39.Halk şairlerine ve kurtuluş mücadelesine ilişkin meseleyi çözmek
Халық ақындары мен азаттық күресіне байланысты мәселені шешу
Тарихи оқиғалар барысында, әсіресе патша өкіметінің отаршыл- дық саясатының күшеюінен туындаған әдебиеттегі әлеуметтік сарын бірте-бірте неғұрлым қуатты сипатқа ие бола бастады. Қазақтардың патша самодержавиесінің бодандығын қабылдауына байланысты ту- ындаған халық толқулары мен елдегі наразылық, отаршылдық езгінің күшеюі, еңбекші халықтың тұрмыс жағдайларының нашарлауы, ұлттық қадір-қасиеттің аяққа басылуы, қоғамдағы таптық жіктелістің тереңдеуі қазақ ақындары туындыларының негізгі тақырыптарына ай- налды. Олардың шығармашылығы өздері көзімен көрген және бастан кешірген нақты тарихи оқиғалар негізінде дамыды.
Жауынгер-ақын Махамбет Өтемісовтің (1804-1846) шығармалары 1836-37 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісімен толығымен және тығыз байланысты. Сырттай қараған- да, бұл бас көтеру Жәңгір ханның жеке үстемдігіне ғана қарсы көтеріліс болып көрінуі мүмкін. Алайда шын мәнінде, бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсылық еді. Патша самодержавиесі тарапынан күшті қолдауға ие болған Жәңгір хан Бөкей Ордасында шексіз билік жүргізді. Ол ең құнарлы жердің бәрін, шөбі шүйгін және суы мол жайылымдарды өз бетімен туыстарына және жақындарына үлестіріп берді. Хан әулетінің 25-30 отбасына бұл жердің 85 пайызы тиді, ал халықтың үштен бірі жерден мүлде айырылып қал- ды. Оның үстіне Жәңгір хан бүкіл халықтан мемлекеттік салық түрінде зекет жинады, әрбір отбасынан шаңырақ алымын, союға мал (соғым) талап етті. Малы да, акшасы да жоқ адамдар салықты тері мен жүн түрінде заттай төлеуге немесе хан малын азықтандыру үшін шөп дай- ындау міндеткерлігін атқаруға мәжбүр болды. Халық әбден күйзеліп, қайыршылық халге жетті. Елде заңсыздық пен бейбастақтық жайлап алды.
Халықтың отаршылдыққа карсы наразылығы сан қырлы поэзияның тууына себепші болды. Онда ел байлығын талап-тонаушылық, халык- тын барған сайын қайыршылана түсуі, кең-байтақ жайылымдар мен құнарлы суармалы жерлерден айырылуы, билік жүйесінің тізгінін ұстап отырған ат төбеліндей адамдар тарапынан жасалған жүгенсіздік пен зорлық-зомбылық, парақорлықтың бел алуы, адамдардың мінез- құлқының бұзылып, моральдык азғындауы түкке тұрғысыз ұсакшыл- дык, дінге сенушілердің ғана емес, сонымен қатар діни кызметкерлердін өздерінің де, яғни кейбір қожа, молдалардың тойымсыз, ашкөздікпен жер-жерде ислам талаптарын бұзуы туралы тақырыптар жан-жакты көрініс тапты.Бір акындар өз шығармашылығында қалыптасқан жағдайдан шығу- дын жақсы жолын өткенге қайтып оралудан іздесе, енді біреулері о дүниедегі жақсы өмірді арман етті. Бірақ олардың бәріне торығу са- рыны - өткен заманды ойлап, ауыр қайғыға салыну, жаксылыктан мүлдем күдер үзу, болашактан шошыну ортак еді. Өйткені ұлт-азат- тық қозғалысы басып-жанышталды, патша өкіметінің отаршылдық саясаты күшейген үстіне күшейе берді.
М.Әуезов өз кезінде бұл кезеннің поэзиясын «зар заман поэзиясы» деп атаған еді. Ол қазақ әдебиетінің тарихына нақ осы атпен енді. «Зар заман поэзиясының» жарқын өкілдері Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері Шоқанұлы және бас- қалар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |