26.Класс костные рыбы. Систематика костных рыб: Надотряд Ганоидные, Надотряд Костистые Сүйекті балықтар— омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы.Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі.[Сүйекті балықтардың терісі жалпақ, ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады.Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті қақпақпен жабылған.Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақ сүйектерінде және т.б. сүйектерде де тіс бар. Тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері болады.Саусақ қанаттылар — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м терендіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады. Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады. Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді (Иидия) мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан- 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған. Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды.Қос қанаттарының құрылысында өздеріне сәйкес өзгешеліктері бар. Олардың табан жағында етті жалпак қалақшасы болады, соның ішінде қанат қаңқасының негізгі бөлімдері жатады. Аяқтарының бұлшық еттері жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардікі сияқты, аяқтарының қозғалып тұратын бөлімдеріне бекіген. Кейбіреулерінің қанат қаққалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі бозалия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды, бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды, одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусақ қанатты балықтар деп атайды.Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерді еске түсіреді. Соны-мен қатар, саусақ қанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады.Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты балықтарға жакын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің және олардың қалдықтарымен ластануы қанаттарыньщ жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек болуына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бес саусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезозойда саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусақ қанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады.