1894 – 1938 ғалым, ұстаз, публицист



бет1/4
Дата14.05.2024
өлшемі14,83 Mb.
#202127
  1   2   3   4
Байланысты:
С. Кожанов. слайд





(1894 – 1938)
ғалым, ұстаз, публицист.


АЛАШТЫҢ АЙБАТТЫ ҚАЙРАТКЕРІ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы» 02.02.2024 жылғы №511-315 қаулысына сәйкес «№64 мектеп-лицей»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Сұлтанбек Қожанов есімі берілді.
Қара басыңның қамы – жұртқа азық болмайды. Заманды жөнімен жақсылап түсінбек ләзім. Жұрттың кезекті істерін жарыққа шығаруды көздемек керек.

Сұлтанбек Қожанов
Сұлтанбек Қожанов 1894 жылы Шымкент облысының Түркістан уезіне қарасты Ақсүмбе аулында кедей-шаруаның отбасында дүниеге келді. Жастайынан оқуға ынталы, елгезек Сұлтанбек Түркістан қаласындағы орыс-түзем мектебін бітіріп, соңынан сондағы қалалық үш жылдық училищені үздік аяқтады. 1913 жылы Ташкенттегі оқытушылар саминариясына түседі. Осы күннен бастап, ол үлгілі оқумен қатар елдің жоғына көңіл бөлетін, халықтың жағдайымен санасатын қамқоршы азамат болып қалыптаса бастайды.
Сұлтанбек Қожановтың
қоғамдық-саяси қызметі
1913-1917 жылдары Ташкенттегі мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, қазақ жастарынан құралған астыртын «Кеңес» атты ұйымын құрады.
Үйірменің баспасөз органы «Бірлік туы» газетінің алғашқы редакторы М. Шоқай болса, С. Қожанов редактордың орынбасары әрі жауапты хатшы, кейін редакторы болып қызмет істеген
1917 жылғы қарашаның 26 күні Қоқан қаласында Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезі Түркістан мұхтарияты (автономиясы) атты ұлттық үкімет жариялауға үлесін қосты. Осы съезге және желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялаған Орынбор қаласындағы ІІ Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысқан С. Қожанов алаштық идеяны іске асыруға белсене араласты.

1918 ж.

Ташкенттегі Қазақ педагогикалық училищесінде мұғалім

1919 ж.

қалалық білім беру уездінің инструкторы

1920 ж.

Түркістан Орталық атқару комитетінің орынбасары

1920-1921 жж.

1920-1921 жылдары ішкі істер қызметі

1921-1922 жж.

Түркістан республикасның халық ағарту комиссары

1922 ж.

Түркістан Республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары

1923 ж.

Түркістан Республикасы өңірлік сьезіне делегат

1924 ж.

Бүкілресейлік Кеңестер сьезінің делегаты, Түркістан Орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары

1924 – 1925 жж.

Қызылордадағы қазақ өлкелік комитетінің хатшысы

1925-1926 жж.

БК/б/П ОК ұлт республикалары мен облыстары бойынша жауапты нұсқаушысы

1929-1931 жж.

Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтының алғашқы директоры

1931-1932 жж.

Орта Азия мақта орталығы басқармасының төрағасы

1933-1934

КСРО ХКС мақта тобы басшысының орынбасары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет