1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздарының Жарғысы" кіріспедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді


Küçük, orta zhuzlerinin Rus vatandaşlığını kabul etmesi boyunca bir örnek verin ve hizalayın



бет10/25
Дата22.12.2023
өлшемі115,36 Kb.
#198452
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Қазақстан жаңа заман тарихы 31-60

44.Küçük, orta zhuzlerinin Rus vatandaşlığını kabul etmesi boyunca bir örnek verin ve hizalayın
Кіші және Орта жүздердің Ресей азаматтығын қабылдауына мысал келтіріңіз және келісіңіз
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жатқан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

  • Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.

  • Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.

  • Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.

  • Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды

қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды
10 қазан 1731 жылы Кіші және Орта жүз старшындарының жиналысында ұзақ дау мен келіспеушіліктерден соң, Ресей императоршасына адалдық туралы антқа қол қою жүргізілді. Бұл ант Ресей мен Әбілхайырға бағынатын Қазақ хандығы бөлігінің арасындағы шарт болатын. Әбілхайыр хан ресей бодандығын қабылдағаннан кейін Ұлы және Орта жүздің хандары, сұлтандары және старшындары өздерінің “бодандықта болу” тілектерін білдірді. 19 желтоқсан 1731 жылы сол шарттар бойынша Семеке хан бодандықты қабылдайды, 28 тамыз 1740 жылы — Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қабылдады. Бұл актілердің басты себебі Әбілхайыр ханға ішкі саяси күресте басымдық бермеуге ұмтылу болатын. Өйткені бұл басқарушылар өздерін орыс бағыныштысы деп мойындағандықтан, Кіші жүз ханы оларға қарсы орыс әскерлерін пайдалана алмайтын. 1734 және 1738 жылдары Жолбарыс хан ресей биліктеріне жолықты, ол орыс бодандығы арқылы жоңғар билігінен босануға әрекеттенді, бірақ оның әрекеті сәтті болған жоқ.
XVIII ғасырдың 30 жылдарында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары басталып, әсіресе орта жүзге қауіп төндірді. Бұл жағдайда 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығынан қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпаған еді орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғаннан кейін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822 жылы М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енгізілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет