19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет127/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Экономикалық жаңарту. Францияның ұлылығын қалпына келтіру жөніндегі өз идеясын іске асыра отырып, де Голль экономиканы жаңартудың кең жоспарын іске асырды. Жалпы ұлттық маңызы бар салалардағы (көмір шахталары, металлургия кәсіпорындры, көлік, электростанциялары т.б.) мемлекеттік кәсіпорындар қызметі министрліктер тарапынан қатаң реттелінді. Дәл осы мезгілде жаңарту жеке кәсіпкерлердің алдына мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесе отырып және мемлекет тарапынан көрсетілетін ұйымдастырушылық және қаржылай көмекке сүйене отырып, самолёт құрылысын, атом энергетикасын, космостық техника мен ракета құрылысын түбегейлі өзгерту міндетін қойды.

Франция экономикасын терең құрылымдық өзгерістерден өткізді, техникалық жаңартуды іске асырып, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін орташа батысеуропалық деңгейден асырда.

Ауыл шаруашылығында маңызды өзгерістер орын алды. Франциядағы бұрынғы ұсақ және жері аз шаруалардан фермерлік қалыптасып, кооперативтік қозғалыс нығайды, оларға мемлекет тарапынан елеулі көмек көрсетілді. Ауыл шаруашылығының құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол ауыл шаруашылығына қызмет ететін өндеуші және басқа да өнеркәсіппен тығыз байланысты қазіргі заманғы тауарлы фермерлік өндіріске айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет