ХХ ғ. екінші жартысындағы Батыс Европа елдері
Ұлыбритания
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарлары. Гитлерге қарсы қарсы одақтың мүшесі ретінде Ұлыбритания соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингкке теңелді. Оның үстіне Ұлыбритания өзінің сыртқы қаржы активтерінің көбінен айырылып, АҚШ пен өзінің доминиандарының борышкеріне айналды. Бұл екіжақтылық жағдайын Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министр У. Черчиль "Триумф және қасірет" деп аталатын.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына лейбористік және либералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет тарады да, 1945 ж. шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлық және лейбористік партиялар арасында билік үшін күрес қайта басталды. Әдетте олардың екеуінің бірі жеңеді. Бұл саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда жеңіс лейбористер жағында болды.
Лейбористік үкімет. 1945-1951 жж. Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама "Болашаққа бетбұрыс" деп аталады. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жеңіліс тапты. Лейбористерді жақтап 12 млн дауыс берді олар қауымдар палатасындағы орындардың үштен екісіне ие болды.
Лейбористік партия өз уәделерін негізінен орындады. Үкімет Ағылшын банкін, көмір және газ өнеркәсібін, электростанцияларды, телеграф пен радио байланысын, азаматтық авиацияны, су және теміржол транспортын, ішінар қара металлургияны мемлекет қарамағына алды. Мемлекеттендіру сатып алу жолымен іске асырылды. Шаруашылықтың бұл салаларында жалдамалы жұмыскерлердің 20% - дейін жұмыс істейтін. 1946 ж кәсіподақтарға қарсы 1927 ж қабылдаған жазалаушылық заң жойылды. 1945-1948 жж жұмыс қабілетін жоғалтуға, кәсіби науқастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттыққа байланысты және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитін әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді жүйесі іске асырылды.10 млн-нан аса жұмсышылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948 ж ұлттық денсаулық сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесін еңгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды. Лейбористік партия бірітіндеп реформалау жолымен Ұлыбритания "демократиялық социализмге" өтеді деп есептеді.
Консервативтік үкіметтер. 1951-1964жж. 1951 ж қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчилль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 ж сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, "әл-ауқаттылық мемлекеті" идеясына қолдау көрсетті. Консервативті партия үкімет басында 13 жыл отырды. Ол өзінің өзгерген жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілеттілігін көрсетті. 1962ж теңдестірілген экономикалық даму бағдарламасын жасау үшін экономикалық дамудың Ұлттық кеңесі құрылды. 1964ж болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да айқын басымдылық берген жоқ. Екеуі де 12 млн дауыс алды, бірақ лейбористердің бағы жанып, сәл ғана бамсымдылыққа ие болды.
Г.Вильсонның үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 ж парламент түңғыш "ұлттық бесжылдық экономикалық жопарды" қабылдады. Жоспарды орындау үшін Г.Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің "Ниеттер туралы декларация" атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын "ақылға сыйымды" мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 ж кейін үкімет оны күштеп "қатыруға" кірісті. 1970 ж парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э.Хиттің экономикалық саясаты (1970-1974). "қалай болғанда да" өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру және экономикалық дамытуды тездету бағытын іске асырды. Хиттің тұсында Ұлыбритания ЕЭБ-ге мүше болды. "бағалар мен табыстар саясаты" бұрыңғыдан да қатал нұсқада қабылданды, баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестіруші аппарат құрылды. "Өнеркәсіптегі қатынастар туралы" кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК пен оған кіретін кәсіп одақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қауыпі төнді, Хит баспасөз бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін қолдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана көпшілікпен 1974 ж 28 ақпандағы сайлауда лейбористер жеңіске жетті.
Премьер-министр Г.Вильсон (1976 ж оның орнына Д.Ж. Каллаген келді) басқа жоспар мен "бағалармен табыстар" саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон – Каллагэн үкіметінің (1974-1979) саясатының негізгі желісі "әлеуметтік келісім", яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды. Ол бойынша кәсіподақтар жалақыны арттыру туралы талаптарды (жылына 5%) қойғызбайды, ал үкімет бағаларды ұстап турады және еңбекшілердің мұдделеріне жауап беретін келісілген реформалар жүргізуге тиісті болды. "Шарттың" күші 1978 ж күзіне дейін сақталды, 12 млн мүшесі бар ТБК съезі шартқа қарамастан, нақты жалақының кемуіне байланысты, оны қабылдамай тастады.
"Маргарет Тэтчер дәуірі". Консервативтік үкіметтер. 1979-1997 ж.ж
1979 ж сайлауда жеңіске жетуден бұрын консервативтік партия дағдарыстан шығудың "Дұрыс жол" атты бағдарламасын жасап, партияның жаңа басшысы етіп Маргарет Тэтчерді сайлады. Консервативтік партияның бағдарламасында дағдарыс және инфляцияға қарсы күрестің неоконсервативтік нұсқасы жасалған болатын. "Жаппай жұмыспен қамтамассыз ету", "әл-ауқатты мемлекет" және бюджет дифициттігі туралы бұрыңғы идеялар лақтырылып тасталды. Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат "тетчеризм" деген атақ алды. Біріншіден, қатаң монетарлық саясат, яғни айналымдағы ақша көлемін шектеу, шығындарды азайту саясаты басталды, бұл инфляцияны азайтты, бірақ жұмыссыздықты арттырды.
80 – ші жж қатаң монетарлық саясат жүргізу нәтижесінде инфляцияны азайтып, инвестицияларды көбейтуге жағдайлар туды. Нәтижесінде бұрыңғы онжылдықтағы тоқыраудың орнына Ұлыбритания өндірісті дамытуда секіріс жасап, еңбек өнімділігі жағынан Еуропалық капиталистік елдердің бәрін басып озды.
Үкімет тиімділігі аз немесе шығынды мемлекеттік секторды жеке меншікке сату жолымен оларды ұстап тұруға жұмсалатын мемлекеттік шығындар ауыртпалығынан құтылды. Жекешелендіру бюджетке 28 млрд фунт стерлинг түсірді. Миллиондаған адамдар фирмалар мен кәсіпорындардың акционерлеріне айналды. Акция ұстаушылардың саны елдегі ересек адамдардың 7%-нен 25%-ке дейін өсті. Жекеменшіктің қатынастарды нығайтудағы Тэтчер үкіметінің жүргізген екінші бір шарасы муниципалитеттер мен қалалардың тұрғын-үй қорларын жеке меншікке сату болды. 80 жж 4,1 млн отбасы жеңілдіктер бойынша пәтерлер мен үйлер сатып алды. 1990 ж отбасылардың 65% (20млн) жекеменшік үйлері болды. Британ қоғамын кейде үштен екісін орта тап құрайтын қоғам деп атайтын болды. Бірақ халықтың үштен бірі – жұмыссыздар, жеке басты аналар, науқастар, мүгедектер, білімі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды. Консерваторлар мемелекеттік әлеуметтік көмектің бұл саласын сақтап қалды.
Кәсіподақтармен арақатынас барлық британ үкіметтері үшін күрделі мәселе болып келді. Тэтчер бұл мәселеде консервативтік партияға тән әдеттегі қатаң бағыт ұстанды.
Пайдасыз шахталарды жабуға қарсы шыққан шахтерлердің, технологиялық жағынан ескірген өндіріс салаларындағы жұмыс орындарының сақталуын талап еткен почта кызметкерлерінің, полиграфистердің ереуілдері дөрекі күш қолдану жолдарымен басылды. Корпоративтік әрекет үлгісінің орынан бизнеске қолдау көрсету және экономикалық процестердің рыноктық-қаржы қатынастары арқылы өздігінен реттелуіне басымдылық берудің жаңа мемелкеттік саясат жүйесі келді. Жекеменшік секторды, рыноктық механизмдерді және инвестициялық саясатты белсінділендірудің нәтижесінде 80-жж 2,5 млн таяу жұмыс орындары құрылды.
Британ бизнесінің белсенділігінің артуына Ұлыбританияның 1973 ж Еуропалық экономикалық бірлестікке мүше болуы да белгілі мөлшерде әсер етті.
Консервативтік партия 1983, 1987, 1992 жж парламент сайлауларында жеңіске жетіп, 16 жылдан аса уақыт мемелкет басқаруды үшін рекорд болды!
Бірақ М. Тэтчер тұсында жаңа мәселелер бой көтерді, солардың нәтижесінде ол консервативтік партиясының басшысы қызметінен түсті де, партия келесі сайлауда жеңіліс тапты.
1997 ж мамырдағы парламент сайлауында барлық қарсылыстарын артқа тастап, үлкен басымдылықпен лейбюористер жеңіліске жетті. Олардың басшысы Этони Блеэр үкімет құрды.
Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер. 1921 ж. Ирландия Республикасы құрылғаннан кейін Ұлыбритания өзінің құрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар құрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын алып қалған болатын. Екі діни қауымның арасында қарым – қатынастар әдетті дау – дамайлы болып келетін. 1968 ж католиктік азшылықтың азаматтық құқықтар үшін қозғалысы басталды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде таппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Ұлыбритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияның республикалық армиясы, жасырын экстремистік ұйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жан –жалды шешу жөніндегі әрекеттері бүлікшіл графстволарға тыныштық әкелмеді. Католиктермен протестанттар арасындағы қақтығысулар жалғаса берді. 1998 ж мамырда Ольстердегі теке тіресті тоқтату және өзінің өзі басқару сайлаулы органдарын құру туралы келісімге қол жетісті.
60-80 жж Шотландия мен Уэльсте ұлттық және мәдени автономия үшін қозғалыс жандана түсті. Шотландия мен Уэльстегі 70-жж өткізілген референдумдар автономиялық басқаруды беру жоспарын қолдамады (бұл процесс "деволюция" деп атанды). Бірақ 1978 ж "деволюция жоспары" Шотландия мен Уэль халқының қолдауына ие болды.
Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатнасатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарына әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық "концертте" "бірінші скрипка" рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: "дүниежүзінің тағдырына жауапкершілік" ролі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды.Оның ерекше орны мына үш жақты ролмен анықталды: Ұлыбритания халықаралық аренада АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминииондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танылмалы еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары "ерекше қатынастар" – бағыныштылық пен қаржы – қаражат саласындағы тәуелділік қатынстары орнады.
Құрлықтық Еуропамен белгілі бір дәрежеде менсінбеушілік пен салқындық қатынастары орнады. Бірақ Ұлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ). Ұлыбритания Франицияның ГФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен қарады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың "троян аты" деп есептеді. Бұл 1973 ж Францияның Ұлыбританияның Еуропалық экономикалық бірлестікке кіруіне тосқауыл қойып келген себептерінің бірі ғана.
Ұлыбританияның ядролық қаруға байланысты ерекше ұстынымда болып келді. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, Ұлыбританияның өзінің ядролық үштігіне иелік жасау, тіпті болмағанда, Фрацияға тек ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады.
Ұлыбритания Корея соғысына, БҰҰ мен АҚШ-тың басқа да әрекеттеріне қатысты.
Ұлыбританияның 1991 ж Маастрихттегі батысеуропалық бірігу процестері мен XXI ғасыр басындағы саяси, экономикалық және валюталық одақ құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ саясатының атлантикалық бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның КСРО мен социалистік елдерге қатынасы бірқалыпты, ұстамды болып, әрине, кейде дипломатиялық жанжалдар да болып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |