32ХVIII-ХІХ yüzyıllarda sözlü literatürdeki (Buhar, Aktamberdi, Şal, Tattıkara, Umbetey, vb.) zhırauların'ın eserlerini formüle edin XVIII-XIX ғасырларда ауызша әдебиет (Бұхар, Ақтамберді, Шаль, Таттикара, Үмбетей және т. б.) жираулардың шығармаларын тұжырымдау Казак әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше туындыла- ры сакталған. Бұқар жырау осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағында туып-өскен. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көптеген дидактикалық өлең-толғаулар шығарған, Орта жүз ханы Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда Абылайға оның жүздерді басқару жөніндегі істеріне, оның әр түрлі таластар мен дау- шарларды талқылауы кезінде елеулі ықпал жасап отырған. Сонымен бірге Бұқар өз шығармашылығында өз заманының жекелеген маңызды тарихи оқиғаларын дұрыс бейнелеп көрсетті. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыптарының бірі — Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжанды- лық. Ол қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің қаһарман- дары - Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек батырларды дәріптеді. «Тілек», «Әй, Абылай», «Аскар таудың өлгені...» деген және басқа толғауларын- да ол адам өмірі және мораль жөніндегі өз ойларын өлеңмен бейнелі түрде айтып береді.
Жырау казактың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Қазақстан сыртқы жаулардың шап- қыншылығымен және ішкі өзара тартыстан әлсіреген замандағы хандардың ішіндегі айбарлысы Абылай болды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға тиісті қайраткер ретінде жырға қосты, оның Ресей мен Қытай арасында өз мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдады.Бұқар табиғи шешендігі арқасында хан, сұлтан және ірі феодалдар ара- сында ғана емес, халық арасында да зор беделге ие болып, XVIII ғасыр- дағы қазактардың қоғамдық санасына игі ықпал еткен аса қуатты идеоло- гиялық күш кызметін атқарды. Өзге жыраулардың - Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш жыраулардын жырлары халык жадында үзік-үзік сакталган. Умбетейдін Болар- бай батырдын кайтыс болуына арналған естірту жыры коктауы белгілі. Онда акын батырдын жоңғарларға карсы ырыкка жоктауы ерліктерін дәріптейді.
Үмбетейдің жоқтауында Бөгенбай халык корғаушысының мінсіз бейнесі. XVIII ғасырдың ірі импровизатор акыны әрі жырауы Тәтіқара еді.Акын катардағы жауынгер ретінде көптеген шайкастарға катысты. Жорыктар кезінде туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандык жолындағы күресте кандай да болсын киыншылықтың алдында бас имеуге шакырды. Мынадай аңыз сақталған: бір жолы казак жасактары жоңғар- лармен шайкаста жеңіліске ұшырап, шегініп бара жатып, лықсып аккан үлкен өзенге келіп тіреледі. Жауынгерлер өзен жағасында жиналып, одан жүзіп өтуге батылы бармай тұрып калады, сонда Тәтіқара жауынгерлердің намысын козғайтын толғау өлеңін суырыпсалып, өзен- ге бірінші болып койып кетеді де, жүзіп өте шығады. Оның ізінен баска жауынгерлер де жүзіп өтеді.
ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген Шал, Көтеш, Жанкісі жыраулар өз толғауларында әлеуметтік теңсіздікті, хандардың халыкка жасаған зор- лык-зомбылығын әшкерелеген.
Актамберді (1675-1768) — негізінен эпикалык жанрда жыр толғаған жы- рау. Ақын өз заманындағы жас ұрпақты табандылық пен ерлікке ша- қырды. Ерлікке, жауынгерлік ержүректілікке үндеу, жаудан қаймық- пай, батыл қарсы шабуға, оның алдында ешқашан шегінбеуге үндеу - Актамбердінің бүкіл шығармасының арқауы. Өйткені жеңіске жеткен жағдайда бостандык та, данк та болмақ, ал олай болмағанда ерді өлім күтеді, мұның өзі қалай дегенмен де өз халқын кіріптарлықта көрген- нен әлдеқайда тәуір.
Кедей ортадан шыққан Көтеш акын (1745-1818) өмір бойы жоқшылық тауқыметін тартты. Оның шығармашылығының басты сарыны азапты өмірін көрсету, әділетсіздікті әшкерелеу. кедейдің
Шал ақынның (1748-1819) шығармашылығы болған оқиғаға ақындық шабытпен сол сәтте үн қосуымен сипатталады. Олар қазақ халқының та- рихындағы жекелеген оқиғалармен байланысты. Онда арнау өлендер мен мыскыл өлендері көп. Шал шығармашылығының негізгі тақырыбы – адам өмірі, оның мәні, мораль, этика, дін мәселелері. Бұкар, Жанкісі, Тәтіқара, Ақтамберді және баска да өлендері мен жыр- лары бізге дейін жеткен суырыпсалма ақындар мен жыршылар казак әдебиетіндегі жекелей поэзиялық шығармашылықтың бастамашылары бо- лып табылады. Олардын жырлары соның алдындағы дәуірдің тұрмыс-салт поэзиясынан көп жағынан ерекше болып келеді. Бұл туындыларда аза- маттык сарындар көбірек көрініс алып, халық өмірі толығырақ ашылды. XVIII-XIX ғасырдың басындағы көптеген жыраулардың шығармашылы- ғына тән кейбір қайшылықтарына қарамастан, олар қазақ әдебиеті тари- хында көрнекті орын алады.
Бұл дәуірдің туындылары көркемдік нысаны жөнінен неғұрлым ер- теректегі кездің өлең-жырларына қарағанда кемелдене түскен. Қазак- тардың ауыз әдебиетінің барлық негізгі белгілері мен дәстүрлері сактал- ған бұл өлендерде сол кездің өзінде-ақ жазба поэзияға тән элементтер болды.