19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Рахова Багит Амандыққызы Санаты: IІ пәні: Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы



Дата25.12.2016
өлшемі42,41 Kb.
#5067
түріСабақ
19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Рахова Багит Амандыққызы Санаты: IІ Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова. Жылу Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету. Баланың анаға деген махаббатын суреттеу, анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту. 3. Анаға сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, түсіндіру Көрнекілік: автор туралы бейне жазба, интерактивті тақта, Технология: СТО стратегиялары

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық : «Күн шуағы» Қол ұстасып бәріміз Жылылықты сезейік. Күндей болып әрқашан Күлімсіреп жүрейік !

II.Үй тапсырмасын тексеру Қайқауастың «Ата- ананы құрметтеу туралы» тақырыбындағы мәтіндегі бөліктерден өзіңе ұнағанын жаттап келуге, «Ата- ананы құрметтеу» тақырыбында өз ойын жазып келуге бердім. Үй тапсырмасын пысықтау. 1. Қабуснама деген не? 2. Ата-ананы құрметтеу. 3. Ата-анаңды ренжітуші болма. 4. Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.

III.Жаңа сабақты меңгерту. Сабақты Қазыбек бидің даналық сөзімен бастағым келіп тұр. Құт берекең атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. - Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады? Анамызға. Бүгінгі сабақта біз Фариза Оңғарсынованың аналарымызға арналған «Жылу» атты өлеңімен танысамыз. Мақсатымыз ең қымбат адам – «Ана» екендігін түсініп, оның мейірімі мен жақсылығын түсініп оған қамқор болу керек екенін ұғынамыз. Кіріспе сөз: (Интерактивті тақта арқылы Фариза Оңғарсынова жайында бейнежазба көрсетіледі. 1минут үнсіздік. Еске алу).

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 25 желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітіріп, мұғалімдік қызметті атқарып, газеттерде тілші, журналдың бас редакторы, халық жазушысы, парламент депутаты болған адам.

Халық жазушысы, поэзия падишасы, ақын Ф. Оңғарсынова қазір арамызда болмасада «Өз даусымен оқыған өлеңін» тыңдайық.



IV.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Өлең кім туралы айтылған? Ана. 1жолы: Ана құшағы. 2жолы: Ана жанары. 3жолы: Ана сүті. 4жолы: Ана жылуы.

V.Сөздік жұмысы. Өң – бет, ажар, түс Жалғанда - дүниеде Ғұмыр – өмір. Сөздеріне түсінік беру.

VI. «Сұрақтар шеңбері». Кестемен жұмыс.

Сұрақтар

Берілген сөз

Қандай?

анам /айдай/

Кімнің?

құшағы /оның таң мекен/

Қандай?

жанары /күн көзіндей/

Кімнің?

сүті /нәрлі/

Ненің?

Нұры /күн нұрымен арайлы/

Осыдан шыққан тіркестерді қатыстырып сөйлем құра.

VII.«Мәселені болжау» стратегиясы. Суретпен жұмыс. Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар? 1.Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады? 2.Ана мейірімі туралы не дейсің? 3.Ана сүті ше? 4.Ананың алақаны қандай?

VIII.Сергіту сәті. «Қызыл өрік».

IХ.Топтық жұмыс. «Ойлан – жұптас – талқыла»

І топ: Ана деген кім? Ол қандай адам? ІІ топ: «Менің анам» тақырыбына ой-толғау ІІІ топ: Даналық сөзден –дән ізде» демекші, ана туралы мақал-мәтелдер жазу. IV топ: «Өлең ұйқастыру» стратегиясы. ------------------- сыйлаймын ------------------- тыңдаймын ------------------- аламын ------------------- баламын. Х. Сабақты қорыту. Өлең неліктен «Жылу» деп аталған? Күннің шуағы –жылы, Ананың құшағы –жылы.

Модель қорғау: Ана – Күн. Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы.

Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді, Ақтамасам боп жүрмін несіне адам. «Фариза қыз» әнімен аяқтау.



ХІ. Үйге тапсырма. Ф.Оңғарсынованың «Жылу» өлеңін жаттау. «Менің анам» тақырыбына әңгіме жазып келу. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет