18.Общая характеристика и ситематика типа хордовых
Хордалылар, желілілер— жануарлар дүниесінің тарихи дамуының ең жоғары сатысында тұрған тип. Қазіргі кезде хордалылардың 3 тип тармағы: басжелілілер, қабықтылар және омыртқалылар, 40 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлар Жер шарының барлық аймақтарында таралған. Хордалылардың өздеріне тән бірнеше белгілері бар:1) денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі — хордасы болады;2) хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі сатыдағы хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға, артқысы жұлынға айналады;3) хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады;4) хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де денесінің құрсақ жағында орналасады. Тек қандауырша тәрізділердің жүрегі болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады. хордалыларда бұдан басқа, омыртқасыз жануарларға да ұқсас белгілері де болады. Мысалы, екінші реттік дене қуысы, екінші реттік ауыз қуысы, денесінің екі жақты симметриялы болуы, бұлшық еттерінің метамерлі орналасуы, т.б. Хордалылардың табиғатта және адам өмірінде атқаратын маңызы өте зор. Олар биосферадағы зат пен энергия айналымында, әсіресе, тірі организмдер арасындағы қоректік тізбек құруда елеулі рөл атқарады. Олардан алынатын өнімдер (терісі, жүні, еті, жұмыртқасы, уылдырығы) шаруашылықтың түрлі салаларының бәрінде қолданылады; қара Дөңгелекауыздылар, Балықтар, Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер.
19.Наземные или четвероногие позвоночные. Амфибии
Қосмекенділер алғашқы рет біздің планетамызда девонның аяғында пайда болды. Олардың алуантүрлілігі палеозой эрасы- ның гаскөмір және псрмь кезендерінде шарықтау шегіне жетті. Амфибиялардың гүлденуіне ылғал климат, жағалау және су өсімдікгеріне бай, сол сиякты күрлық омыртқасыздары мекенде- ген су қоймаларының көп болуы да әсерін тигізді. Қосмекенділердің эволюциялык дамуы 300 млн. жылға созылды. Қосмекенділср - тіршілігі сулы ортамен байланысты, бірак алғашқы қурлыққа шыққан омырткалылар. Уылдырығының қат- ты кабығы болмағандықтан ол тек суда ғана дамиды. Дериәсілдері суды ортада тіршілік етеді, сонда өзгеріске ұшырап, түрленіп құрлықта тіршілік ететін ересектерге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |