ҚР ҒБМ 22.04.2015 ж. №227.бұйрығымен тұжырымдамалық негіздер тәрбиесіне байланысыты тәрбие жұмысының жоспары құрылды.
Мектептің тәрбие әрекеті үш салада: оқыту барысында, сабақатан тыс және ішкі әрекеті жұмыс барысында 8 басым бағытымен жүргізіледі.
1 Құқықтық тәрбие, азаматтық және қазақстан патриоттық тәрбиесі
2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі
3. Ұлттық тәрбиесі
4. Отбасылық тәрбиесі
5. Еңбек, экономика және экология тәрбиесі
6. Көпмәдениеттік және көркемөнер- эстетикалық тәрбиесі
7. Интеллектуальды тәрбие, мәдениетті ақпаратты тәрбие
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Барлықмектептік және сыныптық іс-шаралар, сабақтан тыс тәрбие әрекетін жүзеге асыруда тақырыптық кезеңге лайықты болуы тиіс.
Мектепте өз дәстүріміз қалыптасты. Мектептің дәстүрін сақтау тәрбие жұмысының негізгі мақсаты болып табылады: мектепті құрметтеу, барлық ұжымының ортақ ісіне ортақтас болуы ұрпақ тәрбиесінің сабақтастығы
Кейінгі жылдарда бірншеше іс-шаралар «білім күні», «Денсаулық күні», «Мұғалімдер күні», «Күз мерекелері», спорт турнирі, дене шынықтыру пәнінің байырғы мұғалімі Пех В.Э. еске алу күні , «Жаңа жылдың шапшаң құбылуы», «Отанды қорғаушылар күні», «Аналар күні», «Конституция күні», «Жеңіс күні», «Соңғы қоңырау», «Мектеп бітірушілер балы» мектептең дәстүрлі іс-шаралар болып анықталды:
Мектептің тәрбие жұмысында қазақстандық патриотизм мен азаматтық және құқықтық тәрбиелеу жұмысы жоспарлы, жүйелі түрде жүргізіліп, тәрбиелік жұмыста басым орын алады.
1 қыркүйекте 2017 жылы №16 орта мектепте «Мәңгілік өмір» ескерткішінің алдында «Білім күні» салтанатты түрде отті. Салтанатты білім күніне құрметті қонақтар қатысты: Исимбаев Е.Т. – қалалық маслихатының депутаты, АО «Өрлеу» директоры, Рыспаев К.Т. – АО «Тыныс» директоры, Дюсеханова К.К.-Ақмола облыстық білім бөлімінің бас маманы, Абильхамитова Р.К.- Көкшетау қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, педагогикалық еңбегінің ардагері, Смирнов С.В.- №16 орта мектебінің «Серіктестік» («Партнерство») қорының директоры.
Салтанатты «Білім күнінде» ҚР Халықаралық деңгейіндегі хоккей шебері - Жабунин В.В. 9-10-шы сынып оқушылары (Смолянский Д., Эрик А.,Тоқпан А., Голубцов А.) ҚР деңгейінде хокей шеберіне кандидат атағы берілген күәліктерін ұсынып, құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығына, ҚР Конституция Күніне арнаулы барлық сыныптарда «Мен - өз Отанымның патриоты» деген ашық тәрбие сағаттары өтті.
«Бақытты балалықтың құқығы» онкүндігі 26 қыркүйектен 6-шы қазанға дейін өтті.
Алдын алу мақсатында және қылмыстардың алдын алу кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар онкүндігі «Бақытты балалықтың құқығы» аясында №16 орта мектепте бірнеше іс-шаралар өткізілді: жалпы мектептік жиналыстар, параллель бойынша(қамту 800); тақырыптық сынып сағаттары (қатысушылар саны 900);
28 қыркүйекте 8-11 сынып оқушылары қатысқан дәріс-әңгімеде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің полиция капитаны УПИ ОЮП ХТЖ Көкшетау қаласының ІІБ Кошкенова А. О., ОСӨСҚО маманы Кульбаева А. Е., Корпоративтік қорының өкілі Жакупова Ж. Е., Айжан Омарбекова жасөспірімдермен құқықтық оқыту жүргізіп, ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша әңгімелесіп, сотталу мүмкіндіктері туралы айтты (қамту 180).
23, 28 қыркүйекте СӨСҚ орталығының маманы Рыбина Маргарита Сергеевна дәріс өткізіп, интербелсенді тақта арқылы мынадай тақырыптарға бейнефильмдер көрсетті «Репродуктивті денсаулықты қорғау", "Адамгершілік - жыныстық тәрбиелеу", 8-11 сынып оқушылары арасында 97 қыз қатысты. 5 қазан күні онкүндіктің жабылуы және қорытындысы шығарылды.
Өскелең ұрпақта патриоттық сезімді қалыптастыру, жалпыұлттық құндылықтарды сақтау мақсатпен және жастарды «Мәңгілік ел» патриоттық актың айналасында біріктіру үшін, 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлердің ерлігіне 75 жылдықты тойлауда №16 орта мектепте 8 - 11 сыныптарында арнаулы «Ерлік сабақтары», ашық сабақтар өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімдері Мордвинова Т. А., Аскарова А. К. 8-11-ші сыныптарда ашық сабақтарда 28 панфиловшы – жауынгерлердің гвардиялық дивизиясы, оның генерал-майоры И. В. Панфиловтың ерліктері туралы айтып, фильмдердің үзінділері көрсетілді.
Салтанатты ашылу рәсімінде оқушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Мектеп директоры Сарманова Р.Г. оқушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Бұдан кейін оқушыларға ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған "Жас қайрат" жарысында, жүлделі 1 орын (жігіттер), 3 орын (қыздар) және Ақмола облысының шахматшылар сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды.
5-ші сыныптар арасында"Менің қазақстаным – менің болашағым" интеллектуалды ойын " өткізілді."Конституция – халқымыздың мәдени бақытты да лайықты өмірдің кепілі». 22 қарашада №16 орта мектепте жоспар бойынша барлық сыныптарда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арнаулы «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышы» , «Государственные символы- национальная гордость» тәрбие сағаттары өткізілді.
26 қарашада 2017 жылы 5-8 сыныптарда "Мен және Заң" құқықтық білім беру, 9-11-сынып оқушылары арасында «Азаматтық қоғам» патриотизм сабақтары өтті.
Жоспар бойынша 24 қарашада №16 орта мектепте 5-7сыныптарда «Мемлекеттік тілдің ролі», «Роль государственного языка» тәрбие сағаттары өткізілді. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі», «Мемлекеттік тіл» шығармалар сайысы өткізілді.
Өскелең ұрпақта патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында 24 қараша күні №16 орта мектептің 7-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен, мектептің «Серіктестік» кеңес ұжымымен бірге «Синема Алем» кинотеатрында аты аңызға айналған 28 понфиловшылардың ерлігі туралы фильмді көрді. Оқушылардың (320адам) фильмді көруін ұйымдастырған СмирновС.В.- №16 орта мектебінің «Серіктестік» («Партнерство») қорының директоры.
Қордың директоры оқушыларға еліміздің тарихындағы батырлық беттерін есте сақтап, оны біз, ХХІ ғасырда өмір сүретіндер, Ұлы Отан соғысында біздің жерімізді қорғағандарын ұмытпауымыз туралы айтты. Сергей Валентинович оқушыларға жақсы оқып, спортпен шұғылданып, біздің Қазақстанды өз жетістіктерімен көркейтіп, гүлдендене беруіне тілектеспін деді. Оқушылардың алдында «Синема Алем» кинотеатрының директоры Михаил Григорьев те сөз сөйледі. «28 панфилофшыларға» арналған кинофильмді сіздің мектеп оқушылары бүкіл Республикамен бірге премьералық күні көресіздер, СмирновС.В.- №16 орта мектебінің «Серіктестік» («Партнерство») қорының директорына осыны ұйымдастырған үшін алғысын білдірді.
Фильмді көргеннен кейін, оқушылар фильм туралы ойларын жазып, пікір алмасты.
Жоспар бойынша 29 қарашада 2017 жылы 5-11 сыныптарда «20 ғасырдың Атом қасіреті» тәрбие сағаттары өткізілді.
8-11 сыныптарда "Ерлік орны – Чернобыль" деген ерлік сабақтары өткізілді.
ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында мектебімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді: "Біздің тұнғыш Президент" шығарма сайысына 5-7 сынып оқушылары қатысса, «Мен –Патриот» интеллектуалдық ойынына 6-7 сынып оушылары қатысты. № 16 орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары арасында рухани - адамгершілік, патриоттық тәрбие беру мақсатында 13 желтоқсанда,
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында 5 "А" және 5 "Б" сынып оқушыларының арасында "Тарих білгірлері", 7 сынып оқушылары арасында «Брейн ринг» ойыны өткізілді.
Афганистаннан кеңес әскерлерінің шығуына 28 жыл толуына арналған айлық аясында № 16 орта мектепте келесі іс-шаралар өткізілді:
5-11 сыныптарда «Олар оралды...» сынып сағаттары, кездесулер, ерлік сабақтары өтті. Сынып сағатына Афған соғысының ардагері жауынгер – интернациолналист Абилькасымов Н. қатысты.
Ұлы Жеңістің 72-жылдығына барлық сыныптарда сынып сағаттары, әңгімелер, ардагерлермен кездесу, әскери хроникасы көрсетіліп, тақпақшылар сайысы өтті. Мектеп кітапханасында оқырмандардың барша топтарына арналған көрме ұйымдастырылды. «Мен – елімнің ертеңімін» атты әдебиеттік композиция 5 «А» сыныпта өтті.
Қазақстандық патриотизмді, азаматтық және құқықтық тәрбие жұмысын талдай отырып,мынадай тұжырымдар жасауға болады:
Бірнеше рет мектеп оқушыларының взводы қалалық сап және әндер сайсында ешқандай нәтиже көрсеткен жоқ. Соңғы жылдары осы сайыс бойынша жүлделі орын жоқ. Дегенмен, осы жылы АӘД жетекшісі Букин В. В. аса жауапкершілікпен қараса да.
Біздің педагогикалық ұжым адамгершілік, руханилық негізі ретінде жеке тұлғаның
танымдық қабілеттерін баулуға, жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, сондықтан, осы құндылықтардың орны ерекше, басым орын алады.
Сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда тәрбиелілік деңгейі, этика, адамгершілік сұрақтары үнемі талқылау нысанасы болып табылады.
Жыл бойынша рухани- адамгершілік тәрбие бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Ересек адамдарды қолдауға арналған іс-шаралар дәстүрге айналды.
28 қыркүйекте мектептің спорт залында "Мейірімділік әлемді сақтайды» мүгедек балалар мен қарттарды әлеуметтік қолдау салтанатты жиыны өтті. "Жас Ұлан" көшбасшылары құттықтау газеттерін шығарды. Барлық сыныптарда "Біз сіздерді ұмытпаймыз және мақтан етеміз" тақырыбына сынып сағаттары өтті.
Мектеп ықшам ауданында жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге, . "Қамқорлық" көмегі көрсетілді. 3 қазан күні, 10 "Б" сынып оқушысы, Ұлан басшысы Терза. Д., тәлімгер Шракпаева Г. А. ҰОС ардагері Кожагалиева Каирлы үйіне барып, көмектесті.
29.09.2017 жылы №16 орта мектепте Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өтті. Іс-шараға педагогикалық еңбегінің ардагерлері қатысты. Педагогикалық еңбегінің ардагерлеріне мерекеге арнаулы сыйлықтар берілді. Сонымен бірге барлық сыныптарда сынып сағаттары, тақырыптық мерекелер мен сайыстар өткізілді. Ай сайын шығатын мектеп газетінің кезекті нөмірі де Мұғалімдер күніне арналған. Мұнда мектеп директорының құттықтау сөзі,биылғы оқу жылынан бастап істеген ұстаздармен сұхбаттасуы басылған. "Жас Ұлан", "Сұңқар" көшбасшылары қабырға газеттерінде құттықтаулар жазып, шығарды. "Жас Ұлан", "Сұңқар" көшбасшылары Қарттар күні мен Ұстаздар күніне концерт бағдарламасына да қатысты. Олар педагогикалық еңбегінің ардагерлері Кажигалиева К., Арефьева В.Г. үйлеріне барып, сыйлықтарын берді.
Жыл сайын №16 орта мектебінде «Алтын күз» мерекесі өтеді. Іс-шараның мақсаты: бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларының танымдық қызметінің белсенділігі және коммуникативтік құзыреттілігін ұйымдастырғанда қызметтің нәтижесін көруге болады .
«Алтын күз» мерекесі 3 кезеңге бөлінді: 5-6-сыныптар, 7-8-сыныптар 9-11сыныптар.
11 «Б» сынып дайындаған мереке 3 сайыстан тұрды: "Күзгі фонарь", "Үздік корона" және "Ертегіне жаңаша қарау".Әділқазылар мүшесі: Асқарова А.Қ., Рамазанова А.Б., Матвеева Н.С., Касенова Ж.Е, сайыстардың қорытындысын жасады. Сайыстардың жүлдегерлері мен номинация жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.
27 қазанда 2017 жылы №16 орта мектепте қамқорлыққа алған азаматтар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған үшін Қамқоршы күні мерекесі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: баланы көтермелеу, тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру. Мерекелік іс-шараға Көкшетау қалалық. білім бөлімінің өкілдері: Хабибуллина Ж. Е. Николаева И. А., АҚ "Тыныс" кәсіподақ комитетінің төрағасы Байменова Н. Б., қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер, әлеуетті қамқоршылар, ата-аналар қоғамы, бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты.
№16 орта мектепте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7 жетім бала оқиды.Мерекелік бағдарламаны жүргізушілер: 9 «Б» сынып оқушылары Гирьева Майя мен Тастанов Дамир ашып, қонақтарды құттықтап, қорғаншыларды сахнаға шақырды:
Макишев Сайдалы Шайкенович
Қонақтардың назарына тәрбиеленушілері өз қолымен дайындалған шығармашылық сурет көрмесі ұсынылды.
Іс-шара барысында қатысушылардың назарына патронатты және қамқоршы отбасылардағы балалардың өмірі туралы бейнематериал ұсынылды.
Жетім балаларды күтіп-бағуға, қазіргі заманғы қиындықтармен санаспай шырайлы және мейірімді адамдарға салтанатты түрде алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Спонсорлардың атынан қорғаншыларды АҚ "Тыныс" кәсіподақ комитетінің төрағасы Байменова Н. Б. құттықтады. Мектеп директоры Сарманова Р. Г демеушілерді көрсетілген материалдық қолдауы үшін алғыс хаттармен марапаттады. Балаларға сүйіспеншіліктерін сыйлаған тәрбиешілерге, қамқоршыларға арнап, оқушылар ана, аға, әке мен атасы туралы тақпақтар оқыды. Мектеп оқушылары дайындаған концертте оқушылар тақпақтар оқып, әндерді орындады.
25-нен 29-желтоқсанға дейін 1-8 сынып оқушыларының жаңа жылдық ертеңгіліктері өткізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында "Жаңа Жылдық калейдоскоп"өткізілді. Биылғы оқу жылы 9-11 сыныптарға арналған жаңа жылдық мерекесі қала бойынша бір күнде, 28 желтоқсан күні өтті. 5-8 сыныптар мерекесі 26 желтоқсан күні өтті. Сонымен бірге жаңа жылдық газеттер мен қар фигураларының конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша сыныптар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
27 желтоқсан күні №16 орта мектептің оқушыларына жаңа жылдық - «Оқушыға сыйлық» акциясы өткізілді. 14 оқушы жаңа жылдық акцияға қатысты. Оларға жаңа жылдық сыйлықтарды табыс еткен ЖШС "Софтмастер" өкілі Владимир Калмык және мектеп Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы, Тумгоева Р. М. таратты. Мектеп әкімшілігі, қоғамдық қайырымдылық №16 ОМ "Серіктестік" қорының директоры Смирнов С.В. «Жаңа 2018 жылдың» қарсаңында оқушыларды қуантқанына алғыс айтты.
07.03.2018 ж. №16 ОМ Халықаралық Әйелдер күні 8 наурызға арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өтті. Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Мерекелік концерт ұйымдастырылды . Педагогикалық еңбек ардагерлеріне мереке құрметіне "Серіктестік" қоғамдық қайырымдылық қорының сыйлықтары берілді.
Сонымен бірге барлық сыныптарда сынып сағаттары , тақырыптық мерекелер және сайыстар ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.
14 наурыздан 19 наурызға дейін мектепте Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өтті. Ата-аналар қатысқан жалпы мектептік іс-шара 19 наурызда спорт залында өтті. Мереке кезінде қазақ әндері орындалып, қазақтың ұлттық ойындары өткізілді. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты.
24-25 мамыр күні мектепте «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиындар өз деңгейінде өтті. Шараға білім бөлімінің өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.
Еңбек және экономикалық, экологиялық және отбасылық тәрбиенің міндеті: еңбекші, жасампаз адамды тәрбиелеу, оқушыларға кәсіби бағдарлы көмек беруде.
Жыл бойы өз-өзіне қызмет көрсету сыныптық кабинеттерде жұмыс жүргізілді, сенбіліктер ұйымдастырылды. Және мектеп аумағын тазалау сенбіліктер ұйымдастырылып, өткізілді.
Жаз кезінде ұйымдастырылған жұмыс бригадалары мектеп аумағын жөндеу және көгалдандыру бойынша жұмысты ұйымдастырды. Жалпы, дәстүрлі шараларды өткізу еңбек тәрбиесінің, белсенді өмірлік позициясының дамуына, мектеп мүлкіне және қоршаған әлемге ұқыпты қарауға үйретеді. Алайда, жыл сайын 5 еңбек тоқсаннан бас тартатын оқушылар да бар.
Біздің мектепте ата-аналармен жұмыс жүргізуге көп уақыт бөлінеді. Отбасы мен мектептің тәрбиелік әлеуетін көтеру, нығайту мақсатында алдын ала білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың ең көп таралған қателіктері мен өзара іс-қимылдарына арнаулы мектепте жиналыстар мен жалпы оқытулар өткізіледі. Бір жылдың ішінде дәрістер оқып, мұғалімдермен, психологпен, соцпедагогпен, ата-аналардың кездесуіне мектеп әкімшілігі басым көңіл аударады. Әрбір дәріс барысында компьютерлік презентациялар жүргізілді. Жалпымектептік ата-аналар жиналысына СӨС Орталығының маманы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту басқармасы жанындағы Ақмола облысының дін істері Тоқсанбаев Д. С., полиция капитаны, учаскелік полиция инспекторы ОЮП ХТЖ Көкшетау қаласы ІІБ Кошкенова А. О., қызметкерлері ОЮП, қайырымдылық қорының директоры "Серіктестік" Смирнов С. В. қатысты.
Ата-аналармен жылғы жұмыстың дұрыс ұйымдастырумен мектептің бәсекеге қабілеттілігі, беделімен байланысты. Ата - аналар мен мектеп арасындағы негізгі қарым-қатынасты жасайтын,ұйымдастыратын сынып жетекшісі. Барлық мерекелердің тұрақты қатысушылары - ата-аналар. Биылғы жылы бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізілді: "Қош бол, әліппе", "Жаңа жылдық мерекелер", 8-наурызға арналған мерекелік іс-шаралар, "наурыз шартарапқа жол тартты", "Бастауышпен қоштасу", спорттық іс-шаралар.
Отбасы Күніне арналған №16 орта мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, оның негізгі мақсаты: отбасының әр адамның өміріндегі мәні, қоғам және тұтастай алғанда, дұрыс қарым-қатынас, отбасы мүшелері, ұрпақтар сабақтастығы туралы болып табылады.
Мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды; отбасы Күніне арналған - сурет көрмесі ұйымдастырылды (барлығы 30 адам) - барлық сыныптарда ашық сынып сағаттары өткізілді (қатысушылар саны 920 адам) - бастауыш сыныптарда "Менің отбасым" атты бейне-роликтер, фильмдер (150 адам) - спорттық іс-шаралар "Мама, папа, – біз салауатты отбасы" (барлығы 60 адам) «Балаңызға үлгі болу» атты Республикалық ата-аналар конференциясы (қамту 118 түрі). Конференцияға келген қонақтар: Омарова А. Б. " Нұр Отан" өкілі, Көкшетау қ. білім бөлімінің өкілі – Ақаева Р. К.
Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу жылы бойы мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілуде және кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-қауіпті жағдайын анықтау, сондай-ақ оқушылардың сабаққа дәлелсіз себептермен бармайтынын немесе жүйелі түрде сабақты босатуын анықтайды.
2017-2018 оқу жылында №16 ОМ жағдайы төмен отбасылардың балалар саны жыл басында 4 оқушы болса, жыл соңында – 4.
Мектепішілік бақылауда тұрған оқушылар саны:
- жылдың басында – 3 оқушы
- жылдың соңында - 3 оқушы
Профилактикалық есебінде тұрған оқушы саны ОЮП – жыл басы – 1.
Жылдың соңына - 0.
Оқу жылы бойынша Алдын алу Кеңесінің отырысы 8 рет өткізіліп, кеңестің отырысында 12 оқушы қаралған. Кеңесте қаралған мәселелер: үлгерімі, мектеп Жарғысын бұзғаны, себепсіз сабақты босатқаны үшін мектепішілік бақылау мен ОЮП есепке қою.
Мектеп инспекторымен бірлесіп, 6-шы, 7-ші, 8-ші, 9-шы, 10-шы, 11-ші сыныптарда қылмыстық құқықтары және әкімшілік жауаптылық туралы әңгіме жүргізілді.
Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, мектеп инспекторымен бірлесе отырып, тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы отбасылар, жаңадан келген оқушыларға рейдтер өткізілді. Осы зерттеу бойынша әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы актілер әзірленді және өткізілген рейдтерде ақпарат деректері жиналды. Қолайсыз отбасылардан шыққан оқушылар үшін әртүрлі есепте тұрған балаларға, кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығында, Ақмола облысының жастар саясаты орталығында рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша алдын алу, ішімдік, есірткі заттар және т. б. іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
1-4 сыныптарда ойын-викторина өткізілді: "Құқықтар елінде", сынып сағаты-тренинг"Біз өмірге дауыс береміз", біріктіруге білу тренингтері, өзара айналасындағылармен қатынаса білу. "Мен және Менің құқығым" айлығы аясында 1-4 сынып оқушыларымен балалар құқығы Конвенциясын зерттеу, бала құқығы туралы викториналар, "Мен және менің құқығым","Құқықтар елінде" сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханашысымен бірге құқықтық тәрбие туралы стенд, мектеп теледидары бойынша құқықтық тәрбие, презентациялар мен бейне фильмдер көрсетілді. "Тәуекел тобындағы" және мектепішілік есепте трған оқушыларға өмір құндылықтары, алкогольді қолданудың салдары және темекі шегу туралы бейнефильмдер көрсетілді.
Оқу жылының басында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тізімін жасау, құжаттарды жинау жүзеге асырылды. Бір жыл ішінде ата-аналармен аз қамтылған, тұрмысы төмен және басқа да санаттағы отбасы бойынша туындайтын сұрақтар мен проблемалар бойынша жеке әңгімелер жүргізілген.
Әлеуметтік жағдайы төмен мен қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға ерекше назар аударылды. Аз қамтылған 140 оқушы және 7 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар жыл бойы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Республикалық "Мектепке жол" акция аясында " 2 бірінші сынып оқушыларына және аз қамтылған отбасылар мектеп формасымен және оқу құралдарымен демеушілер есебінен қамтылды. Жалпы мектеп Қор қаражаты есебінен осы санаттағы 140 оқушы қысқы күртені, спорттық киім және аяқ киім алды.
Оқу жылы бойы сабаққа қатысуын қадағалап, жүргізілген. Сынып жетекшілері бірінші сабақта оқушылардың сабаққа қатыспау себептерін анықтап, мектеп әкімшілігінің назарына жеткізеді және ата-аналарды хабардар етеді. Бұл өз нәтижесін де берді, себепсіз босату аз орын алады, бірақ сынып жетекшілері, осы мәселеге ерекше назар аударып, жауапкершілікпен өз міндеттеріне қарап, оқушылардың босату себебін уақытында біліп, белгілеп қою керек.
Оқу жылының басында мектеп директорының тәрбие жұмысының орынбасарымен тәртіпті сақтау және тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдердің кезекшілік кестесі жасалды.
Көптеген оқушылар мектеп формасына қатысты мектеп Жарғысының баптарын орындамайды. Сынып жетекшілерге оқушылармен жүйелі түрде әңгіме өткізіп, мектеп формасын киюге талап қою керек. Кезекші мұғалімдер тарапынан жүйесіз бақылау, сондай-ақ сынып жетекшілерінің оқушылардың үзіліс кезінде, сыртқы түрін, сабақтарға кешігуіне, тәртіпті бұзғандарына, себепсіз сабақтарда болмауы, ата-аналармен байланыстың жоқтығы-бұлардың бәрі құқық бұзушылық және қылмыстық теріс қылықтарға әкеледі.
Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру мақсатпен мектеп оқушылары арасында сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді.
Мектепте күнделікті таңғы жаттығулар жүргізіледі. Сабақта пән мұғалімдері сергіту сәтін жүргізеді.
Мектеп қалалық іс-шараларға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттайды.
Қыркүйек айында жыл сайынғы "Денсаулық фестиваліне" қатыстық. Орта және кіші буын оқушылары үшін мектеп аумағында жарыстар мен қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды. Бастауыш мектепте сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, спорттық жарыстар өткізілді.
Сынып жетекшілері жыл бойы оқушылардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған теріс қарым-маскүнемдік, темекі шегу, нашақорлықтың тақырыбына сынып сағаттары өткізіледі:
1. Гигиена ережелері
2. Менің әдемі сымбатым
3. Күн тәртібі
4. Салауатты тамақтану – дені сау балалар
5. Компьютер және оқушы денсаулығы
6. Салауатты өмір салты
7. Туберкулездің алдын алу
8. "Тіс және екара күтү"
9. "Тазалық - денсаулық кепілі"
10. "Адамның жеке гигиенасы"
Бір жылдың ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, наркологиялық диспансер, ЖИТС орталығының, тубдиспансер, гинеколог мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды. Екінші тоқсанда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және " фирма "Проктер энд Гембл" өкілдері 6 сыныптар арасында "Сұлулық және денсаулық".
тақырыбына кездесу өткізді.
Оқу жылының басынан оқушыларды спорттық секцияларға тарту жұмысы жүргізіледі. Биылғы оқу жылында мектепте 5 үйірмелер жұмыс істеді: баскетбол, волейбол, футбол, құзға шығу, қазақ күресі.
Жыл шеңберінде айлық және онкүндік ішінде ішімдік және темекі шегу Күніне қарсы күрес, туберкулезбен күрес Күні және ДСИ, Спид-пен және нашақорлықпен, ЖРВИ-мен және тұмаумен күресу іс-шаралар өткізілді.
Психологпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз.Психологтың қызметі келесі негізгі бағыттарда жүзеге асырылады: психодиагностика, кеңес беру, психокоррекциялық және дамытушылық және психопрофилактикалық жұмыс.
1-сыныпта мектепке бейімдігін анықтау мақсатында тексеру өткізілді. Психолог үнемі ата-аналарға көмектеседі, сауатты және тиімді түрде өздерінің қарым-қатынасына әрекет етеді, іс жүзінде әрбір ата-аналармен жиналыс жүргізеді, жеке кеңес беріп, ата-аналар мен педагогтарға мүмкіндік береді, сапалы және кешенді проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсетті.
Мектеп асханасы барлық оқушыларды толыққанды ыстық және буфеттік тамақпен жұмыс режиміне сәйкес қамтамасыз етеді.
Сыныптық санпост және наркобекет, мектептік наркопост жұмыстарын жандандыру қажет. Салауатты өмір салтын сүру үшін сыныптан тыс іс-шаралар, сынып сағаттарын өткізу. Сынып жетекшілеріне оқушылардың сабаққа, спорттық секцияларға қатысуын бақылау. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, облыстық ЖИТС орталығының, наркодиспансером және т. б. денсаулық сақтау ұйымдары өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру керек. Спорттық секциялар басшыларына көп оқушыларды спорттық секцияларға қатыстырып, тиісті деңгейде жаттығулар жасауға тарту.
2016-2017 оқу жылы мектепте 12 үйірме және секциялар жұмыс істеді. Қосымша білім беруге келесі үйірмелерді мен секциялары ұсынылды: