Қостыныстылар, немесе қостынысты— сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класс тармағына жататын балықтар. Қазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі; пермь-ге дейін саны көп болған. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақ сүйегі бас сүйекке бітісіп кеткен). Тістері шомбал, 2 – 3 жұптан тұрады. Жұп жүзбе қанаттарында жалпақ терілі қалақтары болады. Желбезегімен қатар атмосфералық ауамен тыныс алатын торлы 1, 2 торсылдағы болады. Бұларда “өкпелік” қан айналу шеңбері бар. Жүрегінде оттекпен тотыққан қан бар және жүрекшесі оң және сол бөліктерге бөлінген. Қостыныстылар тұщы суларда тіршілік етеді. Олар мүйізтістітәрізділер отрядына (Цератодонтіформес) топтастырылған. Оның екі тұқымдасы бар.Бірөкпелілердің жалғыз өкілі неоцератод (Неоцератодұс форстері) Австралиядағы (қорғауға алынған) түбі батпақты және шөптесінді тайыз суларды мекен етеді. өз. 2 м-дей. Еті өте дәмді. Уылдырығын (ұзындығы 7 мм-дей) шөптерге шашады. Моллюскілермен, құрттармен, шаянтәрізділермен қоректенеді.Екіөкпелілердің жұп жүзбе қанаттарының қаңқасы біраз редукцияланған, қанаттары ширатылған мататектес; 5 түрі бар: оның 4-еуі – протоптерустер, Орталық Африкада кең тараған. Ұзындығы 30 см-ден 2 м-ге дейін. Өзендер мен көлдерде тіршілік етеді, су омыртқасыздарымен, балықтармен, қосмекенділермен қоректенеді. Кейде су бетіне көтеріліп, ауа жұтады. Африкадағы аса ыстық кезеңде су деңгейі төмендегенде, ін қазып, өз шырышынан қатты жамылғы жасап сақтанады. Інінің жоғарғы жағына ауа келетін жіңішке қуыс қалдырады. Осы жағдайда келесі жылы жауын жауғанша бірнеше ай (кейде 2 – 3 жыл) тіршілік етеді. 5-түрі – лепидосирен – Оңтүстік Америкада кездеседі. өз. 1,2 м-дей. Су деңгейі төмендегенде протоптерустер сияқты сақтанады, тек айырмашылығы денесін қатпаған шырыш жабады. Еті дәмді, жергілікті халық тағамға пайдаланады.
11. Распространение и систематика земноводных
Тип: Chordata
Подтип: Vertebrata
Группа: Gnathostomata
Надкласс:Tetrapoda
Отряд: Anura(Бесхвостовые), Urodela(Хвостатые), Apoda(Безногие)
Қосмекенділер Антарктида мен Гренландиядан өзге жерлердің бәрін мекен етеді. Олар құрлықта да, суда да кездеседі. Құрлықта тіршілік ететін қосмекенділердің үш тобының ең көп тарағаны – бақалар. Олар барлық жерде – шөл далаларынан бастап, тропикалық ормандарда, шалшықтар мен биік тау шалғындарында тіршілік етеді. Құрлықта олар ылғалды жапырақ жабындысы мен тау жыныстарының астын паналайды. Аяқсыз қосмекенділер өзен жағалауларында, тау жыныстарының жарықшақтарының астында, су деңгейінен 3000 метр төмен жерлерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |