«Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі алып мемлекет – КСРО мен АҚШ соғыс және эконосикалық жағынан ең қуатты елдер ретінде дүниежүзінде орасан зор ықпалға ие болды.Дүниенің екі жүйеге бөлінуі және екі ұлы мемлекеттің саяси бағыттарының түбегейлі қарама-қарсылығы сол кездегі халықаралық жағдайға әсер етпей қойған жоқ. Екі елдің идеологиялық теке тіресі халықарлық аренада дұшпандық атмосферасын туғызды, бұл елдердің ішкі өмірлерінде жау іздеуге әкеп соқты. Екі елде де басқаша ойлау қастандық әрекеттерінің көрінісі деп бағаланды. Нәтижесінде АҚШ-та «маккартизм» сияқты жексұрын құбылыс – азаматтарды Америкаға қарсы бағытталған қастандық әрекеттер жасады деген күдік негізінде қудалау орын алды. КСРО-да соғыс кезінде тұтқынға түскендерге, «іріп-шіріген батыс алдында бас июшілерге» т.б. қарсы жазалау әрекеттері қызу жүріп жатты.
Екі ұлы мемлекет қарама-қарсы екі дүние және қатаң қарсы тұру тұжырымдамасын ұстады. Ықпалды американ журналисі бұл қақтығыстарды «қырғи қабақ соғыс» деп атады.
Баспасөз бұл сөз тіркесін қағып әкетіп, ол 80-жж. аяғына дейінгі халықаралық қатынастар жағдайының сипаттамасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |