15 сәуір Ғашықтар күні қарсаңында махаббат хикаясының тілге тиегі әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның сүйікті жары Халима Өзақанова жайлы болмақ. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы



бет3/4
Дата11.01.2017
өлшемі306,45 Kb.
#6821
1   2   3   4
Енді мен сені жақсы көрем. Екеуміз өскеннен кейін қосылайық. Жарай ма?» — деген ұсынысыма: «Біраз ойланайын» деді. Арада біраз уақыт өткенде ол: «Сенің көңілің адал, мен сені жақсы көрем. Бірақ, қоятын шартым бар.Орынкеш саған тұрмысқа шықпай, өзгеге шығып кетсе ғана қосылам. Егер Орынкеш сені сүйетін болса, онда араларыңа кедергі болмаймын. Бұл — бірінші шартым. Екінші шартым — оқуымызды бітірейік, институтты аяқтайық. Тағы бір шартым — сүйіспейміз, сүйкеніспейміз, ешкімге берілмейміз, ешкімге бермейміз, ешкімнен ештеңе алмаймыз», — деді. Біз осылай уәделестік…

Осылай үш жылды оқумен өткіздік. Одан кейін төрт жыл соғыс болды. Екеуміз де әскерде жүрдік. Үзбей хат жазысып тұрдық. Енді ғашықтық жайы ашық айтылды. Ол да сезеді екен. Амандық болса, соғыс біткеннен кейін қосыламыз деп уәделестік. 

Халима Өзақанова:



Соғыс басталысымен, Әзілхан майданға аттанды. 1942 жылы мен де соғысқа сұрандым. Балалар үйлерінің барлық қыздары Ұлы Отанымызды қорғауға аттандық. Радист мамандығын игердім. Чита облысында, Борзая стансасында талай әскери тапсырмалар орындадым. Кейіннен денсаулығым ауырлады да, әскери цензураға жіберілдім. 

Әзілхан үш жолдасымен бірге Мәскеуге делегат боп кепті. Әңгімелесіп отырмыз. Содан соң, үстел астынан қол ұстастық. Бір жағы жігіттерден ұялдым, бірақ, Әзілхан қолыма снаряд жарықшығы тиді деп еді, жарасы жазылды ма деп еді, жарасы жазылды ма деп қарап отырғаным ғой, – деп ақталдым. 

"Шашымызға ақ қонса да, жүрек жас"



Соғыс аяқталған соң, қосылуға уәделескен қос ғашықтың басына тағы да қиын кезең тап болады. Соғыс біткен күні Халима ауруханаға түседі. Төрт жылдың соғыс азабы аз болғанда, енді әскери госпитальда бір жарым жыл жатады. Ал ол кезде Әзілхан өз романында айтқандай, әскерден келіп, университетте оқып жүреді. Бірақ, арадағы ғашықтық хаттар бір сәт те толастамаған екен. Ақыры ауруының айықпасын білген ізгі ниетті Халима өз ғашығын азапқа қалдырғысы келмегендіктен: «Менің ауруым жазылатын емес. Бәлкім, ауруханада өлетін шығармын. Енді сен де өзіңе лайық қыз ізде. Қазақта жақсы қыздар көп қой. Біріне жіп тақ. Ал мен тірі қалсам, сені өмір бойы ұмытпаймын, өле-өлгенше тілектесің боламын» деп хат та жазады. Міне, екі ғашық өміріне роман кейіпкері болған Меңтай – шын өмірдегі Нұрғалима ару сол сәтте кездескен екен. Алайда шын мәнісінде Меңтайдың ол тұста өз сүйгені болған және Әзілханның махаббат талабын тойтарған.

"Сен жанымда жүрсең, сен жадырап күлсең..."



Әзілхан Нұршайықов:

- Нұрғалима «Мен сіздің тілегіңізді қабыл алар едім. Бірақ уәде берген жігітім бар» деді. «Қызыл көрпе» өлеңі осы Меңтайға арналған болатын. 

Қайтадан Халимаға хат жаздым. «Жақсы қыздар маған қарайтын емес. Өзіңе қосылып, бір жыл, бір ай, тіпті бір күн өмір сүрсем де, өзімді бақыттымын деп санаймын», – дедім. 

Халимадай қыз таппайтыныма көзім жетті. Енді оның тез жазылып шығуын одан сайын тіледім. Асыға күттім. Бір жарым жылдан кейін ол емделіп, ауруханадан шықты. Екеуміз қосылып, 54 жыл бірге бақытты өмір сүрдік. Халима екеуміздің бір-бірімізді тапқанымызға Орынкеш себеп болды. Егер ол болмаса, біз бір-бірімізді білмес едік. Орынкеш екеуміздің арамыздағы бала махаббат Халима екеуміздің мәңгілік махаббатымызға жол ашты. Мен жан жарым қайтыс болғаннан кейін, оған арнап «Халима. Мәңгілік махаббат жыры»деген деректі шығарма жаздым.

Немерелерімен бірге


Каталог: images -> stories -> kazfil -> vinegret
stories -> Исатай Кенжалиев
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет