171. ГҮЛНАР апай - шежiресi // Коммунизм таңы . 1991. 7,8 маусым . А. Байтұрсынов пен M. Дулатовтың Торғайдағы күндері қарсаңында Міржақыпқызы Гүлнармен сұхбат, Сұхбаттасқан Қ . Әлімов
СҰРАҚ : -Апай , алпыс жылға жуык ғұмырыңыз зарығып күтумен , торығу мен өтiптi - ay . Сонда қайран әкеңiздiн халкына қайтып ораларына имандай сенген екенсіз ғой .
ЖАУАП : Әкемді мен ешуақытта жау деп санағам жок . Байтұрсын атамды да жау дегенім жоқ . Шәкәрім , Мағжан , Жүсіпбек , Әлихан Бекейхановты айтамын осылардың барлығы бiздiң қазақтың тек мактанышы болды. Осы кiсiлердiн сара жолымен жүрген пенде ешкашан адамшылықтан да , елдiктен де айырылмасы хақ . Осы бай мұраға ие болып , солардын кезінде шығарған , немесе жазып кеткен шығармаларын қайыра жарык көрсетіп, кейiнгi ұрпакка аманаттағанымыз жөн . Өткен тарихын білмеген өресiз ұл - қыздан безу керек. Бүгін міне, сондай тұйыққа тіреліп жатырмыз. Ал мен - жүрегiмдi кан жылатқан жаралы жылдар ішінде әкемнiң қиын тағдырын бір сәт те жадымнан шығармадым . Акыры, үмітім акталды ғой. койылады. Маған әкемнiң төңiperiнде кімдер болды деген сұрактар көп қойылады. Үйде қазір әкем мен шешемнен калган үстел бар. Өзім сол үстелдiн астында жүгiрiп ойнағанмын. Сол шактарымды қазiр есіме алсам, үстел басында қазақтын біраз зиялылары отырған екен: жуз он торт кісіні әйелдерсіз тiзiп шыктым, өзiм Айтсам, Әуезов, Сәтбаев, Байтұрсынов, анау Абай атамның қаншама ұрпақтары сырласып, шәй ішіп, көңіл тоғайткан десейші мұнда. Ішiмде еш уакытта бір сөнбеген сенім болды, ол- әкем, оның осы теңipeгі aқталады дегеннен айырылғам жок. Сол күш мені осы мені осы дүниеде алып жүр. Сол күшпен мен осы уақытка дейiн, мінекей тіршілік етіп келе жатырмын . Бала - шагалы болдым, немере - шөбере сүйіп отырмын. Әкем мен сүйіп отыр шешемнен көрген тәрбиемді өз балаларыма дарытканыма мәзбін.
СҰРАҚ: - Тар заманда басқа не бiр қиғылыктар түспеді дейсiз . Жүсіпбектей асылдың тұяғы Бектұр өзiңiзбен түйдей құрдас екен, сол өзі хабарсыз кеткеннен табылды.
ЖАУАП : Менің папам бірде Бейімбет Майлиннің әйелiн - Гулжамалды, баласы Әукенді, Жусiпбек Аймауытовтың ұлы Викторды, оны бiз Бектұр дейтiнбіз, сол ушеуін алып Орынбордан Қостанайға келеді. Сол жақта олар жазғы демалысын өткізген. Күзгі салым қайтып келгеннен кейін біз Орынбордан Қызылордаға көштік. Әлі есімде Виктор қыркүйекке дейін біздің үйде болды. Әкесі Ташкентте тұратын, одан Шымкентке ауысты да, баласын өзімен бірге ала кеттi. Кейiн Бектұр бiздiң уйге үнемi келiп каникулдарын өткізіп жүретін. Ол менімен түйдей құрдас болатын, бір - бiрiмiзге бауыр басып кеткен едік. Мен казір де сол Бектұрды жоктап ылғи «қайда жүр екен ?» деп алаңдаймын. Әкесі акталғаннан бері iзiне түсiп iздедім. Сол баланы, бала деймін ғой, казiр, мендей үлкен жаска келдi - биыл 76-ға толамыз бәріміз. Мен Бектұрды бес қаладан іздеттім. Ташкентте министрлік аркылы бiр ай іздеп, содан маған «табылмады» деген жауап келді. Сонда да құлағымды түрiп жүрдім, Бектұрды білетін кім бар екен деп. Сойтіп жакында Айтжан Ботин деген белгілі бір кісіден мынандай әңгіме есіттім. « Жүсіпбектін әйелі немка еді ғой, 1932 жылы Германияға кетті » деді ол. Қалайша, оны қайдан білесіз? деп едім. Ол : « Ендi айтып мен білгеннен кейін отырмын гой. Неге десеңіз. мен өзім көрмесем де ол әйелді баласын алып кетті деп белгілі бip адам айтып еді» деді. Сонымен оның сөзінің жаны бар екеніне тағы бір делел келтірейін. Ол мына Семейде тұрғанда Жүсіпбектің жаңағы əйелі бір немканың үйінің жартысында тұрады екен.Ол кезде Жүсіпбек әйелімен ажарасқан, екі баласынан қимай, ылғи артынан барып, балаларын өзимен ертіп қыдыртып, қайтадан шешесине әкеп тастап отырады екен. Мұны маған Райымжан Бекейханов ағам айтқан еді. Бектұрдан осылайша жазып қалыппыз ғой...
СҰРАҚ: Әлгінде сіздің қолыңыздан қаншама суреттерді ретті керіп, тамашаладық. «Қызбел» совхозында М.Дулатов атындағы орта мектеп жанынан үйымдастырылған музейге 54 суретті сыйға тараратқаныңызды білеміз. Ал баяғыда бір суретің ұшты - күйлі жоғалып кетіпті ғой, соның сырын айтып берсеңіз қайтеді?
ЖАУАП:- Иә, бізде сондай бір қасиетті сурет болатын. Сурет- тігулі тұрған киіз үй, оң жағында жеңіл машина, оның қасында шофер отыр австралиялық. Бергі жағында газетпен көзін қалқалап, түрегеп тұрған менің әкем Міржақып. Оң қапталындағысы Лиза Бекейханова, ал гимназист формасын киген Үгітай, оны жұрт Сергей деп атап кеткен, Бекейхановтың ұлы. Ал енді үйдің екінші жағында жерге үлкен кілем теселген. Ақ дастарханның басында самауырында шәй құйып менің шешем отыр. Қарсы алдында Ахмет Байтұрсынов жүрелеген. Оның қасында жарбнып тоғыз айлық мен отырмын. Осы сурет дәл қазір көз алдымда тұр. Бізден 1940 ұрланып кетті. Одан кейін айтайын дегенім, Ахмет атамдармен мен туған күннен бастап 1918 жылға дейін Орынборда бірге тұрдық. Кейін ала. сапыран уақытында елге бардық. Онда да бірге жүр дік. Одан бертінірек мен ес 6ілгелі Орынборды қоныстандық. 1925 жылы Орынбордан Кызылордаға көшіп келдік. Содан атам Байтұрсыновтармен бәріміз бір үйді паналадық. Ташкенттегі атамыз Орынборда тұрғанымызда біздің үйге келіп-кетiп жүретін. Жусіпбек Аймауытов келетін. Сондай-ақ Қоске Кемеңгеров, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Ходжанов, Мұстафа Бұралқиев, тағы азаматтар әдейі бұрылып соғып жүретін. 1933 жылдары бұл кісілердің барлығын қамауға алып, бес жылға соттады, ең әуелі Қызылорда түрмеcіне отырғызды бәрін. Кейін оларды жер аударды. Ахмет атам, Мағжан Жұмабаев- ол кісілер Архангелскіде болды. Менің әкем Соловки деген жерre ayдарылды. Mінекей, осындай шым-шытырық уакытта да олар бір-бірінен қол үзген жоқ. Қыр баласы Әлихан Бөкейханов Москвада тұрды. Бip-бірімен хат тасып, бірін-бірі демеп, жебеп журген көpінеді жарыктыктар.
СҰРАК: -Апай әкеңізге деген іңкәр көңіліңіз, сүйiспеншілігіңіз кім-кімді де eліктірмей, erілтпей коймайды. Әкесіне кызының берер бағасы кандай екен?
ЖАУАП: - Мен әкемді кандай деп санаймын? Біріншіден, менің әкем өзі бауырмал кici болды. Ақкөңіл, одан қалды балажан кіcі болды. Үлкендерді кәдімгі өзінің шешендігімен магниттей тартып тұрып, төңірегіне жинайтын. Өзінің сөзі ылғи үстем болып, жолдастары сыйлап Жакаң дейтін. Сол Жакаң атанып жургенде ол отыздың ішінде ғана екен. Сонда ол кіciні үлкен тұлға деп санай ма, өздерінің көсеміндей көретін. Ал оданбкргі уақытта әкемнің мінезінің кайсарлығы да болды, бірбеткейлігі де болды. Өзінің сол айтқан, ұстаған жолынан таймайтын. Өзінің шындығына, дәлеліне беpік сенімді еді. Адал кызмет істеп жүргеніне, халкын басын байлап сүйгеніне, сол асыл мұрат жолында кұрбандыққа кеткеніне дейін ешуақытта мойынсұнбаған. Түрмеде де оны жалғыз ұстайды. Сол кезде наннан шахматтың фигураларын істеп, кағазға сызып, екі кісі болып өзімен-өзі ойнайды екен. Түрменің сақшылары тесіктен сығалап таң қалады екен. Қағаз бермесе, окитын кітап бермесе, не істесін тар бөлменің ішінде. Кейде бірнеше сағат бойы жүреді екен ерсілі-арсылы. Күніне канша шакырым жүргенін есепке алып, өзін-өзі табандылыкпен шынықтырып отырған ғой. Тогыз айдың ішінде ату жазасын бұйырғанда күйзелген уақыттары да болыпты. Ол туралы қабыргалас отырған бip aғaйын Махмади Мамаев деген кісі босанып шығып, үйіне келгенде айтқан екен. Ол кісінің бәйбішесі қазiр тірі, маған былай жеткізген еді отағасының сөзін. «Сaған ұзак жыл айтпай жүруші едім, папаң туралы стігенімді енді айтайын. Уакыты жетті ғой. Сол кезде қиналған уақытында «Гүлнәр, Гүлнәр, Гүлнәр» деп дауыстайды әкең».
Енді ойласам, жаны қиналғанда сүйікті қызын сағынып, аңсап, менің атымды шақырғаны көңіліме казір біртүрлі аяныш туғызады. Сол әкемнің жазықсыз екендігін білетінмін, көңілімнен бір сәт те шығарғам жок. Мен үшін де бір бақытты жұлдыз туар- ау, әкем ақталып келер-ау деп аллаға жалбарынып жүрдім. Айтыңыздаршы, жарандар, халқын сүйгені, қған қызмет еткені үшін оны жау деуге бола ма? Қайран экем елу жаска бір ай толмаған шақта кайтыс болды - 5-қазанда 1935 жылы. Еңбекті аз істеп кеткен жоқ. Қазiр барлығы жарыққа шығып жатыр. Бұл көп қырлы, аса білімді кісі. Ол екі жылдық орыс-қырғыз училищесін бітірin халық мұғалімі аталғаны болмаса ,өзін-өзі окытқан, шетел тілдерін де білетін. Орыс тілін жақсы меңгерген. «Қазак» газетінде, баска шығып тұрған «Айқап», «Шолпан журналдарында, «Сана», «Ақ жол», Еңбекші казақ» газеттерінде, «Сарыарка», «Ауыл тілі», айта берсе, сол уақытта шығып тұрған мерзімді басылымдарды құр, бос жібермеген, жанын салып қызмет атқарған. Енді, міне, санап көрсек, соңында екі мыңнан астам еңбектер калдырыпты. Бірді айтып, бірге кеттім бе, өзі... Сұрағыңа икемделейін. Әке мен баланың арасындағы сүйіспеншілік деген өзі табиғи нәрсе емес пе? Ал әкемнің мені жаксы көргені, менің ол кісіні сүйгенім ерекше болатын. Ол баска балаларынан гөрі мені тым жаксы керетін. Біз Орынборда тұрғанда кішкентай кезімде сынап көреді екен мені. Бір күні көшеде әкем мен шешем келе жатады да, екеуі екі жакка тұра қалады. «Мына Гүлнар алдымызға шығып саған бара ма» деп таласады. Мен арсалаңдап әкеме жүгіріп барсам керек. Сол болмашы нәрсеге десердей болады екен жарықтық. Тұрмысымызда өте көп қиыншылық көрдік. Әкем өз қызметімен жүрді. Біз шешем екеуміз нағашыларымыздың қолында болдық. Нағашы деп отырғаным анамның екі апасы болды. Бірі Көкшетауда тұрды. Біреуі Атбасарда. Сол жерде біз тұрдық Одан кейін Семейдің Шыңғыстауында- Абай атаның ауылында болдық. Біз әкеммен көбінесе жолығыса бермейтінбіз. Шыңғыстауда тұрғанымызда қыстыгүні «әкеңізді ұстап кетті» деген бір суық хабар келді. Панасыз қалған біз- шешемнің сіңілісі Гүлшара үшеуміз қақаған аязда Семейге келдік. Бұрынырақта сондағы Комиссарская көшесіндегі екі қабатты үйде тұрғанбыз. Төменгісіне Әлихан Бөкейхановтар жайғасқан еді. Бұл енді Семейдегі аз уақыттағы тұрмыс.
Сосын Семей түрмесінен жаңағы айтқан екі кісі әкем мен Бөкейхановты Орынборға әкетті. Орынборға барғаннан кейін босатып жіберді. Бөкейхановты Москваға жіберді де, менің әкем Орынборда қалып қойды. Содан кейін екі ай өтпей шешем екеумізді осында алдыртты. Мінекей, бұл 1922 жылдың қысы болатынОсы кезеңнен1928 жылғы желтоқсанға дейін әкеммен бас қосып семья болып тұрған уақытымыз сол болатын.
Сұрақ: - «Дулатова» деген фамилияны осыншама жыл алып жүру оңай болмаған шығар . «Дулатова» деген сөздің өзі кезінде «халық жауының қызы» деген ұғым бергенін несіне жасырамыз. Мұндай рухани тепірешке, жан күйзелісіне қалай ғана шыдадыңыз апай?
Жауап: - Мен әкемнің тұңғышы болғандықтан, басқа перзенттері қалмағандықтан өне бойы әкемнің фамилиясын алып жүрдім. Осы фамилияны алып жүру біздің қилы заманда өте бір қауіпті болды.Ол тұрғысында көрмеген қиыншылығым қалмады.Соның барлығына төздім. Ал енді әкенің фамилиясын алып жүру әркімнің өзінің азаматтық хұқы, борышы деп санаймыз ғой. Бірақ мына фамилияның – Дулатованың қисыны ерекше қатерлі болды. Қазақстанда мені оқытпады, сол себепті Томскіге барып, мединститутқа түстім. 1934 жылы әкеме барып қайтатын «свидание» бер деп, Пешкова екатерина Павловнаға (М. Горькийдің әйелі, қызыл крест бастығы болатын) шешем арыз жіберді. Ана жақтан ол кісіге осындай өтінішпен әкем де жазыпты. Ал Пешкованың жауабы әкеме бұрын жеткен екен. Сондықтан ол шешеме телеграмма салып «Бір айлық осында саған рұқсат берілді.Әлібекті алып кел» деп хабарлаған. Әлібек дейтін менің кішкентай інім. Ол 1925 жылы туған, 9 жасар бала. Содан ол жерде бұл кісілер бір пәтер алып бір ай шамасы тұрыпты. Енді артынан естуім бойынша әкем былайша хат жазады екен шешеме. «Сендер, мінекей, кеттіңдер. Кеткеннен кейін әлгі пәтерге күніне екі рет барып жүрдім. Онда сендердің иістерің қалған сияқты, сағынышпен үйді маңайлап, торуылдап жүремін де қоямын».
Сөйтіп 1934 жыл да өтті. 1935 жылы мамыр айында біздің үйге үлкен бір қайғы кірді. Ол - жаңағы інім Әлібек қыстыгүні шананың астына қалып, содан жарақаттанып, қолы сынып қайтыс болды. Көп кісі көңіл айтып келді. Бәйбішесі мен Ахмет атам да келді. Сонда бізді құшақтап, тізерлеп отырып айтқаны: Сен, Гая, (Ғайнижамал шешемді айтады) сабыр ет, болғанға берік бол. Мына балаң қайтыс болса, баласыз мен де жүрмін ғой. Әлтайдың қайтыс болғанын Міржақыпқа жазбаңдар. Артымда ұлым бар деп жүрсін. Келгенде бір-ақ білер, енді ұзамай келеді ғой». Кейін сол күзде төрт айдан соң әкем қайтыс болды деген хабар алдық біз. Бұл қазан айының аяқ кезі болатын. Содан кейін әкемнің киімі, мүлкі, қалған кітаптары масуреттері ме, жазысқан хаттары ма, әйтеуір солардың барлығы бір айдан кейін біздің қолымызға келіп тиді. Өмірде бір қайғы бір қайғыға ұласып жатқанда, әкеміз қайтыс болғанда біздің қабырғамыз қайысып, әбден жүдедік. Сонда ахмет атам келіп, күңіреніп: «Гая, менің саған айтар сөзім жоқ, Міржақып өлгеннен кейін не айтам. Сөз таба алмай отырмын. Сондай бауырымнан, інімнен, өзімнің серіктес досымнан айырылу сендерге қандай батса, маған да солай батып отыр» деген еді басу айтып.
Бұл қайғылы уақыт та өтті. Бірақ қуғыннан көз жазғанымыз жоқ. 1937 жылдан бастап менің шешемді Алматыда тұрғызбады. Сара дейтін апасы екеуі мына Талғардан бір үй салып, сонда екі-үш жыл тұрды. Институт бітіргеннен кейін мен шешемді алып, Шымкентке кеттім. Срнда 1945 жылы 15 қыркүекте шешем 45 жасында дүниеден өтті. Тірісінде «Дулатова» деген фамилиясын зор мақтанышпен алып жүрген еді асыл анам.
Сұрақ: - «Бақытсыз Жамал» кітабын алғаш көргенде бауырыңызға қысып, өксіп жылап, кейін йесіне қайтармайқойғаныңызды естіп ек...
Жауап: - 1935-36 жылдары оқып жүрген кезімде демалыс үйіде Шонанов Шалжанның бәйбішесі Махизада дейтін бір апайыммен таныстым. Бір көрмекке сұлу, өзі оқыған, тәуір қызметі бар кісі еді. Сол кісі бірде « жүр екеуміз саяхат жасайық» деп тау беткейіне ертіп шықты. Үлкен жартасқа сүйеніп тұрып керемет өлеңдерді тақпақтапжатқа айта жөнелсін. «Неткен маржан тіркестер»дедім мен тәнті болып. «Бұл сенің папаңның «Бақытсыз Жамалының» өлеңдері емес пе?» деп ол мені бауырына қысты. Әлі есімде «Бақытсыз Жамалды» кейін маған 1936 жылы Қартқожа Тоғанбаев ағамыз берген еді. Ол Қартқожа кәдімгі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкері, бір жағынан менің шешеме жақын болатын. «Бақытсыз Жамал» қолыма тиген соң, көпке дейін йесіне қайтармай, айырылмай жүрдім. Арада бірер ай өткенде шешем: «Жоқ, Гүлнәр, сенікі дұрыс емес. Берді екен саған, оқыдың, таныстың, енді өзіне қайтарып бер. Ол кітап халықтың кітабы» деп ақыл айтты. Ана сөзіне ықтиярсыз көнуге тура келді.
Әкемнің «Шағым» дейтін өлеңін көп кісілер жаттап, кездескенде маған оңашада айтып беретін. Осы өлеңді Бауыржан Момышұлының аузынан талай естідім. Батыр ағамыз ғой, ол кезде де ешкімнен қаймықпайтын. «Менің Міржақып ағам» деп әманда айбаттанып отыратын: «Көрмейсің бе, - дейтін ол өзітақпақтап айтқан жырдан ләззаттанып, өзін қандай кішіпейіл санайды. Сен ұмытпа, мұндай ұлы әкені мақтаныш тұту керек».
Бертін келе өзімнің де балаларым өсіп, соларға аталарын таныту міндетін іштей мойныма жүктедім. Сол себепті мен ендңіі жалғыз қалған қызы болғаннан кейінқарап жүрмей, естеліктерді аздап жаза бастадым. Ол ең әуелі маған оңайлыққа тиген жоқ. Неге десеңіз ішкі сырыңызды, ішкі ойыңызды қағаз бетіне түсірмек түгілі ол ойыңнан өзің шошитын заман болды ғой бізде. Сонда да әкемақталмай жатып ақ қолыма қалам алған едім.
Мен өзім әдебиетші де, журналист те емеспін, дәрігермін. Ал қазақша да оқымаған едім. Сонда да өзімді-өзім сауаттандырып, қазақ тілін меңгеруге күш салдым. Сол мақсатпен кітаптар оқитын болдым, қавзақтың газеттеріне бастан аяқ көз жүгіртіп, соның арқасында жаза бастадым. Менің қолымда қазір Ахмет Байтұрсынов атамның 3 хаты, Әлихан Бөкейхановтың, дәрігер Жұмағали Тілеулиннің Рақымбек Жандосовтың, Мұхтар Мұрзиннің хаттары бар. Басқасын айтпағанда, біздің тарихымызда үлкен орын алатын Байтұрсынов атамның, Бөкейхановтың қолтаңбасын көру деген қазақ халқына үлкен мәртебе деп санаймын.
Жазып алған журналист Қайсар Әлімов