Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университет
Жоспар
1.Әлеуметтік институт және оның түрлері.
2.Діннің қоғамдағы әлеуметтік институт ретіндегі рөлі.
3. Діннің құрылымы мен әлеуметтік функциялары.
4.Қәзіргі Қазақстандағы діни ахуал.
5.Қорытынды.
. 1.Әлеуметтік институттар-жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен топтардың әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін білдіреді. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады. Әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар,мемлекет);- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалықинституттар, өндіріс);- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлардаярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетінқажеттіліктер (дін институты).
. 2.Дін қоғамдағы әлеуметтік институт ретіндегі рөлі.Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез‑құлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді.Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
.
3.Діннің негізгі функциялары:-Дүниетанымдық-Адамға діннің пайда болуы мен мазмұнын түсіндіреді-Құндылықтарға баулу -Адамшылық құндылық- тардың қайнар көзі-Регулятивтік -Діни идеялар құндылықтарды адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді.Діннің функциялары:• 1) әлеуметтік функциясы – дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.• 2) адамгершіліктік функциясы – дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.• 3) компенсаторлық – адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.3 Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден тұрады.Діни санадан; 2.Діни мінәжаттан; 3. Діни ұйымдардан.
Діннің құрылымы:Діни сенім,Діни идеология, Діни ілім,Діни сана,Діни қызмет,Діни ұйымдар
4 Қазақстан жеріндегі дін тарихы
Зороастризм храмы Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні — Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды.Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі —Заратуштрашылдық немесе зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпен аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы — дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани—тәндік, пайдалы—зиянкес, адал—арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі — Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған.Тәңірлік дініТәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек.
.
5.Қорыта келе, дәстүрлі діндердің қоғамдағы әлеуметтік функциялары — қоғамның рухани бірігуі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, адамдардың бір-біріне деген мейірімді болуы, адамгершілік нормаларының сақталуымен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып саналады. Діннің осы бір құндылықтарын ұстана отырып, әрбір халық өз елінде тыныштық пен татулықты сақтау тиіс.Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.2. Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институттану деп аталадыӘлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады. Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар: бала туу, өсуі (отбасы және неке институты); қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет); тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс); білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар); рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).
.
Әдебиеттер:
Русь Ю.И., Степанов В.Е. «Социология». – Москва, 2005. – 345-350 бет.Ғабитов Т., Құлсариева А., Әлімжанова Ә. «Мәдени-философиялық энциклопедия». – Алматы,Айталы А. «Дін дүние діңгегі». «Жас қазақ үні». – № 17 (338) 29.04. – 2008. – 3-4 бет.«Социально-гуманитарные». – №3, 2011. – 4-5 бет.