5- семинар сабақ тапсырмасы отбасы педагогикасы



Дата04.09.2022
өлшемі372,09 Kb.
#148715
Байланысты:
5- семинар сабақ тапсырмасы отбасы педагогикасы
6- семинар сабақ тапсырмасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Практикалық сабақтар




Тақырыбы: Отбасында бала тәрбелеу механизмі
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Салгараева Гулайым Ибрагимовна

Алматы-2021


Тақырыбы: Отбасында бала тәрбелеу механизмі

1.Отбасы тәрбие механизмі: түсіну, еліктеу, идентификация

Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы боғандықтан, отбасы – шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі тәрбие механизмдері болып табылатындықтан, отбасындағы баланы тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие механизмдері бар. Олар: нығаю, инденцификация, түсіну.


Нығаю – балаларға «жақсы» және «нашар» деген ұғымға жауап беретін мінез-құлық түрін қалыптастырады. Әр отбасы өзінің құндылық бағдарларымен ерекшеленеді. Ата-аналар баланың мінез-құлқын сөзбен немесе іс әрекетпен ынталандырып, жігерлендіріп, өз ойларындағы «жақсы» адамның идеясына сәйкестендіреді. Егер бала осы идеяларға қарсы әрекет етсе, онда оны жазалайды, ұялтады, кінәлайды. Яғни, ересектер баланың дұрыс деп санайтын әрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғанда жазалау арқылы оның санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін әдетке сай ішкі қажеттілік болып қалыптасады.
Идентификация (ұқсастырылу) – бала ата-анасы, ағайын-туысы, достарының арасында өзіне ұнаған адамдарға ұқсастыру арқылы жақсы (теріс) әрекет-қылық үлгілерін, олардың бойындағы құндылықтар мен нормаларды қабылдап, меншікті әлеуметтік-психологиялық сапа-қасиетіне айналдырады. Идентификация – қазақша «теңестіру», «ұқсастыру», яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, сол адамның орнына қою дегенді білдіреді. Сәби ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі, есейе келе сол көргендерін қайталап, болашақта атқаратын қызметі мен орындайтын рөлдерін игереді. Мысалы, 2-3 жастағы балалар үйде ата-аналары не істесе, ойнағанда соны қайталайды. Қыз бала анасының қылықтарын, ал ер бала әкесінің қылықтарын қайталайды. Бұл жай ғана ойын емес. Ертең есейгенде қыз баланың ана болатынын, дүниеге сәби әкеліп, ас пісіру, үй жинау сияқты қызметтермен айналысатыны туралы тәжірибе жинайды, ал ұл балалар ер азамат болуға дайындықты бастайды, осыдан қыз бала анасына, ұл бала әкесіне ұқсайды.
Түсінісу – баланың өзін-өзі тануына және оның жеке басын қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған. Ешкім баланы ата-аналарынан артық жақсы көре алмайды, өйткені олар баланың ішкі әлемін біледі, көңілкүйін сезінеді, оның проблемаларына тез жауап береді, жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет