тақырыбы «Егеменді еркін ел», сыныбы 4Ә. Сабаққа қысқаша талдау: Тақырыптың мазмұнын ашуға егеменді,  тәуелсіз ел жайында мемлекетімізге байланысты білім берілді. Оқып-білу жұмысын ұйымдастырып, мақсат қоя білуге және бұрынғы КСРО құрамы жайында ой өрбіді, білімдерін дамытты. Табиғатты қорғауға, елін,  жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеуге жұмыс жүргізілді. Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындап үйренді. Топтық жұмыс арқылы тақырыптың мазмұнын шығармашылық әрекет арқылы түсіндірді.

Жолжақсынова А.С пәні математика, тақырыбы: «Теңдеу», сыныбы 1Д. Сабаққа қысқаша талдау: Оқушыларға теңдеу және оны шешу жолдары туралы білімдерін тиянақтау жұмыстарын жүргізді. Танымдылы қабілетін, ой-өрісін дамытып, оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиеледі. Теңдеу элементтерін ұғынады. Сабақты биылғы Ұлттар Ассамблеясына 20 жыл толуымен байланыстырды. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұратынын түсіндірді. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Биыл Президетіміздің жарлығы бойынша ұлттардың татулығы достығы жылы болып саналатынын түсіндірді . Оқушылар теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін үйренген, өз ойларымен бөліседі,топтық бағалау жүргізе алады. Скакова Ж. пәні дүниетану, тақырыбы «Құстар», сыныбы 1Г. Сабаққа қысқаша талдау: Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі, жануарлар дүниесін қорғау туралы түсінік берілді. Сабақ барысында сынып оқушылары топқа бөлініп отырғызылды. Әр топ берілген тапсырмаларды талапқа сай орындады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болды, белсенділік таныта алды. Мұғалім сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды. Құстар тіршілігі туралы алған білімдерін жүйелеп табиғатты қорғауға қажетті білім біліктерін бекіп тереңдеді. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілеттерін дамытып, сөздік қоры молая түсті. Батырша С.Н пәні математика, тақырыбы: «Қайталау», сыныбы 4Ә. Сабаққа қысқаша талдау: Оқушыларға өрнек түрінде жазады, есептептеп шығара алады, логикалық тапсырмалар орындайды,есептер шығарады. Көбейту бөлу алгоритмді туралы оқушылардың білетіндерін нақтыланады. Геометриялық фигуралардың ауданын периметрін табуға есептер шығарады. Өзіндік пікір айтып, көзқарас білдіруі қалыптасады. Есептерді өрнектің мәнін табу,өрнек түрінде,санның кубын көбейтінді тұрінде жазып, шығаруды нақтылай түседі.
Сыныптарда сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

1В сыныбы. Сынып жетекшісі Бимолданова Г.М «Зоологиялық ассорти» ойын -сабағын өткізіп, оқушылардың қызығушылығы артты.

1Д сыныбы Жолжақсынова А.С «Көктемді қондырып қанатына» тәрбие сағатын қткізіп, құстар туралы мәлемет берілді.

1А,1Ә сыныптары Ахметбекова А.Е, Джамбаева Б.А «Білім сайысы» өткіізіліп, оқушылардың ой-өрісі кеңейді.

1Б,1Г сыныптар Ахметкалиева Ш.Е, Скакова Ж «Білім сайысы» сабағы өткізіліп, оқушылардың қызығушылығы артты.

4А,4Ә,4Б,4В сыныптар Джилкибаева Г.Х, Батырша С, Иманкулова А.С, Торғаева А.Е сыныптар арасында «Абай оқуларын» өткізіп, оқушыларды ынталандырды.

Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. 24 сәуір күні апталықтың жабылуы болып, әр сыныптан «ең үздік дәптер», «ең үздік күнделік», «ең үздік оқу жылдамдығы» номинациясы бойынша оқушылар марапатталды.

Қорытынды.

1.Мұғалімдердің сабақ беру барысында ұйымдастыру іскерліктері байқалды. 2.Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды. 3.Жоспарланған сабақтар №32-34 кабинеттерде өткізілді. Сабақтың мазмұны: *Сабақтардың мазмұны бағдарламаға және сабақ мақсаттарына сәйкес жүргізілді. * Сабақ мазмұны оқуға қызығушылықтарын арттырды. Мұғалімнің жұмыс жүйесі: * Оқу жұмысының ұтымды түрлерін көрсетті. * Оқушылардың оқу жұмыстарын басқара білді. * Оқу мәліметтерінің мөлшерін анықтай білді. * Мұғалімдердің жүріс-тұрысы, сырт пішіндері, мінез-құлқы, әдебі, сөйлеу екпіндері талапқа сай. Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыра білуі. * Әр сабақта оқу мақсатын қоя білді. * Сабақ топтық, сыныптық түрінде байланыстырылды. * Оқушылардың білім, білік дағдылары дұрыс бағаланды. * Оқушылардың дамуына логикалық, сыни ойлау,салыстыру, қорытынды, тәжірибе арқылы және интербелсенді тақтаның қолдануымен жүзеге асты. * Мұғалімдер интербелсенді тақтаны, көрнекі құралдарды жүйелі қолдана білді.


«Өзін-өзі тану» пәні онкүндігі
Қалалық білім бөлімі жұмыс жоспары бойынша ақпан айының 03-13 аралығында №14 орта мектеп гимназиясында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.
Тақырып: «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінің апталығын өткізу арқылы Бөбек қоры және оның негізін салушы С.Алпысқызының қайраткерлік қызметін көрсету;
-Әр түрлі шаралар ұйымдастыра отырып, оқушылардың өзіндік бейімділігін ашу, мінез-құлық қабілеттерін қалыптастыру; Адамгершілік қарым қатынасқа сүйіспеншілікке,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
-Өзін-өзі тану пәнінің жас өспірімді тәрбиелеудегі ролін арттыру.
1-күн

Онкүндіктің салтанатты ашылуы. Линейка.Оқушыларды онкүндік бойынша өтетін іс шаралармен таныстырып, мектеп бейнеқорынан «Рухани құндылықтар әлеміне саяхат» фильмі көрсетілді.


2-күн

Мектеп кітапханасында «Мен және өзін-өзі тану» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Баймулдинова С. Алпысқызының өмірі, қызметі туралы хабарлама айтып, кітаптарға библиографиялық шолу жасап өтті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет