Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері



Дата08.10.2022
өлшемі2,01 Mb.
#152207
Байланысты:
отбасы
Қазіргі отбасын зерттеу әдістері, Қазіргі отбасын зерттеу әдістері, 276981, Ақпараттық Хат НИИ СГИ, IELTS SPEAKING updated questions January-April 2021 , гинекология рк, omonimder sinonimder antonimder 492, Алпысов А.Қ. Математиканы оқыту әдістемесі оқу құралы Павлодар, -emirsaba.org

Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері

Баймұхан Дана

Отбасы

  • Отбасы - ертеден келе жатқан әлеуметтік институт. Оның қоғамдағы құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақ әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру. Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдармен ғылымдарды ойландырып келген. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдарды тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелердің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.

 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келекшекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
(с) Әл Фараби

Бала тәрбиесі

  • Ата-ана бала тәрбиесінде басты тұлға және еліктеп үлгі тұтатын тас қамал болып табылады. Сол себепті әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады, бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл- қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. 

Ауыл және қала балаларының айырмашылығы

  • Біз әдетте «ауыл — тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз. Бұл рас. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Бірақ қалалық мәдениеттің дамып, өркендеуімен ауылға деген көзқарас өзгеріп кеткені де жасырын емес. Мысалы, ауыл десек жабайылық, артта қалушылық, бәсекеге қабілетсіздік, тағысын тағы түсініктер қатар жүретін болды. Ауылдан келген адамға деген қарым-қатынас та осы тұрғыдан қалыптасқан. Егер ойды осы арнада тарқатып, қозғар болсақ, бұл мәселені бір жақты бағалауға болар еді. Әйтпесе, ауыл дегеніміз салт-дәстүрдің, әдет- ғұрыптын, мәдениетіміздің, тіліміз бен діліміздің, басқа да көптеген ұлттық құндылығымыздың сақталып, дамып отырған мекені, ошағы смес пе еді?!

Талантты балалардың да ауылдан шығатыны содан. Өйткені олардың дүниетанымы, ойлау кабілеті ұлттық тамырдан нәр алады. Мұндай ортада ер жеткен адамның таланты мен қабілеті де жыл санап шыңдалып айтыла береді. Қалалық өмірдің өзі кісіні белгілі бір шеңберге салып қоятындай. Адами қарым-қатынас азаяды, уақыт жағынан шектеулік, так-тұқ сөйлеу, ойды қысқа қайыру, үстіртіндік, т.б. түрліше қалалық сипаттар ауылдың сипатынан, ауылдың болмысынан бөлектеу болатыны белгілі Ауыл баласы мен қала баласын қатар қоятын болсақ, екеуі екі түрлі мәдениеттің, екі түрлі дүниетанымның өкілі екенін бірден байқалады. Өйткені қалада шарттылық көп. Ауылда табиғатық басым.

Ауыл және Қала балаларының айырмашылығы

  • Еңбек ауылдың тіршілік көзі. Күнделікті өмір еңбек дейтін ұғыммен астасулы. Мысалы, су әкелу, отын жару, көмір тасу, мал жайлау, шөп шабу, қора-қопсыны тазалау, аула сыпыру, т.б. Көптеген еңбек түрлері баланы шынықтырып, қиыншылыққа төзуге, ауыр енбекке шыдамды болуға, жұмысты тиянақты атқаруға, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Ал қала баласы мұндай еңбектің бірін де көрмей өседі. Адами қасиеттердің қалыптасуында еңбектің алтын өзіндік орны бар екенін ескерсек, еңбексіз ер жеткен баланың бойында ерік жігер, намыскерлік аздау болады. Бүгінде каншама қала балаларының уақыты дене енбегінсіз өтіп жатыр. Өйткені ауылдағыдай істейтін қара жұмыс жоқ. Қалалықтардың бала еңбегіне көзқарасы да басқаша. Жасыратын несі бар, заманауи ата-аналардың көбі балаларын еңбекке баулығысы келмейді. Баласының еркін өскенін қалайды. Негізі, қала балаларының сабақтан тыс уақыттарда көбіне-көп бос жүретіндерін байқайсың. Бұл тұрғыдан алғанда ауыл баласының бос жүруге уақыты да мүмкіндігі де бола бермейді. Әйтеуір, алдында бір міндеттер, жұмыстар даяр тұрады. Бәріне үлгеру керек. Сөйтіп жүріп, уақыттың да қадірін біліп өседі. Яғни, бойында уақытты бос өткізуте карсы иммунитет қалыптасады. Сондай баладан күні ертең еліне елеулі еңбек сіңіретін азамат өсіп шығады… Қаланы даттаудан аулақпыз. Себебі болашак калалық жерлерге ойысып жатыр.

Қалада:

  • Қалада:
  • Би, ән, гимнаситика, спорт
  • Зейін арттыру үйірмелері
  • Баланы дамыту орталықтары
  • Ауылда:
  • Еңбекке баулиды
  • Отбасы мүшелеріне көмектесу
  • Салт-дәстүр ұсталынады

қорытынды

  • Қала мен ауыл баласының әлеуметтенуде айырмашылықтар бар. дегенмен барлығы балаға және тәрбиеге байланысты. Тек өмір сүріп жатқан ортасы ғапа болек, күнделікті істеп жүргеп ісі, көріп жүрген дүниесі.
  • Қалада тәртіпті, ақылды балдар бар, дәл солай ауылда да бұзақы псіз балдар бар. Алайда ауыл баласы мен кала баласына ортақ құндылықтар өте көп. Баланың әлеуметтік жағдайы, араласатын ортасы, тұратын жері баланың мінез- құлқына, калыптасуына әсер еткенмен әлеуметтенуіне үрдісіне әсер етпейді деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет