70-80 жж. әскери режимдердің жаңару саясаты. Чилидегі 1973 ж. солшыл күштердің жеңілісі Латын Америкасындағы жалпы жағдайға әсер етті. Оңшыл күштер басқа елдерде де шабуылға шықты. 70 ж. ортасына қарай аймақтың көпшілік бөлігі жазалаушы әскери диктатуралардың биліктерінің қол астына көшті (Бразиля 1964 ж., Парагвай, Орталық Америка елдерінің көпшілігі). Бірақ экономикалық саясатта елеулі өзгерістер орын алды.
Аймақтың көптеген елдерінің билеуші топтары «еркін рыоктік экономиканың «жаңалибералдық» экономикалық концепцияларын басшылыққа алды. Экономиканы дамыту мен жаңғырту жеке кәсіпкерлік пен еркін сауданың жетекшілік рөлінің артуымен (либералдандыру), мемлекеттік сектордың қысқаруы мен мемлекеттің экономикалық қызметтерінің шектелуі, қолдаушылықтан бас тарту, шетел капиталистерімен белсенді түрде ынтымақтастықпен ұштастыра жүргізілді.
Шетелдерден қарыздар мен несиелердің көл-көсір болып ағылуы сыртқы қарыздардың шексіз өсуіне алып келді (1970 ж. 20 млрд. доллардан 80 жж. 400 млрд. долларға дейін). Алынған қаржылар көбінесе тиімсіз пайдаланылды: мәртебе асыратын мақсаттарға, қару-жарақтар сатып алуға, билеуші топтың жеке бастарының баюына жұмсалды.
Диктаторлық режимдердің әлеуметтік-экономикалық саясаты және олардың салдарлары қоғамда күшті наразылық пен шиеленіс туғызды, жағдай 1980-1982 жж. экономикалық дағдарысқа байланысты күрделене түсті. Бұған демократиялық бостандықтардың жоқтығы, адам құқықтарының бұзылуы, жаппай қуғын-сүргінге байланысты наразылықтар қосылды. Диктаторлардың көмегімен өз позицияларын нығайтып алған билеуші топтар басқарудың либералдық-демократиялық түрлеріне көңіл бөліп, әскерилердің билігінен бас тарта бастады.
80 жж. барысында әскери-диктаторлық үкіметтер бірінен соң бірі сахнадан кетіп, орындарын конституциялық үкіметтерге беріп, демократиялық бостандықтар қалпына келтірілді. 1983 ж. Аргентинада, 1985 ж. Бразилия мен Уругвайда іске асты. Оңтүстік Америкада ең соңғылары болып генерал Стесснердің 35 жылға созылған парагвайдағы диктатурасы (1989) және генерал Пиночеттің диктатурасы (1990) құлатылды. Осы кезде конституциялық режимдер Орталық Америкада да жеңіске жетті.
90 жж. соңында Латын Америкасында экономикалық жағдай өте тқмендеп кетті. Алдымен Мексика, одан соң Бразилия ауыр қаржылық дағдарыс аймақтарына айналды.
Куба 900 ж. Экономикасы бақайшасына дейін мемлекеттендірілген және үкімет билігі көп жылғы мызғымас көсем Фидель Кастро бастаған партиялық-мемлекеттік билеуші топтың қолына шоғырланған, «тоталитарлық социалистік» режим салтанат құрған Кубаның дамуы ерекше болды.
Достарыңызбен бөлісу: |