1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздарының Жарғысы" кіріспедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді



бет21/25
Дата22.12.2023
өлшемі115,36 Kb.
#198452
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қазақстан жаңа заман тарихы 31-60

56.Ticarete, fuarlara bir örnek ver, çalışma yap
Сауда-саттыққа, жәрмеңкелерге үлгі көрсетіңіз, жұмысты аяқтаңыз
XIX ғасырда қазақ даласында сауда-саттықтың жаңа түрі – жәрмеңкелер пайда бола бастады. Оған дейін ұлы Дала елінде ғұн дәуірінен бастап айырбас сауда, керуен жолы саудасы дамыды. Көрші елдерден келген көпестер сауданың көбін жібек жолы бойындағы ірі қалалар мен цитадельдерде ғана жүргізді. Ал, XIX ғасырда ірі қалаларда емес, әр түрлі өлкелік, уездік аймақтар таңдалып алынып, жылдың бір мерзімінде сауда-саттық жәрмеңкелері өтіп тұрды.
Қазақ өлкесіндегі алғашқы жәрмеңке ошақтары Бөкей ордасы, Ақмола, Семей жерлерінде ашылды. Жәрмеңкелердің ашылуы барысында ел аралап сауда сату үлкен жобаға айналды. Сауда айналымының көлемі ұлғайып, қазақ жеріне Ресей, Қытай, Моңғолия, Орта Азия мемлекеттерінен көпестер мен саудагерлер келе бастады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әр түкпірінде маңызды жәрмеңке орталықтары ашылды. Солардың қатарында Қоянды (Қарқаралы уезі), Қарқара (Верный уезі), Шар (Семей уезі), Ойыл (Ақтөбе), Константинов-Еленов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Павлодар) жәрмеңкелері болды.
Қазақ даласында он тоғызыншы ғасырдан бастап етек алған жәрмеңкелердің мәдени, рухани, әлеуметтік қызметі де маңызды болды. Жәрмеңке өткен жерде сауда-саттық ғана болған жоқ. Онда алуан түрлі концерттік кештер, рулар мен халықтардың пікір алмасуы, спорттық шаралар, ұлттық ойындар жарыстары, мәдени-рухани кештер өткізілді. Ірі жәрмеңкелерде өнерпаздар мен спортшылар өнер көрсетіп, халықтың рухани көңілін серпілтті. Осындай шараларда қазақтың маңдай алды әншілері, спортшылары, өнерпаздары, бишілері, сал-серілері, сайқымазақшылары жер-жерден келген саудагерлер мен халықтарға өнер көрсетті
Ірі жәрмеңкелерде аты алты алашқа танылған балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев, Әсет Найманбайұлы, Иса Байзақов сынды қазақ жақсылар мен жайсаңдары жарқ етіп көрінді. Жәрмеңкелер өткен уездер мен ауылдарда ұлттық спортымыз дамып, көкпардың көркі қызды. Ақындар айтысы өтіп, ірі-ірі байлар мен бай шонжарлар, болыстар, уезд старшиналары ақындардың сынына ілінді.
Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер жоғары билік органдарына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен патша өкіметіне саяси қарсылық ретінде 14 мың адам қол қойған атақты «Қарқаралы петициясы» жазылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет