У. Черчиллдің АҚШ-та сөз сөйлеуі. Әдетте тарихи еңбектерде АҚШ пен Батыс елдерінің сыртқы саясат бағытының өзгеру уақытын Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі У. Черчелльдің 1946ж. 6 наурызда университеттік қала Фултонда американ президенті Г. Трумэннің қатысуымен сөйлеген сөзінен басталды деп есептеу қабылданған. Г. Трумэннің қатысуы бұл оқиғаларға ерекше мән беруге тиіс болды. Өйтпеген күнде президентке мазмұнымен алдын-ала танысқан сөзді тыңдау үшін АҚШ-тың тура орталығында орналасқан қатардағы қалашыққа ұшып барудың не қажеттілігі бар еді? Осы кезде АҚШ-тың қысымымен Канадада кеңес агенттерінің үстінен сот процесінің басталғандығы да кездейсоқ емес-тін. У. Черчелльдің Фултондағы сөйлеген сөзі «қырғи қабақ соғыстың» басы деп есептелінеді.
У. Черчелльдің «темір тор» Шығыс Еуропаны Еуропалық өркениеттен бөліп тастады, сондықтан да англосаксондық дүниенің коммунизм қаупі алдында бірігуі қажет деп мәлімдеді.
Екі ұлы мемлекеттің мүдделерінің қарама-қайшылықтары одақтастардың соғыстан кейінгі мәселелер туралы шешімдерін іс жүзінде асыру кезінде, әсіресе поляк шекаралары, поляк үкіметінің құрамы, Германиядағы реттеу т.б. мәселелерде көрініс берді. Шығыс Еуропа елдеріндегі билік басына коммунистік партиялардың орнығуы, Грекиядағы партизандар қозғалысы және басқа да сыртқа саяси оқиғалар АҚШ тарапынан коммунизмнің күшпен тартылуы деп бағаланды. Осыдан келіп АҚШ –тың коммунизмді «тоқтату» және «артқа шегіндіру» туралы сыртқы саясат доктриналары пайда болды. Кеңес насихаты да қарап қалған жоқ, американ империализмнің басқыншылық саясатын әшкереледі.
Жанталаса қарулану екі ұлы мемлекет пен олардың одақтастарының қарам-қарсылығы мен мүмкін болатын қақтығыстарының маңызды саласына айналды. 1945 ж. тамызда Хиросимаға тасталған атом бомбасы тек Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы актісі болып қана қоймай, сонымен бірге «қырғи қабақ соғыстың» бірінші актісі болды, содан соң «шақыру-жауап», «қалқан-семсер» принципі бойынша жанталаса қарулану басталды деген пікір бар.
КСРО атом бамбасын жасауды жеделдетті. Оның бірінші сынағы 1949ж. табыспен аяқталды. АҚШ сутегі бомбасын 1952 ж. сынақтан өткізсе, КСРО оны бір жылдан соң іске асырды. АҚШ стратегиялық бомбалаушы самолеттер жасаса, КСРО құрылықаралық ракеталар жасап шығарды. Екі дүниенің соғыс өндірісінің әртүрлі салаларындағы жарысы осы елдердің басшыларының жауынгерлік зарядтардың көлемінің қорғаныс қажеттерінің асып кеткендігін түсінгендерінше созылды. Жиналған бомбалар саны жер шарын бірнеше рет жойып жіберуге жететін болып шықты.
Соғыс – саяси одақтарын құру да екі ұлы мемлекетің «жарыс» саласына айналды. Бұл АҚШ-тың «коммунистік қысым» көрсетіліп тұрған Грекия мен Түркияға 1947 ж. басында көрсеткен соғыс-материалдық көмегімен басталды.
Батыс Еуропа елдерінде миллиардтаған көмек көрсету жөніндегі «Маршал жоспары» Еуропадағы капитализмнің іргетасын нығайту мақсатын көздеді. КСРО мен басқа социалистік елдер американ империализіміне тәуелді болудан сескеніп, бұл көмектен бас тартты.
1949 ж. Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) құрылды, ол алғашында өз мақсаты – Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады. ГФР НАТО-ға 1955ж. қосылды. 1955ж. КСРО басшылығымен екінші соғыс – саяси одақ – Варшава Шартының Ұйымы (ВШҰ) құрылды.
Сөйтіп, екі ұлы мемлекеттің теке терісі екі соғыстық-саяси одақтың қарсы тұруына айналды. Теке теріс логикасы дүниені күннен-күнге болашақ ядролық соғыс қаупінің тұңғиығына тарта түсті.
«Қарғи қабақ соғыстың» екінші бір маңызды белгісі – ол дүниежүзінің және Еуропаның екіге бөлінуі еді. 1948 ж. Орталық жіне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне коммунистік режимдердің орнауына және 1949 ж. қазанда Қытай революциясының жеңіске жетіп, ҚХР-дың құрылуына байланысты «дүниежүзілік социалистік лагерь» негізінен қалыптасты. «Екі лагерь» шекарасы Еуропада (ол кезде дүниенің бітіспес екі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінуін солай атаған болатын) Германияның территориясы арқылы батыс пен шығыс оккупациялық аймақтарының аралық сызығы бойынша, ал Қиыр Шығыста Кореядағы 38-параллель бойынша және Оңтүстік-Шығыс Азияда Въетнам арқылы өтетін болды. Бұл жерде 1946ж. бастап жапон басқыншыларынан өз күшімен азат болған Въетнам Демократиялық Республикасына қарсы француз әскерлері соғыс жүргізіп жатты.
Екі ұлы мемлекет тікелей соғыс қақтығысына бармағандарымен (бірін-бірі ядролық соғыста жойып жіберу каупі тежеді), қарулы қақтығыстар орын алды және олардың ішіндегі «қырғи қабақ соғыстың» «ыстық» соғысқа айналып кете жаздаған қауіпті кезеңі корея соғысы (1950-1953) болды.
Достарыңызбен бөлісу: |