Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
|
Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
Кері байланыс арқылы бағалау
|
Волейбол торы, қазықтары, ысқырғыш, волейбол доптары.
|
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Тактика түрлері туралы айту: қорғану және шабуылдау тактикасы, қорғану мен шабуылдаудың топтық және жеке тактикасы. 3-ші аймақтағы ойыншыны торға бір жанымен немесе жартылай бұрылу қалпында, допты беретін серіктесіне қарап тұру керектігін түсінуге қол жеткізу қажет. Жаңадан үйренушілер торға арқамен қарап тұрып алу секілді қателіктер жібереді. Сұраңыз: Қалай ойлайсыз, қандай жағдайда доп жоғарыдан немесе төменнен қабылданады? Допты ойынға қосудың қандай түрлерін білесіз?
|
1. Допты аймақтарға жалғау. Оқушылар алаңның екі жағында да бір лекке №6 және № 3 пен №4ге аймақтарға орналасады. Доп алаңның екінші жағынан 6-шы аймақтан 3-ші аймаққа жалғастырылады, ол жерден 4-ші аймаққа, одан соң кезекпен тордың үстінен 6-шы аймаққа қайтарылады. Айналысушылар, бір лекке 3-ші аймаққа, бір ойыншы 5-ші аймаққа және бір ойыншы 4-ші аймаққа орналасады. 3-ші аймақ ойыншылары кезекпен допты 4-ші аймаққа жалғайды және 5-ші аймаққа қайтарады. Негізгі назарды 3-ші аймақтан 4-ші аймаққа берілген доптың дәлдігіне аудару қажет.
|
Допты алға беру кезінде дене алға еңкейтіледі (барлық тапсырмаларда), ал артқа берген кезде тігінен болатындығына назарды шоғырландырыңыз. Бас барынша тік болуға жақын болады. аяқтар тізеден бүгіледі, қолдардан бұрын жазылады. Допты беру алдында қолдар білектен бүгіледі, жақын жолмен жоғары шығарылады. Білезіктер бастан сәл жоғарыда болады. Білектер иық буының деңгейінде немесе сәл жоғары болады. білек. Білек арасындағы қашықтық иық буыны бұлшықеттерінің еркін қалыптарымен анықталады (бақылау үшін ойыншының еркін қолын ұстап бастапқы қалыпқа дейін көтеру). Сұраңыз, сіздің ойыңызша ары қарай дамыту үшін қандай комбинациялармен жұмыстану қажет?
Ережеге сай ойын
|
Допты жалғау. Оқушылар міндеті: жоғарға лақтырылған допты «жүрекше» тәріздес ұсталған саусақтардың басымен серіктесінің бағытына қарай қағып жіберу, қабылдауда доптың ұшуын қадағалау, қарсы қозғалыспен саусақтардың ұштары арқылы бастан жоғары қабылдау, ал үлкен жылдамдықтағы допты төменнен білектермен қабылдау; допты алақандармен қағып жібермеу; тордың үстімен ойнау кезінде оны қолмен ұстамау, торға қарай бірін бірі итермеу. Оқушылар шағын топтарда допты жоғарыдан жалғауды орындайды: а) жалғау тәсілдері бойынша: - екі қолмен; - бір қолмен. б) өңдеу биіктігі бойынша: - тұру қалпынан; - секіруден; - жартылай отырудан. в) беру бағыты бойынша: - өзінен жоғары; - алға; - арқадан; - жанымен.
Екі жақты волейбол ойыны
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.
|
Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.
|
|
|
Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау
|
Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау
|
|
|