С.Қожановөміріндегі маңызды оқиғалар Оқу-ағартушылық қызметі 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Қожановтың бастамасымен Ташкентте «Бірлік туы» баспа серіктестігі құрылып, «Бірлік туы» газеті шығарыла бастады. Алғашқы екі саны М.Шоқайдың басқаруымен, қалған сандары 1918 жылдың мамыр айына дейін Қожановтың қол қоюымен шықты. Газет Оренбург қаласында шығарылатын «Қазақ» газеті бағытында шығарылып тұрды. Қаржының тапшылығына орай бұл газеттің шығарылуы тоқтатылды. Газеттің өзі және қызметкерлердің құрамы Ташкентте орналасқан «Алаш» партиясының филиалы болды.
* Қожанов қайратты, мықты қайраткер, білікті ұстаз ғана емес, ол ғалым, алғыр публицист, білімді журналист, дарынды ақын, алымды аудармашы, сезімтал әдебиеттанушы. Көптеген маңызды мақалалар, өлеңдер, толғаулар, эссе «Ак жол» газетінде (1920-1925 жж.), «Шолпан» журналында (1923 ж.), «Бірлік туы» газетінде (1917-1918 жж.),тағы басқа басылымдарда «Замандас», «Тарлан», «Тоқпақ» деген лақап аттармен шыққан. Cұлтанбек қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы «Есептану құралын» жазды. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі. Бұл оқулық қазіргі балаларға да пайдалы болар еді. Тұғыры биік тұлғаның отбасы Сұлтанбектің әкесі кедей, тоқсаннан асқан Қожанды адам жүрмейтін айдалаға апарып тастаған жерінен жерлестері жасырын қайтып әкеліп, баққан.
Сұлтанбектің інілері Раис, Қамар, Сәрсекей, Сейділдә қарындастары Бзау-апа, Бибираль, басқа ағайындары қуғын-сүргінге ұшырады. Артында қалған жылдар қорлығына қарамай Қамар – жақсы мұғалім, Сейділдә – атақты шахтер болды. Сұлтанбектің зайыбы Қожанова Гүләндам Мұңайтпасқызы (1901-1990 жж.) 1901 жылы Қызылорда қаласында туған, ұлты – қазақ. 1938 жылдың 29 мамырында КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 14 қыркүйегінде Ташкент қаласының түрмесінен әкелінген. Карлагтан 1945 жылдың 6 қазанында босатылды.