Үстеудің жасалу жолдары:
① -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы. Мысалы: бала-ша, қаңбақـ-ـша, түлкіـ-ـше, ескіـ-ـше, т.б.
②-лай,-лей жұрнағы жалғану арқылы. Мысалы: ақша-лай төледі, шикіـ-ـлей әкелді, қысـ-ـтай дайындалды, т.б.
③-ша, -шама,-шалық жұрнағы жалғану арқылы. Мысалы: мұн-ша, осынـ-ـшама көп, сонـ-ـшалық қуанды, т.б.
Сонымен қатар барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің көнеленуінен де қалыптасқан үстеулер бар:
① барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер. Мысалы: кешـ-ـке бар, босـ-ـқа жүрме, зор-ға тұрды, т.б.
② жатыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер. Мысалы: баяғыـ-ـда болыпты, қапыـ-ـда қалды, т.б.
③ шығыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер. Мысалы: тосынـ-ـнан сөйледі, шалқасыـ-ـнан жатқыз, кеңіـ-ـнен талқылады, шетіـ-ـнен пікір айтты, т.б.
④ көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер. Мысалы: шыныـ-ـмен кетті, кезекـ-ـпен келді, жөніـ-ـмен айтты, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |