16.Общая характеристика Класса птиц
Құстар - омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыдағы дамығандардың бiрi.Бүкіл жер шарында таралған. 8600-ға жуық түрі бар, оның 500-і Қазақстанда мекендейді. Денесi қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.Жылықандылар, қосарлы тыныс алу тән, клюв бар, жүйке жүйесі жақсы дамыған,ұшуға байл-ы қуық болмайды (ауа қапшықтары бар, асқорытуда жемсау пайда болған,қарыны безді,етті, жүрек-4камера, цевка пайда болған )Құстар барлық географиялық аймақтарда таралған. Сыртқы пiшiнi мен тұрқы әр алуан. Ең кiшкентай құс колибри дене тұрқы арадай, ең үлкен құс африка түйеқұсы биiктiгi 275 см.Денесі жинақы, жұмыртқа тәрізді. Қанат құлаштарының ұзындығы 3-4м жетеді.Зерттейтін ғылым – орнитология.
17.Общая характеристика и строение пресмыкающихся
Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Рептіліа) – жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлдеқайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.Әйткенмен рептилиялар жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14—32° градустың арасында болады.Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |