Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата22.11.2022
өлшемі160 Kb.
#159337
түріСабақ
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Арифметикалы рнектерді жазылу ережелері О
Бағалау нұсқаулығы, 7-сынып ЖАЗҒЫ МЕКТЕП 2022, Лутц М. Изучаем Python (4-е издание, 2011), Презентация для урока Әлемдік экологиялық проблемалар, Тапсырмалар, Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энер-melimde.com, Техника, КурсалдыТапсырма, moiseev-09, 12-13 Прак, түсінік хат 3 пен 4 сынып, Мәселені анықтау, протокол 09.02, 4 топ Тапсырма 4

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін біледі

Көптеген оқушылар:

Өрнектің программалау тілінде жазылуын біледі

Кейбір оқушылар:

Өрнектің мәнін табатын программа құрастырады

«Таныстым»: Д. Садыбек
Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу
Программалау тілінде де математикадағыдай өрнектерді орындаудың өз ережесі бар.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.








Құндылыққа баулу

Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.




Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелері:

  • Өрнекте жақша болған жағдайда жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.

  • Егер өрнекте бірнеше жақша болса, онда амалдарды орындау ішкі жақшадан басталады.

Амалдардың орындалу реті.
Оқулық § 3.4, 86-бет,1-кесте
Кестеден көрініп тұрғандай, дәрежеге шығару амалы мен көбейту бір өрнекте келсе, онда бірінші дәрежеде көтеру амалы орындалады.
Арифметикалық амалдарды орындаудың тағы бір ережесі-өрнектер бір қатарға жазылуы тиіс. Өрнекте кездесетін бөлшек сызығы жақшалар арқылы бір қатарға жазылады.

Инкремент және декремент.


Программаны жазу кезінде ең көп қолданылатын амалдардың бірі- айнымалының мәнін белгілі бір санға арттыру немесе кеміту. Python тілінде мұндай амалдарды орындау үшін (+ =) инкремент (арттыру) және ( - =) декремент (кеміту) операциялары қолданылады.
Амалдарды орындау барысында айнымалыларға басқа айнымалылардың мәнін жүктеуге болады. Python тілінде арифметикалық амалдарды жазу мүмкіндігінше қысқартылған.
Амалдардың программада қысқартылып жазылуы. Оқулық § 3.4, 87-бет,2-кесте
Амалдарды орындаудың қарапайым стандартты функцияларын қарастырайық. Оқулық § 3.4, 88-бет, 3-кесте.

Топтық жұмыс. 1-тапсырма.


Оқулық § 3.4, 89-бет, 2-тапсырма*

Дескриптор:


-берілген өрнектердің прораммалау тілінде қате жазылғаның тексесереді;
-қателерін түзетеді.

Жеке жұмыс. 2-тапсырма.


Оқулық § 3.4, 88-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы

1-практикалық тапсырма.


Дескриптор:
-у мәнін табуға болатын программа құрастырады.

2-практикалық тапсырма


Дескриптор:
-берілген өрнектің мәнін табатын программа құрастырады.

Мұғалімді тыңдайды

Арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін дәптерге жазады


Анықтамасын дәптерге жазады


Кестемен танысады


1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды





Жұмыс дәптері

Кесте
Жұмыс дәптері






Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:


Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/




Үй тапсырмасы

§ 3.4, 89-бет, 1-тапсырма**









































Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қиындың деңгейі әр түрлі тапсырмаларды компьютерде орындау қабілеттерін ашу;
АКТ дағдыларын дамыту.

Бағалау парағы арқылы өзін бағалау, өз-ара бағалау

Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет