15-дәріс. Үстеу. Үстеулердің қалыптасу тарихы. Үстеулерге қатысты ғалымдардың көзқарастары. Үстеудің семантикалық топтары, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Еліктеу сөз. Одағай



бет4/11
Дата29.04.2022
өлшемі23,84 Kb.
#141420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
15-дәріс

Үстеудің мағыналық топтары
Үстеулер мағынасына қарай мезгіл үстеу, мекен үстеу, мөлшер үстеу, сын-қимыл (бейне) үстеу, күшейткіш үстеу, мақсат үстеу, себеп-салдар үстеу, топтау үстеулері болып бөлінеді.
Мезгіл үстеу
Іс-әрекеттің мезгілін, уақытын білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеу мезгіл үстеу деп аталады. Мысалы: бүгін, ертең, тәңертең, бағана, оқта-текте, үнемі, әрдәйім, күні бойы, ежелден, т.б.
Мекен үстеу
Іс-әрекеттің болатын орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеу мекен үстеу деп аталады. Мысалы: ілгері, тысқары, тұс-тұстан, мұнда, артқа, алды-артынан, т.б.
Мөлшер үстеу
Қимыл не сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіріп, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап беретін үстеу мөлшер үстеу деп аталады. Мысалы: анағұрлым, аз-аздан, недәуір, онша, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет